«Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік пән бірлестігінде қаралды



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі35,77 Kb.
#91460
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
robot neg zder


«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Жаңақала мектеп-гимназиясы» КММ
«Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік пән бірлестігінде
қаралды (хаттама №1 «23» тамыз 2017 ж.)
Мектеп-гимназия директоры Директордың бейінді оқыту жөніндегі Бірлестік жетекшісі
___________(Л.Кожахметова) орынбасары _____________А.Жардемова _______________(Г.С.Боранбаева)
«28» тамыз 2016 жыл
«РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІ»


ФАКУЛЬТАТИВТІК КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
(2017-2018 оқу жылы)
Сынып: 7, 9
Мұғалім: Насымбаева Анар Ураловна
Барлығы: 34 сағат, аптасына 1 сағат
Бағдарлама авторы: аворлық бағдарлама

Тамыз кенесінің информатика пәні мұғалімдер секциясында қаралып, аудан педагогтарына таратуға ұсынылды.


Хаттама №__ 18.08.2017ж
Құрастырушы:
Насымбаева А.У. – Жаңақала гимназиясының бірінші санатты информатика пәнінің мұғалімі


Рецензенттер:
Джумагельдина Г.С. – Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі.

«Робототехника негіздері» авторлық бағдарлама 6-9 сынып оқушыларына ұсынылып отыр. Бұл курсты «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» бірінші, екінші деңгей бағдарламасынан кейін немесе алғашқы, бастапқы етіп қолдануға болады Бағдарлама барысында оқушылар робот ұғымдарымен, алғашқы жіне күрделі қадамдарымен, бағдарламалау ұғымымен, робот жарыстарымен анысады.


Бағдарламада теориялық білім мен қатар практикалық жұмыс жасау, есептер шығару, өз бетінше робот программалар құру сияқты әрекеттер қарастырылды.
Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.
Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.
Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.


Түсінік хат


Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.
Оқушылар курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімімен дағдыларын кіріктіре отырып, роботтехникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.
Курста LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлардың 45544 және 45560 жинақтары пайдаланылады.
Тындаушылар E3-дің бөлшектерімен, датчктерімен, олардың жұмыс жасау принциптерімен танысады. Әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларға арнайы бағдарлама жазады. «Сызық» бойынша жүру, «тіке» қозғалыс, «бұрлыстар», нысандды іздеу, нысанға дейін жүру және .т.б.с.с практикалық тапсырмалар қарастырылған. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар екі адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды, арнайы бағдарлама жазады. Курс мазмұнында роботтар жарыстары қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет