Тақырыбы: «Сандықты әшекейлеу»
Мақсаты:Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді құрастыру дағдыларын қалыптастыру, жеке бөліктерді жапсыруды үйрету.
Дид-қ ойын: «Сандықты әшекейлейміз»
|
Экология негіздері
Тақырыбы: «Топ жиһаздары»
Мақсаты: Топ бөлмелеріндегі жиһаздарды дұрыс атауды үйрету, оларға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Дид-қ ойын: «Жиһаздарды орналастыр»
|
Қазан айы, 2017жыл
Өтпелі тақырып «Менің отбасым»
Мақсаты: инновациялық технологиялар негізінде балалардың отбасы туралы білім, білік, дағдыларын дамыту. Отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынас пен оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Денаулық сақтау технологияларын қолдана отырып салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру жаттығуларын орындау қызығушылықтарын арттыру;
2. Отбасы, отбасындағы тұрмыс және халықтық дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
3. Танымдық-конструктивтік ойлау дағдыларын жан-жақты қалыптастыру;
4. Қоршаған ортадағы әсемдікті сезіне отырып, өз ойларын айта білуге, қиялдарын дамытуға ықпал жасау;
5. Отбасындағы салт-дәстүрлерді құрметтей отырып, рухани адамгершілік құндылықтарға баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |