Үстел-үсті ойыны: «Біздің өлкедегі үйлер»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Құсхананы
мекендеушілер»
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін
анықтау жəне кеңейту. Жанды нысанды сипатта білу дағдысын, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа қамқор, мейірімді көзқарасын тəрбиелеу.
Дид-қ ойын: «Туған өлке құстары»
|
Музыка
Тақырыбы:«Туған өлкем»
Мақсаты: Туған қаласына сезімін ән арқылы жеткізу. Хормен сөздер мен дыбыс-тарды таза және анық айтуға дағдыландыру.
Әуенді ырғақты қимыл:
«Сыр сұлуы» Ш.Қалдаяқов
Музыка тыңдау: «Сыр елім» (Т.Төрәлінің репертуарынан)
Ән айту: «Қызылорда» А.Еспенбетова
Ойын ойнау: «Алақанмен ән айтамыз» Музыкалық дидактикалық ойын
Сурет
Тақырыбы: «Достық үйі»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді салуға, ою-өрнекпен әшекейлеуге үйрету. Балаларды әдемілікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Үстел-үсті ойыны: «Достардың үйін құрастыр»
Аппликация
Тақырыбы: «Сыр ана» монументі
Мақсаты: Қайшына дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.
Шаршыны беттестіру тәсілімен үшбұрышты қиюды үйрету.
Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдануды үйретуді жалғастыру
Дид-қ ойын: «Туған өлке жәдігерлері»
|
ІІІ апта
«Астана-Отанымыздың жүрегі»
|
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1. Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өту.Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысу.
20-25см.биіктікке секіру.
Қимылды ойын:
«Мен Астанаға барамын»
2. Қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5-6доп арқылы кезекпен) аттап өту.Құрсаудан еңбектеп өту.
Ойлы-қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру.
Қимылды ойын:
«»Мегаға» кім бірінші жетеді? »
3. Еденнен 20-25см көтерілген баспалдақ тақтайдан аттап өту.Оң және сол қолымен көлдененінен нысанаға (2-2,5м.қаш-н) дәлдеп лақтыру. 20-25см.биіктікке секіру
Бөрене үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.
Қимылды ойын: «Бәйтерекке тез жет»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Астана- арман қала»
(сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі) сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолдана білуге үйрету. Дид-қ ойын: «Сүйікті қалаға саяхат»
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам, Ел ордасы - Астанам»
Мақсаты: Балалардың қала, ауыл және Астана туралы түсініктерін сурет бойынша тиянақтап, ой-өрісін дамыту. Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.
Дид-қ ойын: «Бұл қай қала?»
Орыс тілі
|