Бекітемін: Мектеп директоры А. Абеев " " 2022 ж



бет15/30
Дата29.05.2023
өлшемі1,53 Mb.
#177907
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
5 СЫНЫП ТАРБИЕ 2022-2023

Тәрбие сағаты

«Қазыбек бидің 355 жылдығы»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де, өскелең ұрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билер жайлы әңгімелеу

Құндылықтарды дарыту

оқушылады адамгершілік, имандылық және парасаттылыққа тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Тәрбие сағатымыз ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған, өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған "Қазақ билеріне" арналады.Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
· Төле би (1663—1759 жж.)
· Қазыбек би (1667—1764 жж.)
· Әйтеке би (1644—1700 жж.)



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Компьютер


Сабақ басы (13 мин)





Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би 1667 жылы Сырдария жағалауында дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбектің әкесі Келдібек те кезінде елді аузына қаратқан би болыпты.
Қазыбек есімі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде әйгілі болған. Қалмақ ханына елшілікке барғанда жасқанбай өз ойын жалынды сөздермен бұршақтай жаудырып, мірдің оғындай өткір сөздерімен жоңғар ханының аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алады. Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай «Қаз дауысты Қазыбек» деген ат береді.


«Кім жақын, не қымбат, не қиын?» 
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын –
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат.
Мейірімді апаң қымбат,
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын!



Компьютер

Ортасы (20 мин)



, «Би» деген атаққа әр қатар жан-жақты сипаттама беріп көрейік.
қоғам қайреткері сөзге шешен
БИ мәмілегер БИ ақынжанды
хан кеңесшісі кемеңгер
заңды жетік меңгерген от ауызды, орақ тілді
Би дегеніміз- халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.





Оқушыларға видеослайд көрсетіледі

Компьютер
Оқушылар кеспе қағазға ойларын жазады

Соңы



Дүниеде не өлмейді? Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді, жақсы сөз жерде қалмайды. Артына аталы сөз қалдырған, азаттық, теңдік, туыстықты ту етіп көтерген, қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де, өскелең ұрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рухтары одан әрі биіктей берсін!


комппютер


Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Д.Қонаевтың 110 жылдығы «Мақтан тұтар ұлы тұлға»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама - қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Д. А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған соң, Мәскеудегі түсті металдар институтын 1936 жылы тау - кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, Балқаш, Риддер «Алтай полиметал» кәсіпорындарында қарапайым инженерден бастап барлық еңбек баспалдақтарынан өте отырып, кәсіпорын басшылығы қызметтерін атқарған.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Алматы облысы және қаласы Димаш ата басқарған 11 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Туған қаласына Алматының ажарын кіргізіп тұрған «Қазақстан», «Алматы» қонақ үйлерін, Республика сарайын, Республика алаңы, Цирк, Неке сарайын, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, М. Әуезов атындағы драма театрын, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын, Пушкин кітапханасын, баспа үйлерін т.б, мәдени ошақтарын халық игілігі үшін бой көтерді.
Өтет кетед, бұл фәниден сан алып,
Тарих үшін емес олда жаңалық
Дінмұхаммед- Қонаев жай аты,
Шын аты оның мейірім мен Даналық


Дінмұхаммед- Ұлы түлға ардақты,
Дінмұхаммед-бар асылдан салмақты
Дінмұхаммед-күллі әлемге танылған
Кісіліктің шамшырағы жан-жақты


Атақ-даңқы аңыз болған талайға
Димекеңе баға беру оғай ма?
Ешкімге көмегін аямаған
Халқы сол үшін оны бағалаған.



Оқушылар өлең жолдарын оқиды



Компьютер

Ортасы (20 мин)



Д.Қонаевтың қалдырған нақыл сөздері
• Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.
* Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,
Жан таппайды екенсің.
• Әр заманың өз әні, өз сәні бар.
• «Биікке шықтым,бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».



Біз Қонаевты білеміз бе.?
1. Д.А.Қонаевтың туған жылы ,айы ?
Жауап: 1912 жыл 12 қаңтар.
2.Д.А.Қонаев қай қалада дүниеге келген?
Жауап: Алматы қаласы.
2. Д.А.Қонаевтың зайыбының есімі кім?
Жауап: Зухра Шәріпқызы.
4.Д.А.Қонаев қанша жасында қайтыс болды?
Жауап 82 жасқа қараған шағында.
5. Қонаевтың алғашқы бітірген оқу орны?
Жауап: 1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.



Компьютер

Соңы



Жесірге пана болды,
Жетімге жаға болды
Дінін сүйген дара болды,
Елу жыл елге аға болды. Қасиетті Балқаш мекенінің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өнуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бізді бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының алдында Димш атамыз елінің ардақты да, қадірлі перзенті болып қала береді.




комппютер





Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет