Бекітемін: Мектеп директоры: К. Б кильчабаев 20 ж



бет11/15
Дата08.02.2022
өлшемі41,25 Kb.
#124552
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лауазым миндеттери

Лауазымдық міндеттері

  1. МДБҰ тәрбиеленушілері өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау нұсқаулығының орындалуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  2. Балалар бакшасының бөлмелері мен аумағының санитарлық жағдайына бақылау жасайды, балаларды дәрігерлік тексеруге дайындайды, балаларды дәрігердің тексеруіне қатысады, балаларға андропометрикалық өлшеу жасайды. Балаларға профилактикалық егу жүргізіп, дәрігердің белгілеген шараларын орындайды.

  3. Санэпидемиологиялық тәртіптің орындалуын бақылайды, тәрбиешімен бірге отырып балаларды шынықтыру шараларын ұйымдастыруды, сауықтыру шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, күн тәртібі сақталуына, таңғы жаттығулардың, денешынықтыру сабақтары мен балалардың серуенінің, жарақаттану және улануды профилактикалау шараларының дұрыс өткізілуіне бақылау орнатады.

  4. Сырқаттануына байланысты келмеген балалардың есебін жүргізеді, ауырып қалған балаларды оқшаулайды, оқшау бөлмедегі балаларға күтім жасайды. Сырқаттанудан соң оралған және жұқпалы ауру адамдармен байланысты болған балаларға таңертеңгі қабылдау мен термометрия жүргізеді.

  5. Ағымдағы дезинфекцияны өткізуді ұйымдастырады, тәрбиелену – шілер тарапынан жугізілетін күнделікті таңғы қабылдауға бақылау жасайды.

  6. Медикаменттерге,бакпрепараттарға, дезинфекциялық құралдарға, медициналық аспаптар менаппаратураларға тапсырыс дайындайды.

  7. Ата – аналар, мектепке дейінгі мекеме жұмыскерлері арасында санитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізеді, мекеме жұмыскерлерінің тексеруден өз уақытында өтуіне бақылау жасайды

  8. Тиісті медициналық құжаттама жүргізеді, ай сайын әкімшілікпен біріге отырып, басқалардың сырқаттану себептеріне талдау жасайды, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.

  9. Балалардың дене дамуы және денсаулығы мәселесіне арналған педагогикалық кеңестердің жұмысына қатысады.

  10. Топтар бойынша жұқпалы аурулар мен сырқаттану айнасын жүргізеді.

  11. Ай сайын кіші қызмет көрсетуші қызметкерлер мен ас үй жұмыскерлері үшін нұсқаулық өткізеді.

  12. Тамақ блогы жұмыскерлерінің ірің ауруларына есебін жүргізеді.

  13. Жарақаттану жағдайында балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, жарақатты емдеу бөліміне жеткізеді.

  14. Ауданда эпидеиологиялық жағдаймен өз уақытында танысу мақсатында, жақын маңдағы емханамен тұрақты байланыс жасайды.

  15. Балалар бақшасында диеталық бике лауазымы болмаған жағдайда оның міндетін атқарады

  16. Кестеге сәйкес медициналық тексеруден өтеді.




  1. Құқықтары

    1. Медбике лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы 30 (отыз) және зиянды жағдайда жұмыс істегені үшін қосымша 12 (он екі) күнтізбелік күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алуға құқылы, сондай-ақ ҚР ЕК және басқа да нормативтік құқықтық актілермен, ішкі еңбек тәртібінің Ережелері мен Жарғы және басқа да МДБҰ актілері қарасытырған құқықтарды пайдаланады.




  1. Жауапкершілігі

    1. Медбике өз міндеттерін орындамағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшіліке, тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет