«Бекітемін» _______
Мектеп директоры
Керелбаева Ж.М.
«____»____2022ж.
Дефектологтың жеке сабақтарының ІІ тоқсанға жасаған күнтізбелік-тақырыптық жоспары
3 «А» сынып оқушысы
07.11.-30.12.2022 ж.
Түсінік хат Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығына сүйенді.
КТЖ әзірлеуде 2022-2023 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты ескерілді.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері (түрлері) білім беру жүйесінің қолданыстағы нормативтік құжаттарымен бекітілген. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілі қағидаларының18-тармағына бекітілген. Ата-аналарының немесе өзгеде заңды өкілдердің мүдделерін ескере отырып, жергілікті білім беру басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарына ерекше білім алуды қажет ететін, оның ішінде оқу бағдарламасын меңгеруде қиналатын (үлгерімі төмен) оқушылар мен қалыпты оқушылардың бірлесіп оқытылуы тиіс. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкінділігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныпта отыратын ЕББҚ балалар бейімделген жалпы білім немесе жеке оқу бағдарламалар бойынша білім алады. Сабақ оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды бар оқушылар үшін жалпы дамытушы және пәндік бағыттылық сынды білімдегі кемшіліктердің орнын толтыру бойынша жеке және топтық түзету сабақтар ұйымдастырылады.
Сабақ жалпы мектептің «Әліппе», «Математика», қажет болған жағдайда « Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» пәндеріне сүйене отырып күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылады.
Сабақтың мақсаты жалпы оқушылардың деңгейін арттыру, алдыңғы оқыту мен дамудағы кемшіліктердің орын толтыру, жеткіліксіз меңгерілген оқу білігі мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жеке жұмыс жасау, жаңа оқу материалдарын қабылдауға мақсатты бағытталған дайындық болып табылады. Бір оқушымен жүргізілетін сабақтың ұзақтылығы 45, сабаққа қажеттілігіне қарай аптасына 2-3 келеді.