Эталон негізінде оқушылар өзін-өзі бағалайды.
«Шындық па, жалған ба» әдісі арқылы оқушыларға кері байланыс:5 мин
• Кілем тазалағанда инерцияның пайдасы көп. Кілемді таяқпен ұрғанда, кілем орнынан қозғалады, ал шаң сол орнында инерцияның әсерінен қалып қояды.
• Велосипедшілер жарысында велосипедшілер үнемі педальды баса бермейді, оқтын-оқтын аяқтарын дамылдатады, бірақ велосипед тоқтамайды. Осылай таулы жолдарда машиналар жанармай үнемдейді.
• Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда, балға инерция әсерінен сапқа енеді т.б
• Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасынан шығып кетер еді, Ай Жерге, Жер Күнге құлап түсер еді.
• Бір адам көшеден өтіп бара жатыр еді, бұрылыстан шыға келген машина оны қағып кетті. Машина инерцияның кесірінен тоқтай алмады.
• Теледидарда велосипедшілер жарысын көрсеткенде, бір велосипедші құлап еді, қалғандары инерцияның әсерінен тоқтай алмай үстіне құлады.
• Автобус тежегішін басқанда, адамдар инерцияның кесірінен алға қозғалып, бір-біріне соқтығысты.
• Мамам маған тамақ әзірле деді. Мен кеспені жайпақ ыдыспен әкеліп үстелге қойып едім, кеспе төгіліп, дастарханды бүлдірді. Мамам маған ұрысты. Бірақ мен емес, кінәлі инерция.
• Менің әжем тайғақ жолда құлап, сол инерцияның кесірінен аяғын сындырып алды т.б.
Рефлексия. Сабақты қорытындылау кезінде
3 мин
Үйге тапсырма 1 мин
Инерция құбылысы өміріңде кездестіме? Кездескен жағдайын? Шағын эссе жазу.
АКТ , суреттер, парақшалар
Инерцияның пайдалы жақтары:
Инерцияның зиянды жақтары:
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік, техникасының сақталуы
|
Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы сараладым.
Топпен жұмыс жасау барысында инерция ұғымын өмірде қолдана біледі.
Топтық, жеке жұмыстар жасағанда бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсетіп отырады.
Қабілеті жоғары оқушылар инерцияның пайдасы мен зиянын ажырата алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.
|
Оқушыларға топтық жұмыстарда белсенді әдістер арқылы тапсырмаларды орындата отырып, мынадай дескриптор негізінде өзара бағалау, эталон негізінде өзін-өзі бағалау арқылы тапсырмаларымен бүгінгі сабақтың қаншалықты деңгейде меңгерілгенін анықтаймын. Сол арқылы «Сұрақ қою» әдісі арқылы, «Stop кадр» әдісі арқылы, «Шындық па жалған ба?» әдісі арқылы кері байланыс беремін. «Бас бармақ» әдісі арқылы рефлексия жасадым. Өз ойларын ашық айтып, критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлер арқылы бағалауды жоспарладым.
|
АКТ-ны қолданған кезде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді.
Оқушылар жұптаса немесе топтық жұмыс жасау кезінде бір-біріне көмектесіп, қиындықтарды жеңіп жеке тұлғалық құндылықтары дамиды.
|