«Бекітемін» Оқу – ісі жөніндегі Директордың орынбасары Р. С. Хамитова



Дата05.06.2017
өлшемі72,74 Kb.
#18116
«Бекітемін»

Оқу – ісі жөніндегі

Директордың орынбасары

______________ Р.С. Хамитова

_____ ___________ 20___ж.

«МАЖ және ХКШ», «Кітапхана ісі»

бөлімінің төрайымы

______________А.Т.Рахматуллина
«Библиография» пәні бойынша «Кітапхананың анықтама – библиографиялық аппаратын /АБА/ ұйымдастыру» атты ашық сабақтың жоспары.
I.Мақсаты: Кітапхананың АБА ұйымдастыру арқылы оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсарту.

II.Сабақтың өту түрі: Күнделікті сабақ

III.Өтілетін орны: Оқу залы

IV.Аудитория: 1 курс, 11сынып

V.Көрнекілік: плакаттар, каталог, картотека, электронды каталог

VI.Сабақтың өту барысы:

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою

а) Сұрақ – жауап

ә) Карточка түрінде

3.жаңа тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыру.

4. Үй тапсырмасын бағалау

5. Үйге тапсырма.

Белгілі бір кітапхананың анықтамалық және

библиографиялық басылымдар қорына мінездеме.



«Библиография» пәнінің

оқытушысы: /И.Қ. Жұмағалиева/


«Библиография» пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: Кітапхананың анықтама – библиографиялық аппаратын ұйымдастыру.
Оқытушы: Жұмағалиева И.Қ.

ПЦК төрайымы: Рахматуллина А.Т.

Ашық сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: Кітапхананың анықтама – библиографиялық аппаратын ұйымдастыру.

Сабақтың түрі: Күнделікті сабақ

Өтетін орны: Оқу залы

Өтетін уақыты: 28.04.2007.

Аудитория: 1курс, 11сынып

Сабақтың мақсаты: Кітапхананың анықтама – библиографиялық аппаратын пайдалана отырып, пайдаланушыларға сапалы кітапханалық қызмет көрсетуді жақсарту.

Басқа пәндермен байланысы: Кітапхана қоры мен каталогтарын ұйымдастыру, Кітапханатану.

Көрнекілік: плакаттар, каталог, картотека, электронды каталог

Сабақтың өту барысы:

  1. Жаңа тақырыптытүсіндіру

  2. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

А) Сұрақ – жауап

Ә) Карточка түрінде



  1. Жаңа тақырыппен өткен тақырыпты таныстыру.

  2. Үй тапсырмасын бағалау.

  3. Үйге тапсырма.

Белгілі бір кітапхананың анықтамалық және библиографиялық басылымдар қорына мінездеме.

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын алдымен өткен тақырыпқа шолу жасайық. (өткен тақырыптар бойынша бір – біріне сұрақтар қойып, жауап беру).



  1. А) Кітапханадағы библиографиялық жұмысты ұйымдастыру дегеніміз не?

Б) Библиографиялық қызметтің негізгі бағыттары

В) библиографияның негізгі принциптері

Г) Библиографиялық қызметті тиімді ұйымдастыру.

2. А) Библиография дегеніміз не?

Б) Оқырмандарға қызмет көрсету жұмысындағы ең негізгі 3 бағыт?

В) Библиографиялық құрал дегеніміз не, түрлері?

В) Ғылыми – көмекші библиографиялық құрал дегеніміз не?

Е) Өлкетану библиографиясы дегеніміз не?

Ж) Қазақстан кітапханалары қандай халықаралық ұйымдармен байланыста?

З) Библиографиялық тізім және библиографиялық көрсеткіш деген не?

И) «Ақпарат тұтынушылар» дегеніміз кімдер?

К) «Құжат» дегеніміз не?


Оқытушының кіріспе сөзі: Сабақтың тақырыбын таныстыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

АБА дегеніміз анықтамалық және библиографиялық, кітапхана каталогтары мен картотекаларының жиынтығы. Бұл баспа басылымдарымен қатар басқа да құжаттар бойынша оқырмандардың оқуына жетекшілік ету.

Әрбір кітапхананың АБА 2 негізгі бөлімнен тұрады:


  1. Анықтама – библиографиялық қор

  2. Каталогтар мен картотекалар жүйесі

Кітапхананың АБА –на ең алғашқы да бұған каталогтарды ғана құрамына енгізуге болатын, себебі каталогтар кітапханадағы кітап қорының маңызын және құрамын ашып көрсетеді. Мұнан кейін АБА – қа әртүрлі анықтамалық құралдар, библиографиялық материалдар, библиографиялық картотекалармен қатар бұрыннан жазбаша түрінде орындалып жүрген библиографиялық анықтамалардф құрамына енгізге болады.

АБА кітап қорын насихаттауда ерекше жұмыс атқарады. Оқырмандар арасында анықтамалық және ақпараттық қызмет жүргізеді, кітап оқуға басшылық жасайды. Библиографиялық құралдар шығаруда көптеп қолданылады. Кітапханашының және оқырманның библиограиялық дайындақтарын жоғарлатуда және кітапхананың әдістемелік жұмысына басшылық жасайды.


АБА-қа жеке – жеке тоқталсақ.

Анықтама – библиографиялық қор бұл кітапхананың АБА-ның бір бөлігі болып саналады. Оның құрамына:



  1. ғылыми және ғылыми – көпшілік еңбектер, оқулықтар.

  2. Анықтамалық басылымдар: энциоклопедиялар, сөздіктер, календарлар.

  3. Библиографиялық құралдар және библиографиялық құралдардың көрсеткіштері.

Кітапхананың АБА-ғы каталогтар мен картотекалардың алатын ролі ерекше. Негізінен кітапхана каталогы кітап қорын белгілі бір принцип бойынша оның құрамы мен мазмұнын ашып көрсетеді.

Кітапханада каталогтардың бірнеше түрлері бар:


  1. алфавиттік

  2. жүйелік

  3. пәндік

  4. электрондық каталог


Алфавиттік каталогта кітапхана қорындағы құжаттарға берілген библиографиялық жазба алфавиттік тәртіпте орналастырылады.

Жүйелік каталогта материалдар білімнің салалары бойынша орналастырылады.

Пәндік каталогта библиографиялық жазбалар пәндік айдарлар алфавиттік тәртіп бойынша орналастырылады.

Электрондық каталог дегеніміз машинада терілген кітапханадағы материалдардың жиынтығы.

Картотеканың бірнеше түрлері бар. Жүүелік картотека, тақырыптық картотека, салалы картотека, өлкетану картотекасы.


Біздің бүгінгі өткен тақырыбымыз кітапхананың АБА- н ұйымдастыру өткен сабақтарда өткен тақырыптармен тығыз байланысты. өйткені кітапхана қоры болмаса, АБА болмайды, кітапхана болмаса кітапхана қоры болмайды. Сондықтан кітапхананың библиографиялық қызметі кітапхана жұмысының басты қызметі болып саналады.

Үй тапсырмасын бағалау. Сабаққа қатынасулары бойынша бағалау

Үйге тапсырма. (Белгілі бір кітапхананың анықтамалық және библиографиялық басылымдар қорына мінездеме).

Библиография дегеніміз не?

Оқырмандарға қызмет көрсету жұмысындағы ең негізгі 3 бағыт?

Библиографиялық құрал дегеніміз не, түрлері?

Ғылыми – көмекші библиографиялық құрал дегеніміз не?

Өлкетану библиографиясы дегеніміз не?

Қазақстан кітапханалары қандай халықаралық ұйымдармен байланыста?

Библиографиялық тізім және библиографиялық көрсеткіш деген не?

«Ақпарат тұтынушылар» дегеніміз кімдер?

«Құжат» дегеніміз не?



Ғылыми және ғылыми – көпшілік еңбектер, оқулықтар.
Анықтама-лық басылымдар: энциокло-педиялар, сөздіктер, календарлар.
Библиогра-фиялық құралдар және библиогра-фиялық құралдардың көрсеткіштері.


алфавиттік

жүйелік

пәндік

электрон-дық каталог

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет