«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Бронх демікпесінің ұстамасы



бет112/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Бронх демікпесінің ұстамасы.
Бронх демікпесі-бронхтың созылмалы аллергиялық қабынуы. Ол бронхтардың гиперреактивтілігі және жайылмалы бронх обструкциясының әсерінен пайда болатын, кезеңді қайталанатын тыныстың тарылуы және тұншығу ұстамаларымен сипатталады.
Бронх демікпесі ауырлық дәрежесіне қарай да жіктеледі:
Оның жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр түрлері бар.
Жеңіл демікпе-белгілері: сирек қысқа түрде өтетін тұншығу ұстамалары ( айына 1 реттен аз). Олар кенеттен немесе бір рет қабылданған бронхолитиктердің әсерінен қайтады және физикалық күштемені жақсы көтереді. Ремиссия кезінде жалпы жағдайы өзгермейді,сыртқы тыныс көрсеткіштері қалыпты күймен тең. Орта ауырлықтағы ұстамада тұншығулар айына 3-4рет қайталанып, тыныс қызметі мен қан айналымының бұзылыстары байқалады: тахикардия, тахипноэ, жүрек тондарының тұйықталуы.
Ауыр түрінде-тұншығу ұстамалар жиі ( күнде не апта сайын) болады. Олар кернелуімен, ентігумен, тахикардиямен сипатталады. Қарап тексергенде: - тері қабаттары бозғыл-сұр өкпенің түсті. Еріндерінің, ауыз айналасының, құлақтарының және саусақтарының көгеруі байқалады. Қақырық шығаруы қиындаған жөтел,дем шығаруы шулы және ұзаққа созылады. Дем шығарғанда кеуде клеткасы тартылып, бұлшықеттер қатысады.
Клиникасы: Бронх демікпесінде тұншығу ұстамасы пайда болады, экспираторлы ентікпе, науқас ортопноэ қалпында отырады. Дем алу актісіне бұлщық еттер қатысады, мұрын қалқаларының кернелуі байқалады. Тері қабаттары, мұрын ауыз ұшбұрышы көгереді. Аускультация жүргізгенде өкпеде көптеген құрғақ, кейде орташа көпіршікті ылғалды сырылдар дем шығару кезінде естіледі. Жалпы жағдайына және тыныс алуы ның қиындауына қарай бронх демікпе ұстамасы үш ауырлық дәрежесіне бөлінеді (кесте ).

Демікпе статусы – ұзақ және тұрақты жағдайдағы бронх өткізгіштігінің бұзылуына бай ланысты тұншығу, ол ұзақ уақытқа (тәуліктен артық ) созылады және сипатомиметик тер (В2- адреномиметиктер )көмектеспейді. Адреномиметиктердің тегіс бұлшықеттер ге әсер етпеуін басқа жаңа технология-небулайзерлі терапия арқылы жоюға болады.


Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың 5-12 демікпе статусы дамиды. Өлім-жітім әр түрлі авторлардың айтуы бойынша 0,2-16 дейін.
Демікпелік статустың дамуы: Созылмалы обструктивті аурулары (бронхит, эмфизема), сол сияқты кез-келген глюкокортикоидты гормонды, ұйықтататын дәрілерді және басқа дәрілерді дұрыс қабылдамағаннан, дұрыс жасалмаған десенсибилизациялық ем, симпатомиметикалық заттарды жүйесіз және бақылаусыз қолдану. Демікпе статусы кезінде тыныс жолында обструкция дамуына маңызды орынды – бронхиолалардың шырышты қабатының аллергиялық немесе қабынулық ісігі, қақырықтың қоюлануы және оның бөлінуінің бұзылысы, сол арқылы бронхтың бітелуі, бронхтың тегіс бұлшықеттерінің спазмы алады. Осы кезде В2- адренорецепторлары бронх кеңітетін препараттар ролін атқарады. Демікпе статусында гипоксия және гиперкапния, газды және метаболикалық ацидоз, клеткаішілік гипокалиемия, клеткасыртылық гиперкалие мия, гипогидратация, гемотокрит саны жедел өседі және тіндік перфузия бұзылады. Оған оң қарынша жетіспеушілігімен бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі қосылады. Соңында созылыңқы, жойылмаған демікпе статусы кезінде көп ағзалық жетіспеушілік дамиды. Демікпелік статус ауырлық дәрежесіне қарай 3 сатыға бөлінеді:
1 сатысы - симпатомиметиктер резистентілігінің құрұлу сатысы. Ол сатыны басқаша желденудің бұзылысы жоқ немесе компенсация сатысы деп атайды. Науқастың бұл кезде ақыл – есі дұрыс, тәртібі адекватты. Жағдайы – аздаған экспираторлы ентікпе, акроцианоз, тершеңдік, тахикардия, аздап қан қысымы көтеріледі.Аускультативті қиын созылмалы дем шығарумен бірге қатаң тыныс және жайылмалы құрғақ сырыл білінеді. Бронх обструкциясының біртіндеп үдеуі салда рынан қақырық бөлінуі азаяды. Артериялық қандағы оттегі қысымы 60-70 мм.с.б., көмірқышқыл газы 40-45мм.с.б. аспайды.
2-сатысы-декомпенсация немесе желдену бұзылыстарының өршитін сатысы, сонымен қатар бұл ( мылқау ) өкпе сатысы деп те аталады. Санасы дұрыс,бірақ гипоксиямен гиперкапния әсерінен, аурулар ашушаң, қозғыш немесе керісінше апатия жағдайында болады. Амнезия болуы мүмкін. Терісі мен шырышты қабаттары көгереді. Көк тамырдың ісінуі және беттің ісігі байқалады. Тахикардия анық байқалады. Қан қысымы қалыпты немесе гипотензияға жақын. Тынысы шулы қосымша бұлшықеттердің көмегімен, кенеттен ентігу болады. Өкпенің төменгі бөлігі шекарасы түсінкі, кеуде клеткасының қимылы шектелген. Тыңдаған кезде сырыл азайып, демалыс шуы әлсіреген. Кейбір бөліктерінде тыныс алу мүлдем естілмейді. Сондықтан бұл бөліктер өкпенің ( мылқау ) бөлігі деп аталады. Артериальды қанында оттегі қысымы 50-60мм с.б. төмендейді,ал көмір қышқыл газы 50-70мм с.б. өседі. Демікпе статусының 2-сатысы науқас өміріне қауіп төндіреді, сондықтан оған тездетіп үстемелі ем жасау қажет.
3-сатысы - бұл гиперкапниялық және гипоксемиялық кома сатысы. Мұндай жағдайда науқастың психикалық жағдайына мыналар жатады: дезориентация, сандырақтау, тежелу, ақыр соңында мүлде есін жоғалту сатысы.Тыныс алу-беткейлі,өте әлсіз. Кома 2 түрде дамиды: 1 түрі – ұдемелі команың баяу дамуы (көп сағаттар ішінде) бронх обструкциясына байланысты (жиі кездеседі), 2 түрі – команың тез дамуытерең диффузды бронхспазмына байланысты (сирек кездеседі). Демікпе статусының барлық түрі жедел түрде ауруханаға жатқызылып, оларға қарқынды ем көрсетілген дұрыс. Демікпе статусының 1 – сатысындағы науқастар терапия бөлімшесіне тек, компенсац ия кезінде ғана жатқызылуы мүмкін. Тасымалдау – басын жоғары көтеріп зеңбілмен.Бронх демікпесінің ауыр ұстамасы бар жіне демікпе статусы бар науқасты емдеу өзіне тән бронх спазмын басуға бағытталған комплексті болуы керек. Бронхтың шырышты қабатының ісінуін басуды, трахеобронхиялды ағаштың санациясын, оттегімен емдеуді, керек кезде ӨЖЖ, метаболизмдік бұзылуын коррекциялайтын шаралар қолдану керек. Бұл шаралардың көбі ауруханаға дейінгі кезеңде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет