«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Сол қарыншалық жедел жетіспеушілік



бет113/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Сол қарыншалық жедел жетіспеушілік.
Негізгі себептері: ауыр жайылмалы миокардит, кардиосклероз, миокардтың жедел инфаркті, ауыр артериялық гипертензиялар, жүректің ақаулары, кардиомиопатиялар, ауыр физикалық күштемелер, көк тамырға көп мөлшерде сұйықтарды құю. Неігізгі патогенетикалық факторларына: сол қарыншаның жұмысының әлсізденуі: өкпелік көктамырда, капиллярларда, артериоларда көтерілуі болады: өкпелік капиллярлардың өткізгіштігі артып, қанның сұйық бөлігі альвеоларға қарай ығысады: Газдардың диффузиясы бұзылып, тромбоциттердің агрегациясы жоғарылайды. Осының салдары нан өкпеде газалмасу процесстері бұзылып, қанда оттегі азаяды, ал көмір қышқыл газы ның көлемі Керісінше көбейеді. Тіндер мен ағзалардың оттегімен қамтамасыздануы азайып, орталық нерв жүйесіндегі тыныс орталығы қозады, осыдан ентігу пайда болады. Сонымен қатар альвеолаларға енген сұйықтықтар іркіліп- өкпенің ісінуіне әкеледі. Солқарыншалық жеткіліксіздіктің ұстама түрінде басталуын-жүрек демікпесіейміз.


Жүрек демікпесі.
Клиникалық көрінісі. Ұстама көбінесе түнде болады. Науқас ауа жетіспеу сезімімен, үрейден оянады. Жүрек соғысы жиіленіп, жөтел пайда болады. Ентігудің әсерінен науқас отырады немесе ашық терезеге жақындайды. Науқас мазасыз, ауаны аузымен аулап отырады. Қарағанда: терісі бозғылт, суық тер басқан, акроцианоз, қатты ентігеді, мойнындағы көк тамырлары ісінген. Тынысы минутына 30-40 дейін барады. Өкпенің артқы төменгі бөліктерінен құрғақ жіне ылғалды сырылдар естіледі. Пульсі жиі, көбінесе ырғақсыз. Жүректің шекарасы жиі солға ығысқан, тондары тұйық. АҚҚ басында қалыпты болып, сонан соң төмендеуі мүмкін. ЭКГ-Т тісшесі амплитудасының төмендеуі,негізгі ауруларына тән әр-түрлі аритмиялар. .
Өкпе ісінуі.
Өкпе ісінуі-бұл көп аурулардың асқынуы. Мұнда сұйықтықтар алдымен өкпенің интерстициялық тіндеріне ығысса, сонан соң альвеолаларға енеді. Кардиогенді өкпенің ісінуі-бұл жүректің сорғыштық қызметінің бұзұлу салдарынан, ағзадағы қанайналым ды дұрыс қамтамасыз ете алмауы.
Өкпе ісінуінің ағымдық түрлері:

  1. Артериялық қан қысымының өзгеруінсіз дамитын өкпе ісінуі.

  2. Айқын артериялық гипертензиямен дамыған өкпенің ісінуі.

  3. Артериялық гипотензиямен дамитын өкпенің ісінуі.

Өкпе ісінуінің белгігері:

    • мәжбүр қалып-ортопноэ

    • тұншығу, кеудені басу сезімі.

    • Цианоз, өкпе артериясы үстінде 11 тонның акценті.

    • Протодиастолық шоқырық ырғағы.

    • Компенсаторлы артериялық гипертензияның дамуы

    • Инспираторлы ентікпе, ылғалды сырылдар

    • Қызғылт көбікті қақырық

Науқаста ентікпе үдей түседі, минутына 40-60, өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Шулы, алыстан естілетін бұрқылдаған тыныс пайда болады. Цианоз бүкіл денеге жайылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет