«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет116/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Есек жем
Есек жем – көбінесе тері жамылғыларының бетінде немесе кілегей қабаттарында пайда болатын бөртпелер . Есекжем - аллергия ауруына жатады. Бұл адам терісіне күлдіреп қышып, бөрітіп шығып, денеге тез тарайды. Теріде ісік пайда болып ісініп тұрады. Көбінесе әйелдерде 20 мен 60 жас аралығында жиі кездеседі.
Негізгі себептеріне жататындар:
Дәрі – дәрмектер, көбінесе антибиотиктерді , күре тамырға берілетін сұйық дәрілерді қабылдағанда, тағамдық көкөністерді қабылдағаннан кейін пайда болады.
Даму механизімі: Тамырлардың бұзылысы – капилярлардың қабырғаларынан қан плазмасының өткізгіштігінің артуы. Есекжемнің пайда болуының бастапқы себебі аллергиялық реакцияның медиаторы көп таксиндермен қамтылған .
Клиникалық белгілері: ауру аяқ астынан пайда болады. Теріде қышыма пайда болып, дереу күлдіреп ісіп шыға келеді. Бұл өзгеріс адам денесінің қай жері болса, сол жерінен шыға береді, кейін тарап бүкіл денені алып кетуі мүмкін. Күлдіреген ісік теріден көтеріліп, қызарып шығып тұрады. Көлемі әртүрлі болады. Негізгі ерекшелігі ол пайда болып тарауы да жоғалуы да тез арада болады /бір, бірнеше тәулік ішінде/. Пайда болған кезде науқастың басы ауырып, әлсіздік пайда болып, ыстығы көтерілуі /38-39градус/ болуы мүмкін. Бұл жедел түрі орта есеппен 5-6 тәулікке созылады. Кейін ол созылмалы түріне өтуі мүмкін /20-30жылға/ .
Емдеуі. Науқасты ауруханаға жатқызу керек. Барлық беріліп жатқан дәрі – дәрмектер дереу тоқтатылуы тиіс. Кейбір сезіктенген тағамдарда берілмейді. Ішекті клизма арқылы тазалайды. Дереу гистаминдерге қарсы дәрі – дәрмектер берілуі тиіс. Оларға жататындар: димедрол, супрастин, тавегил, фенкарол, диазолин т.б. Бұларға қайтпаса гармонды дәрілер беріледг / преднизалон, дексаметозон т. б/.


Квинке ісігі

Бұл да сол есекжем ауруының бір түрі, ауыр түрі деп атауға болады. Есекжем науқастың терісі өзгеріске ұшыраса, бұнда тері асты майы мен қоса өзгеріске ұшырайды.


Себептеріне жататындар әртүрлі тітіркендіргіш / аллергендер / заттар, Көбінесе қосарлана әсер етуінен болады. Оларға жататындар: тағамдық заттар, дәрі – дәрмектер, бактериялар, кір жуатын ұнтақтар бояулар т. с.с.
Клиникалық белгілері:
Науқас аяқ астынан тері, тері асты майымен қоса қатайтып, қолданып іскенен байқайды. Бұл өзгеріс көбінесе науқастың ернінде, қабағында, бетінде, тіпті жыныс мүшелерінде пайда болады. Іскен жерді басқанда із қалмайды, өйткені қалындап қатты болады. Бұл науқастың ең қиыны сол, ол тамақта, жұтқыншақта, кеңірдекке жақын жерде пайда болса , бұл кезде ауа жетпей жөтел пайда болады. Кейін бетінің бозарып көгеруі байқалады. Бұл жағдайда науқастың өліп кетуі мүмкін. Кейде тіпті ішкі ағзаларға да таралуы мүмкін , бұл өте ауыр жағдай .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет