Емдеупринциптері Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып жедел жәрдем берілуі тиіс. Тынысы тарылып , ауа жетпеген жағдайда кеңірдекке трупка салу керек. /трахеотомия/. Басқа емдеулер жоспарлы түрде жүргізіледі. Оларға жататындар: 0.1% 0,3%- 0,5мл адреналин ерітіндісі тері астына жіберіледі: 2.мл 2% супрастин немесе 1 – мл 1%димедрол ерітінділері бұлшық етке жіберіледі. Науқастың беті қайтпаған жағдайда 60 – 90 мг преднизалонды қанға құяды. Бұл кезде 2 –4 мл Лазекс дәрісін қанға құйған орынды болады.
Анафилактикалық шок Анафилактикалық шок – бұл аллргиалық реакциялардың ішінде ең ауыр түрі. Ол , жиі, жоғарыда аталған дәрілік заттарды қолданғанда кездеседі, кейде дәрінің аз ғана мөлшерін қолданғанда, мысалы антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда болады олар жиі дәрілерді көктамырға еңгізгенде,және теріастына бұлшықетке тік ішекке,ауызбен ішкенде де дамуы мүмкін. Дәрілік анафилактикалық шок /ДАШ/ ДДҰ мәліметтері бойынша 1 : 10 000 жиілікті кездеседі, өлім – жітім 10%құрайды. Басқа мәліметтер бойынша дәрілік анафилактикасық шоктан жылына 1 млн халықтын 2 адам қайтыс болады.
Ол тек дәрілік заттарға кана емес улы жәндіктердің шағуынан да болады.
Клиникалық көрініс ағзада ауыр жайылмалы бұзылыстар болуымен сипатталады. Әдебиеттерде анафилактикалық шоктың ағымы бойынша 4 вариантын ажыратады.
. Асфиксиялық
. Гемодинамикалық
. Церебральды
. Абдоминальды
Егер дәрілік заттардың әсерінен ДАШ болса, дәрігер субьективті бақылауы қажет: науқаста дискомфорт болуы, өзін ауыр сезіну, өлімнен қорқыныш, «күйік сезімі» болады. Бұндай жағдайда жылдам түрде дәріні енгізуде тоқтатып және шұғыл шаралар жасауға дайын болу қажет.
ДАШ гемодинамикалық көрінісі АҚҚ кенет төмендейді, кейде тіпті анықталмайды, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы, ауыр жағдайда брадикардия болады. Пульсі жиі, толымсыз . Жүрек үндерінің бәсеңдеуі өкпе артериясы үстінде 11 тонның акценті бұл кіші қанайналым шеңберінде жүктеме болғанын және оң қарыншылыұ жетіспеушілік дамитындығын көрсетеді.Гипотония болуы қантамырларының өткізгіштіктерінің және қанның сұйық бөлігінің шығуына байланысты болған вазодилацияға және гиповолемияға байланысты, ол ісік тудырады.
Тыныстың бұзылысы кеуденің ауруымен, инспираторлық және әкспираторлық ентікпемен көрінеді, өкпеде әр – түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі, ол дамып келе жатқан өкпе ісінуі туралы ойландырады. Кеңірдектің ісінуі және бронхоспазм дамуы мүмкін.
Терілік көріністер қышыну, қызару бозарумен алмасуы мүмкін, цианоз, есекжем пайда болады.
Құсу, жүрек айнуы , іштің ұстама түрінде ауруы, диарея , өздігінен дәрет шығару – бұлар асқорту жүйесі бұзылысының көріністері.
Орталық жүйке жүйесі қызыметінің бұзылысы естің бұзылысы тіпті оны толық жоғалту, қарашықтарының кеңеюі, тоникоклоникалық тырысулар болады. Басқа
Мүшелерімен жүйелер қызыметінің аз мөлшерде бұзылысы бас миының ауыр гипокопиясына байланысты.
Бірінші науқастың көргенде дәрігер ДАШ неден басталғанын бұзылыстың ауырлық дәрежесін , науқастың жағдайын анықтауы қажет, бірақ бұл жедел жәрдем шараларын жасауды тежемеуі керек.
Жедел жәрдем науқас жағдайының ерекшелігіне байланысты. Ауыр және өршімелі тыныс жетіспеушілігі болған кезде, жедел жәрдем шаралары тыныс жетіспеушілігін жоюға бағытталады.
Анафилактикалық шоктың емдеу принциптері:
аллерген енуін тоқтату ;
тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіу;трахея интувациясын жасау мүмкіндігі болмаған кезде – коникотомия;