«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Үдемелі күш түсу жүру қыспасы



бет115/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Үдемелі күш түсу жүру қыспасы.
Бұл түрі көбінесе жүрек қыспасымен ұзақ ауырған науқаста, оның өршуіне байланысты болады. Ангинозды ұстамалар жиіленіп, ауыр болып, ұзаққа созылады. Кейде иррадиациялық аймақтар өзгереді сонымен қатар науқастың жағдайы үйреншікті физикалық күштін өзіне нашарлай түседі. Нитроглицериннің әдеттегі мөлшерінен бұрынғыдай әсер болмайды. Оның дамуына мынадай факторлар әсер етеді: көңіл – күй күйзелістері, қан қысымының кенеттен көтерілуі,дұрыс тамақтанбау, ауыр жұмыс атқару және т.б.Үдемелі жүрек қыспасы бірнеше клиникалық түрде айқындалады. Кейде ангинозды ұстамалар жиіленіп, бірақ сипатын өзгертпеиді. Ал кейде ауру сезімі күшейіп, ұзарады және таралу аймақтар кеңейеді. Күш түсу жүрек қыспасының үстамасына тыныштық күйде пайда болатын ангинозды ұстамалар қосылады.


Жедел емдеу принциптері:
Ангиноз ұстама кезінде:
-науқастың аяғын төмен түсіріп, ыңғайландырып отырғызу керек;
-нитроглицерин таблеткасын немесе аэрозолін 0.4-0.5мг тіластына әр 3 минут сайын 3 рет беру;
-физикалық және көңіл-күй тыныштығын сақтау;
-қан қысымымен жүрек ырғағын бақылап, қалпына келтіру
Жүрек қыспасының үстамасы сақталса: -оттегі терапиясы; -күш түсу жүрек қыспасында 10-40 мг анаприлинді тіл астына қою; -10000 Б гепаринді көк тамыр ішіне енгізу; -0.25г ацетил салицил қышқылын шайнату керек.
Миокард инфарктысы.
Миокард инфаркті-ЖИА-ның ең ауыр түрі, мұнда айқын және ұзаққа созылған ишемияның салдарынан жүрек бұлшықет тінінің өліеттенуі болады.Бұл тәж артерияларының атеросклерозды түйіндермен және дамып жатқан тромбтармен тарылып қалуына, кейде спазмның салдарынан миокардтың кейбір аймақтарына қанның мүлдем келмей қалуына да байланысты.
Миокард инфарктін тудыратын көптеген себептердің ішінде бірінші орында физикалық ауыр күш түсіру болады.
Миокард инфарктінің көлеміне қарай: ірі және майда ошақты болып бөлінеді. Ошақтың орналасқан жеріне қарай: алдыңғы және артқы (төменгі) болып бөлінеді. Ал ірі ошақты өз кезегінде: трансмуральді және трансмуральді емес болып бөлінеді. Трансмуральді түрінде – некроз ошағы миокардтың барлық қабатын қамтиды. Ал трансмуральді емес түрінде- никроз ошағының көлемі үлкен, бірақ миокардтың барлық қабаты қамтылмайды.
Анықтау белгілері: төс артында ауру сезімі (немесе оның эквиваленттері), оның сол кейде оң иыққа, шынтаққа, жауырынға, мойынға, жақтын асты, құрсақ үсті аймаққа берілуі.
-Жүрек ырғағымен өткізгіштігінің бұзылыстары мен артерия қан қысымының түрақсыздануы тән
-Нитроглицериннің әсері аз немесе тіпті болмайды.
-Кейде аурудың басқаша басталуы мүмкін: демікпелі түрі (жүрек демікпесі,өкпенің ісінуі), аритмиялық (естен тану, кенеттен өлу),цереброваскулярлы (жедел неврологиялық симптомдар), абдоминалды (құрсақ үсті аймағында ауру сезімі лоқсу, қүсу), аз симтомды (әлсіздік, кеуде аймағында жағымсыз сезімдер)
-Анамнезінде - өршітуші факторлар немсе ЖИА белгілері, ауры сезімінің жаңадан пайда болуы немесе оның өзгеруі. -Т-тропонин тесті оң болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет