«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


Ангинозды статус - кеуде аймағында ауырсыну сезімінің ұстамалы түрде болуы



бет114/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Ангинозды статус - кеуде аймағында ауырсыну сезімінің ұстамалы түрде болуы.
Жүрек қыспасы.
Жүрек қыспасы (Стенокардия)-жүрек ишемиялық ауруларының нозологиялық түрі. Ол төс артындағы ұстамалы ауру сезімдерімен сипатталады.
Кернелу жүрек қыспасына тән белгілер (ДДҰ):
-ауырудың сипаты-қысып не жаншып ауыру
-ауыру сезімінің орналасуы-төс арты немесе төстің сол жақ шеті
-ауыру сезімінің пайда болуы-физикалық күштеме түскенде
-ауыру сезімінің ұзақтығы-10 минуттан аспайды
-нитроглицерин қабылдаған соң тез және толық әсеретед!
Ауыру сезімінің ангинозды екеніне күмән туғызатын критерийлер (П.Д.Уайт):
-сыздаған,шаншыған ауыру сезімі
-солқылдап ауыру
-аз уақыт ауыру, бірнеше секунд
-ұзақ ауыру,30 минут немесе одан да ұзақ, егер коронарлы тромбоз болмаса
-ас қабылдағанда немесе тыныштық қалыпта отырғанда мазасызданса,тек физикалық күштен кейін,не жатқанда емес.
-Физикалық күштен кейін ауыру сезімнің басылуы
-Ауыру сезімнің қолды шамалы қимылдатқанда,көтергенде пайда болуы.
-Терең тыныс алғанда кеудеде ауыру сезімнің пайда болуы немесе күшеюі
-Ауыру аймағында тері сезімталдығының жоғары болуы;
Жүрек қыспасының атипиялық түрде айқындалуы
-ауыру сезімнің эквиваленттері(ентігу,жөтел, кеуденің қысылуы,қыжыл және т.б.),ауыр күш түскенде басталып, аз уақыт ішінде күш түсу тоқтағанда және нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылды.
-ауыру сезімнің иррадиация аймақтарында болуы
-ауыру сезімнің ұзаққа созылуы (оны тудырған себептердің сақталуына байланысты – АҚҚ, тахикардия, көңіл-күй күйзелістері)
Астыңғы жақтан бастап, құрсақ үсті аумағына дейінгі жерлерде пайда болған ауыру сезімі мен жағымсыз сезімдер күш түсудің биіктігінде пайда болып, қысқа мерзімді және нитроглицеринмен тез басылатын болса ғана ангинозды болатынын есте сақтау керек!
Алғашқы рет пайда болған, үдемелі және спонтанды жүрек қыспалары өздерінің тұрақсыз клиникалық көріністеріне, ауыр ағымына қарай сипатталады.
Тұрақсыз жүрек қыспалары (алғаш рет пайда болған жүрек қыспасы):
Бұлай аталу себебі, ангинозды ұстамлар науқаста бұған дейін болмаған. Оның ағымының ұзақтығы, алғашқы ангинозды ұстама пайда болған уақытынан 4 апта аралығында анықталады. Ангинозды ұстамалар, қысқа уақыт ішінде өзінің ауырлығымен, ұзақтығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Бұл бірінші ұстама науқас үшін ең соңғы ұстамаға айналуыда әбден мұмкін. Кейде стенокардия ұстамасы аз ғана күш түскенде дамуы мұмкін және де ауыр түрде өтеді.
Науқастың жағдайы күрт нашарлап, қорқыныш сезімі пайда болады. Ол әлсізденіп, денесінен суық, жан тері шығады, тахикардия анықталады.Бұл аурудың морфологиялық негізі тәж артериясының атеросклерозына байланысты. Физикалық күш түскенде миокардта қайтымды ишимияға ұшыраған аймақтар пайда болады. Алғаш рет пайда болған жүрек қыспасы бар науқастын ауру болжамы ауыр, өйткені ол жиірек миокард инфарктісімен (25-30% ауруханада уақытылы және шұғыл емделгеннің өзінде), жүрек ырғағының бұзылыстарымен, өліммен асқынады. Алғаш рет пайда болған жүрек қыспасының диагнозы қойылған науқас, міндетті түрде ауруханаға жеткізіп динамикалық бақылауға алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет