«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет17/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Теріні қарау
Тері-дененің сыртқы жабыны. Ол ішкі ортаны қорғап, тынысалу, заталмасу, т.б. процестерге қатысады. Көптеген аурулардың белгілерін теріден көруге болады. Теріні қарап зерттегенде оның түсіне, ылғалдылығына, серпімділігіне зер салыып, қабыршықтану, берту, жара-жарақат, тыртық, қантамырларының білеуленіп, тарамдануы, сусіңділенуі сияқты өзгерістердің бар-жоқтығына көңіл аударған жөн.
Терінің түсі сырқаттарда әр түрлі: ақшыл, сары, қола түсті, т.с.с.
Ақшыл түс қаны азайып, қансыраған, бүйрек ауруларымен, аорта ақауларымен сырқат немесе қанында темір немесе фолий қышқылы тапшы адамдарда байқалса, безгекпен сырқат адамдардың терісі бозғылтсары түсті, ал рак ауруына шалдыққандардың-бозғылт болады. Аддисон ауруынан тері қоңыр реңденсе, алмаспен немесе қорғасынмен уланғандардың терісі ағарады.
Тері дененің қызуы тым көтерілгенде, арақты мөлшерсіз ішкенде, қанда эритроциттердің немесе гемоглабиннің мөлшері тым көбейгенде, морфинмен уланғанда қызарады. Бір есте ұстарлық жай-бауыр ауруларымен сырқат адамдардың алақаны ғана қызаратыны.
Терінің көгеруі гемоглобиннің құрамында оттегі тапшы болғанда байқалуы мүмкін. Бұндай өзгерістер өкпе мен жүрек ауруларында орын алады. Көк рең денені түгел немесе жеке ағзалар мен оның бөліктерін ғана қамтып, жалпы немесе жергілікті түрде болады.
Сары түс өт жолдары таспен бітеліп, ісікпен немесе жалқықпен қысылғанда, эритроциттер тым көп мөлшерде ыдырап, билирубин көп түзілгенде байқалады. Сары түстің ақшылсарыдан қоңырқай жасылға дейінгі әр түрлі реңін тек күн жарық кезде ғана қарап ажыратуға болады. Аталған себептерден сарғаю пайда болған науқастың денесі қышып, онда тырнақтың сызаттары, ұсақ жарлар болу мүмкін. Дене акрихин, пикрин қышқылы сияқты дәрілерден де сарғаяды.
Кейде терінің пигменті азайып, ақтаңдақ пайда болады. Ал ыстықтағанда, қызу көтерілгенде, тер бездері зақымдалғанда, сұйықтықты көп ішкенде терінің ылғалдылығы артады.
Организмнен сұйықтық көп бөлініп шығарылса, тері құрғайды. Оның ссебептері көп: витаминдердің жеткіліксізділігі, жиі-жиі іш өту, ішек-қарын, инфекциялық аурулар т.с.с. Терінің ылғал-құрғақтығы қолмен сипап анықталады.
Терінің серпімділігі анықтау үшін оны қапсыра ұстап, жоғары қарай тартып, жіберіп қалу керек. Серпімділігі жақсы тері тез қалпына келеді. Арық немесе кәрі адамның терісінің, құрғақ терінің серпімділігі, әдетте төмен.
Теріде түрлі-түрлі бөртпелер, есекжем, жалақ, ісік, іріндік, темреткі, тыртық сияқты көптеген аукрулардың белгілері жиі ұшырасады.
Ұсақ тамырлар кеңейгендіктен пайда болып, саусақпен басқанда жойылып қайта көрінетін ақшыл-қызыл түсті дақ қызыл бөртпе розеола сүзекте, грипте, сифилисте байқалады. Жекелеген қызғылт дақтар дәрі-дәрмектердің әсеріне, кейбір іріңді ауруларға тән.
Есекжем- теріде қалыптасатын қышымалы, ақшыл түсті, күлбіреген ошақ. Ол организмнің сезімталдығын күрт арттыратын себептерден, көбінесе дәрі-дәрмектердің әсерінен қалыптасады.
Қанталау- қантамырлары зақымдалғандықтан, тері мен оның шелмай қабатына құйылған қанның ірілі-ұсақты ошақтары. Бұл гемофилия, Верльгоф ауруы, лейкоз сияқты мен жүйесінің сырқаттарында жиі байқалатын белгі.
Ұшық герпес-ішінде сұйықтық болатын, жарылғанда қабыршақтанып кететін, диаметрі 0,5-1см көпіршік көбінесе вирусты инфекцияларда кездеседі.
Кейбір аурулардан, хирургиялық операциялардан, жара-жарақаттардан кейін денеде тыртықтар қалады. Олардың да диагностикалық мәні зор.
Денедегі шаш пен түктің түр сипатының өзгеруі де аурудың белгісі болуы мүмкін. Мысалы, ішкі секреция бездері ауруларының кейбіреуінде шаш өспей немесе түсіп қалса, енді біреуінде, керісінше тіпті әйелдердің бетіне түк қаулап кетеді.
Түрлі аурулардың салдарынан тырнақта қалыптасатын өзгерістер де бірсыпыра. Тырнақтың сынғыштығы кейбір витаминдердің организмге жеткіліксіздігін көрсетсе, өкпенің созылмалы ағымды іріңді сырқаттарына тырнақтың сағат шынысы сияқтанып, ойыстануы тән.
Науқасты қарап зерттегенде оның бүкіл денесінің немесе кейбір мүшелероінің сусіңділеніп ісінгенін көруге болады. ОЛ жердегі саусақпен басып байқағанда, щұңғыл із қалады. Сусіңделінудің жергілікті түрі веналарға қан іркілгенде дамыса, оның жалпы түрі анасарка-жүрек немесе бүйрек ауруларында, аллергеннің әсерінен жедел түрде сезімталдық артқанда байқалады. Сусіңділенудің даму барысы оның себебіне байланысты. Жүрек ауруларында сусіңділену аяқтан басталса, бүйрек ауруларында беттен өрбиді. Жүрек ауруынан ісінген науқас ентігіп, беті көгереді: ол басын жоғары көтеріп, үнемі жастыққа сүйеніп, аяғын төсектен салбыратып, екі қолын тізесіне тіреп отыруға мәжбүр болады.
Бүйрек ауруынан суіңділенуі жылдам өрістейді. Ол науқастың төсектегі қалпына әсер етпейді. Бүйрек сусіңділенуінің ісігі жұмсақ әрі қайтымды. Науқастың беті ағарады.
Перитонит, іш түйнегі сияқты хирургиялық ауыр ағымды сырқаттардан халі өте нашарлаған науқастардың кейпі ерекше (Гиппократ бет-әлпеті). Ондай науқастан суық тер шығады. Денесі қатты бозарады. Беті қушиып, көзі шүңірейіп, жүзінен енжарлық байқалады, Бүйрегі ауратындардың беті, әсіресе көзінің айналасы мен қабағы ісініп, көзі сығырайып кетеді, Базед ауруымен науқастардың бетінің еееті кетіп, өңінен шыдамсыздық, шапшаң әрекетке бейімділік аңғарылады, екі көзі шарасынан шығып, бадырайып кетеді. Сіріспемен сырқаттардың беті жиырылып, тырысады, өңі күлгін тартады.
Көз бен оның төңірегінде байқалатын өзгерістер мынадай: қабақтың салбырап (птоз), ісінуі, көздің шарасынан шығып, бадыраюы, қызаруы, қанталауы, қос қарашақтың бір сәтте әр түрлі кеңеюі. Бұл өзгерістердің біразы нерв жүйесінің түрлі әсерімен байланысты. Қабақтың үнемі ашық тұрып, төмен қарағанда, қарашықпен үйлесімді қимылдамай, бұрыңғы қалпында қалып қоюы (Грефе белгісі), қос жанарды бір нүктеге қадап, сол нүктені біртіндеп жақындатқанда қарашықтардың қосылмауы (Мебиус белгісі), кірпікті сирек қағу (Штельвиг белгісі) сияқты белгілер Базед ауруынан симпатикалық нерв жүйесі зақымдағанда байқалады.
Науқасты қарап зерттегенде оның мұрнына да зәр салған жөн. Мерездің салдарынан мұрынның пұшық болуы, ал түрлі басқадай себептерден қызаруы, көгеруі немесе ісінуі, ентіккенде оның танауы дәлбендеуі мүмкін.
Бірқатар аурулардың белгілері құлшақта да ұшырасады. Мысалы, подагра ауруында құлақ қалқанына нуклеин қышқылды натрий тұздары шөгіп түйіншіктер түзеді.
Ауыз қуысын көптеген аурулардың айнасы деуге болады. Денесі қызған адамның ерні кезеріп, аузы құрғаса, басқа жағдайларда тіл ағарып, жарылып немесе ісінсе, енді бір сырқаттарда қызыл иек қанталап, тістің өзі немесе ұясы зақымдалады. Ауыздың шырышты қабықшасында көптеген ауруларға тән алуан бөртпелер, қабыршықтанған ошақтар, оық жаралар қалыптасады.
Мойын тұсын қарағанда веналардың білуіленіп кеңейгенін, артериялардың соғуын, қалқанша без бен моойындағы лимфа түйіндерінің ұлғайғанын, тыртықтарды және басқа ақау-зақымдарды көруге болады. Сау адамның лимфа түйіндері қолмен басып байқағанда да білінбесе, түрлі сырқаттардың әсерінен олардың көлемі, қатты-жұмсақтығы, төңірегіндегі ағзалармен арақатынасы, сезімталдығы өзгереді. Түрлі ауруларда лимфа түйіндерінің сипаты әртүрлі. Рак метастазы жайлаған лимфа түйіндері бірімен бірі біріккен, төңірегіндегі ағзалармен тұтасқан, басқанда ауырмайтын әрі қатты болады. Лимфогранулематоз ауруында олар өте ұлғайып, бірігіп, теріге жайылмай, оның астында бос жайғасса, туберкулезден – іріңдеп, жыланкөздер қалыптастырып, тыртықтанады.
Жалпы тұлғаны қарап зерттегенде қаңқа бұлшықетінің күші мен көлеміне зер салынады. Түрлі себептерден арықтағанда, нерв жүйесінің кейбір сырқаттарынан қаңқа бұлшықеті семіп, әлсірейді. Науқастың бұлшықет күшін дәрігер оған өз қолын қысөызып, тартқызып байқайды, Аяқ-қол бұлшықетінің көлемі сантиметрлік таспамен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет