Есептер: 1.Науқас 32 жаста, салқын тигеннен кейін шырышты қақырық бөлінуімен жөтелге, дене қызуының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Емделмеген. Қарағанда көрінерліктей өзгерістер жоқ. Тыныс қозғалысы симметриялы. ТАЖ 20 рет мин. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Жауырынасты аймағында қатқыл тыныс, сол жерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдар анықтаңыздар?
Б. Мейірбикелік үдерісті қйымдастырыңыз (5 этап).
2. Науқас 42 жаста. Тұтқыр шырышты-іріңді қақырықпен жөтелуге, ентігуге шағымданады. Жағдайының нашарлауын суық басталуымен байланыстырады. Бірнеше жылдан бері ауырады. Жиі салқын тигізіп ауырады. Қарағанда өзгерістер жоқ. Тыныс алу қозғалысы симметриялы. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Тынысы қатқыл, екі жақта да құрғақ ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды анықтаңыз.
Б. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастырыңыз (5 этап).