«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет205/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

6) Өткізу мерзімі: 11-шы апта.
7) Әдебиет:
8) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).
Сұрақтары:

  1. Топографиялық перкуссияның салыстырмалыдан айырмашылығы қандай?

  2. Өкпе ателектазы бар науқастан аускультация кезінде нені анықтауға болады?

  3. Тыныстың жиілеуі қалай аталады?

Тесттер:
1~ Терең, шулы және сирек тыныс :

  1. Куссмауль тынысы

  2. Биотт тынысы

  3. Чейн – Стокс тынысы

  4. Грокко тынысы

  5. аралас тыныс

2~ Бірте – бірте тереңдеп, соңынан тайыздайтын және тыныс тоқталу кезеңдерімен ұласатын сирек тыныс :

  1. Биотт тынысы

  2. Куссмауль тынысы

  3. Чейн – Стокс тынысы

  4. Грокко тынысы

  5. аралас тыныс

3~ Жарты минутке дейін созылатын үзілістері бар бірқалыпты тыныс:

  1. Куссмауль тынысы

  2. Чейн – Стокс тынысы

  3. Грокко тынысы

  4. Биотт тынысы

  5. аралас тыныс

4~ Бір минуттағы қалыпты тыныс саны :

  1. 10-14

  2. 24-28

  3. 32-36

  4. 16-20

  5. 36-40

5~ Егер бір минуттағы тыныс саны 10-14 болса ... деп аталады.

  1. брадипноэ

  2. тахипноэ

  3. апноэ

  4. диспноэ

  5. қалыпты

6~ Тыныс саны бір минутта 36-40 болса ... деп аталады.

  1. тахипноэ

  2. қалыпты

  3. диспноэ

  4. апноэ

  5. брадипноэ

7~ Тыныстың бір сәтке тоқталуы ... деп аталады.

  1. апноэ

  2. қалыпты

  3. тахипноэ

  4. диспноэ

  5. брадипноэ

8~ Дауыс дірілі күшеюі тән:

  1. өкпе тінінің тығыздығына

  2. плевра қуысы жағдайына

  3. кеуде қалыңдығына

  4. бөліктік қабынуға байланысты тығыздалғанда

  5. бронхтардың өткізгіштігіне

9~ Дауыс дірілінің біржақты күшеюіне тән патология:

  1. фиброторакста

  2. гидроторакста

  3. бөліктік қабынуға байланысты тығыздалғанда

  4. обтурациялық ателектазда

  5. пневмоторакста

10~ Дауыс дірілінің біржақты әлсіреу :

  1. обтурациялық ателектазда

  2. ошақты қабынуда

  3. өкпе эмфиземасында

  4. бронхпен байланысты бар өкпеде қуыс пайда болғанда

  5. бөліктік қабынуда

11~ Өпе эмфиземасында дауыс дірілі:

  1. біржақтан күшейеді

  2. өзгермейді

  3. екі жақта да әлсірейді

  4. бір жақтан әлсірейді

  5. екі жақта да күшейеді

12~ Дені сау адам өкпесі үстінде анықталатын перкуторлы дыбыс:

  1. тимпаникалық

  2. тынық

  3. айқын өкпелік

  4. тынықталған

  5. қорапты

13~ Оң өкпе ұшында анықталатын перкуторлы дыбыс:

  1. аз – кем қысқа және жәй өкпелік дыбыс

  2. тынық

  3. тимпаникалық

  4. тынық

  5. қорапты

14~ Өкпенің жоғарғы бөліктері үстінен анықталатын перкуторлы дыбыс:

  1. аз – кем қысқа және жәй өкпелік дыбыс

  2. ашық өкпелік

  3. типаникалық

  4. тынық

  5. тынықталған - тимпаникалық

Есептер:
1.Науқас 32 жаста, салқын тигеннен кейін шырышты қақырық бөлінуімен жөтелге, дене қызуының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Емделмеген. Қарағанда көрінерліктей өзгерістер жоқ. Тыныс қозғалысы симметриялы. ТАЖ 20 рет мин. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Жауырынасты аймағында қатқыл тыныс, сол жерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдар анықтаңыздар?
Б. Мейірбикелік үдерісті қйымдастырыңыз (5 этап).
2. Науқас 42 жаста. Тұтқыр шырышты-іріңді қақырықпен жөтелуге, ентігуге шағымданады. Жағдайының нашарлауын суық басталуымен байланыстырады. Бірнеше жылдан бері ауырады. Жиі салқын тигізіп ауырады. Қарағанда өзгерістер жоқ. Тыныс алу қозғалысы симметриялы. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Тынысы қатқыл, екі жақта да құрғақ ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды анықтаңыз.
Б. Мейірбикелік үдерісті ұйымдастырыңыз (5 этап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет