«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет24/44
Дата19.05.2017
өлшемі10,13 Mb.
#16400
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44

Созылмалы пиелонефрит


Этиологиясы мен патогенезі. Созылмалы пиелонефриттің дамуына мына себептер: а) созылмалы пиелит жағдайында инфекцияның бүйрек түбекшесінен бүйрек тініне тарауы; б) емделмеген жіті пиелонефрит; в) аллергиялық, фармакологиялық себеп-шарттар; г) урологиялық, әйел жыныс салаларының әр түрлі аурулары. Бұл аурумен әйелдер жиі ауырады, себебі әйелдердің жүкті кезі жіті пиелонефритті созылмалы пиелонефритке жиі айналдыратын себеп-шарттардың бірі болып саналады. Созылмалы пиелонефрит пиелит сияқты шартты патологиялық флоралар - ішек таяқшалары, энтерококктар, протейлер т.б. инфекциялардың әсерімен дамиды. Кейбір жағдайларда инфекция бүйрекке қан жолымен (гематогенді) түседі. Инфекция бүйрек түбекшесінен бүйрек паренхимасына таралғанда әуелі бүртікті қабаты, сонан соң ми тәріздес және қабыршақ тәріздес қабаттары зақымданады. Осының әсерінен бүйректер бүріседі, беткейлігі үлкен кедір-бұдырлы болады. Созылмалы пиелонефрит көбінесе біржақты үдеріс болып келеді.

Клиникалық көрінісі. Көп уақытқа дейін кейбір науқастарда шағым болмайды. Кейбір жағдайларда тез шаршау, бастың ауруы, бел аймағының сыздап ауруы, қызулау, зәр бөлінуінің өзгерістері болады. Объективті түрде зерттегенде, аурудың соңғы сатыларында тамыр соғуы қатаяды, жүрек ұшының соғуы күшейеді, артериалдық қан қысымы жоғарылайды. Аурудың асқыну кезеңдерінде қанды зерттегенде - ЭТЖ өседі, лейкоцитоз байқалады. Зәрмен тұрақты түрде аздаған белок (1 %-ке дейін) бөлініп отырады және міндетті түрде зәрде ірің (пиурия) болады. Зәр тұнбасында ерекше «белсенді» лейкоциттерШтергеймерМальбин клеткалары табылады. Егер зәрдің жалпы талдауында іріңді зәр табылмаса, онда зәрді Аддис-Каковский немесе Нечипоренко әдістерімен зерттейді.

Зәрді бактериалық зерттеудің де маңызы зор: қоректік ортаға себу арқылы бактериалардың санын білу (қалыпты жағдайда 1 мл зәрде бактерияның саны 0-10000-ға дейін) және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Созылмалы пиелонефритте бүйректердің зақымдануы бірдей деңгейде болмайтындықтан, керекті жағдайда әрбір несепағардан зәр катетер арқылы бөлек алынып, оң жақ және сол жақ бүйректер жеке тексеріледі.

Бүйректердің қызметін бағалау үшін, олардың әр түрлі заттарды шығару қабілетін жеке-жеке зерттейді, яғни «тазарту коэффициентін» анықтайды (бірінші зақымданған бүйрекіің шығару қабілеті баяулайды). Созылмалы пиелонефриттің диагностикасында ретроградты пиелографияның маңызы зор. Пиелографияда созылмалы пиелонефритке тән бүйрек тостағаншалары мен түбекшелерінің деформациясы және бүйрек өлшемдерінің әр түрлі болып кішіреюі анықталады.

Сканограммада сырқаттың ауыр сатыларында, бүйректердің бүрісуі себебінен, олардың мөлшерінің кішірейгені көрінеді. Диагнозды дәлелдеу үшін бүйректердің инемен тесіп биопсиясын жасауға да болады.

Ағымы. Ауру өршімелі түрде жүреді. Ағымы бойынша созылмалы пиелонефрит жасырын және қайталама болып бөлінеді. Жасырын түрі ұзақ уақыт бойына жасырын жүреді, ал қайталама түрі оқтын-оқтын асқынып отырады. Ақырғы кезеңде бүйрек тіндерінде нефросклероз дамиды. Бұл кезеңде барлық функционалдық сынамалар бұзылады. Науқастың өлімі зәрліқан себебінен болады.

Емдеуі. Ем инфекцияға қарсы бағытталған (антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран препараттары т.б.) және гипертониямен, азототемиямен күресуге бағытталған симптоматикалық терапия болуы керек.

Жіті гломерулонефрит

Жіті жайылмалы гломерулонефрит - бүйрек шумағының алғашқы рет иммунды негізде жайылмалы түрде қабынуын айтады.

Этиологиясы. Жедел гломерулонефрит көбінесе жұқпалы жедел аурулармен (баспа, жәншау, отит, пневмония т.б.) ауырғаннан кейін пайда болады. Әсіресе 12-ші типті А тобының стрептококктарының себебінен басталатын аурулардың маңызы аса зор. Жедел нефриттің себебі пневмококк те, вирустар да бола алады. Кейбір жағдайда жедел нефрит өте қатты салқын тигеннен пайда болады.

Патогенезі. Жедел нефрит инфекциялық аурудан 2-3 апта өткеннен кейін басталады, әрі бұл кезде бүйрек тінінен стрептококк бөлінбейді. Жедел нефритгің басталуы стрептококке антиденелердің түзілу кезеңімен қатар келеді. Бұл мәліметтер жедел нефриттің жұқпалық-аллергиялық ауру екенін куәландырады.

Сонымен қатар, жедел гломерулонефритте бүйрек шумақтарының капиллярларымен бірге басқа мүшелермен тіндердің де қан тамырлары зақымданады. Яғни, жедел гломерулонефрит жалпы қан тамырларының зақымдануы болып табылады. Бірақ жедел нефритте көбінесе бүйрек шумақтары зиян шегеді, бұл бүйректің бөліп шығару қызметінің өзгеше ерекшеліктерімен байланысты екенін көрсетеді.

Клиникалық көрінісі. Ол негізгі үш синдромдармен анықталады; ісіну, гипертония және зәр өзгерістерімен (гематурия, протеинурия).

Негізгі арыз шағымдары: ісіктің болуы, бас ауруы, демікпе, көздің көру қабілетінің нашарлауы, бел маңының ауруы, тәуліктік зәр мөлшерінің азаюы, несептің түсінің өзгеруі, естен тануы. Ісіну шумақ фильтрациясы азайып, организмде натрий мен су көбейгеннен пайда болады. Сонымен қатар бүйрек үсті бездерінде альдостеронның көп мөлшерде пайда болуымен, капилляр қабырғаларының өткізгіштігінің артуымен де сипатталады.

Ісік ауырған адамның 70-90 %-де кездеседі және онда бүйрек ісігіне тән белгілердің бәрі болады.

Бас ауруы артериялық қан қысымының көтерілуіне тікелей байланысты болады.

Демікпе артериялық гипертензияның және өкпе мен жүрек қабы қуыстарында ісік сұйықтығы жиналуының салдарынан болады. Көз көруінің нашарлауы, көздің тор қабығы тамырларының түйілуі мен оған қан құйылудың нәтижесінде пайда болады. Бүйректің ісініп, оның капсуласының керілуінен бел маңында сыздап ауырғаны байқалады, ауыру сезімі екі жақ бүйірде бірдей болады. Шумақ сүзгісінің бұзылуына байланысты зәрдің бөлінуі азаяды (олигурия). Олигурия ісіну пайда болған мезгілге сай келеді, кейбір кезде зәрдің мүлде болмауы мүмкін (анурия).

Қан аралас зәрде гематурия түсі «ет шайындысының» түсіндей болады. Қарап зерттегенде науқастың терісі бозарған, беттері, қабақтары, бүкіл денесі ісініп тұрады. Кейбір науқастар қатты ентіккендіктен отырғанды қалайды. Қатаң жағдайларда бүйрек эклампсиясының ұстамасы дамиды. Ұстаманың алдында науқастарда артериялық қан кысымы көтеріледі, бас ауыруы күшейеді.

Пальпация әдісімен ісіктің сипатын және таралуын, сонымен қатар қан тамырын зерттеуге болады. Жедел нефритте тамыр соғуы қатайған және жәй болады. Артериялық қан қысымының жоғарылау себебінен сол жақ қарынша қалыңдайды (гипертрофияға), сондықтан жүрек ұшының соғуы солға ығысып, күшейеді. Жалпы ісіну кезінде кеуде клеткасының перкуссиясы арқылы өкпе қабы қуысындағы сұйықтықты (транссудат), өкпе түбіріндегі қан іркілісін анықтауға болады. Жүрек тұйықтығы шекарасы бұғана ортаңғы сызықтан солға қарай ығысады.

Өкпені тындағанда везикулярлық, кейде қатаң везикулярлық тыныс естіледі, егер өкпеде қан іркілісі болса, құрғақ және ылғалды іркілістің салдарынан сырылдар да пайда болады. Жүректі тындағанда брадикардия (каротид синусындағы барорецепторлардың тітіркенуі) болады. Жүрек ұшында бірінші дыбыс әлсіз болады. Систолалық шуылдың естілуі мүмкін (сол жақ қарынша кеңейген жағдайда). Артериялық қан қысымының жоғарылауы себебінен қолқа үстінен екінші дыбыстың күшейгені анықталады. Рентгенологиялық зерттеу кезінде кеуде қуыстарында транссудаттың және өкпе түбірінде қан іркілісі анықталады. Жүректің сол жақ қарыншасының кеңеюі мен қалындауы анық көрінеді (жүрек ұшы дөңгеленген болып келеді). Артериялық қан қысымының жоғарылауы науқастардың 70-80 %-де кездеседі. Қан қысымын анықтауда сфигмоманометр арқылы зерттеудің маңызы зор, систолалық қысым 200-220 мм сынап бағанасына дейін, диастолалық қысым 100-120 мм сынап бағынасына дейін көтеріледі.

Электрокардиографиялық зерттеу жүректің сол жақ қарын-шасының гипертрофиясының белгілерін табуға көмектеседі. Жіті нефритте міндетті түрде несептің өзгеру синдромдары болады.

Ісік көбейген кезеңде зәрдің бөлінуі азаяды (олигурия). Бүйрек капиллярларының өткізгіштігінің күшеюіне байланысты жедел нефритпен ауыратын науқастың зәрінде белок пен эритроциттер көбейе түседі. Зәр тұнбасын микроскоп арқылы зерттегенде көбіне гиалинды цилиндрлермен бүйрек эпителиінің клеткалары табылады. Жіті нефрит кезінде бүйректің азотты бөліп шығару қызметі анау айтқандай бұзылмайды. Тек қана анурия кезінде науқастың қанында азот қалдықтары жиналады. Тазарту сынамасы шумақ сүзгісінің төмендегенін көрсетеді.

Жіті гломерулонефрит жұқпалы аурулармен қатар аллергияның иммунологиялық өзгерістермен сипатталады. Аурудың жедел кезеңінде науқас қанының сары суында альфа-2 және гамма глобулиндердің мөлшері көбейеді.

Қазіргі уақытта жедел гломерулонефрит көп жағдайда жеңіл түрде аздаған клиникалық белгілермен білінеді, бұл диагноз қоюды, керекті емді дер кезінде жүргізуді қиындатады. Аурудың бұл түрлері керекті ем уақытында жүргізілмесе созылмалы гломерулонефритке айналады.

Жіті гломерулонефриттің ең қатаң асқынысы - бүйректік эклампсия болады. Ол 4-10 %-ке дейінгі жиілікпен кездеседі. Эклампсия ұстамасында науқастың денесі құрысып, басы өте қатты ауырады, кейде көзі көрмей және сөйлей алмай қалуы мүмкін. Бұндай жағдай қан қысымының көтерілуімен, ми қан айналысының бұзылып, оның ісінуімен байланысты болады. Ұстама көбінесе аз уақытқа ғана созылады.

Ашмы: жедел гломерулонефриттің көп жағдайда ұзақтығы бірнеше аптаға немесе айға созылады. Сауығудың алғашқы белгісі ісік таралып, кейін соң барып артериалдық қан қысымы төмендейді. Аурудың алғашқы белгілері жоғалғаннан кейін де аздаған гематурия мен протеинурия бірнеше айға сақталады. Науқастардың кейбірі толық сауықпайды, ауруы созылмалы түрге айналады.

1. Емдәм - емдеудің негізі. Қолданатын тамақта натрий мен суды азайту қажет. Бастапқыда тағамда ас тұзы аз болуы керек (бір күнге 0,5-2,0 NаСl). Ішетін судың көлемі алдыңғы тәуліктегі диурезден 400-500 мл артық болуы шарт. Алғашқы кезде 3-4 аптаға дейін, тағамда белокты азайтады (тәулігіне 0,5 г/кг).

2. 3-4 апта бойына қатаң төсектік тәртіпті сақтау қажет. Ол қан қысымының, қалдық азоттың қалыпқа келгеніне дейін және несеп тұнбасының көзге көрінерлік жақсарғанына дейін созылады. Кейде төсек тәртібі 6-10 аптаға дейін созылады.

3. Қан қысымының жоғарылауын емдеу (раувольфия препараттары). Бүйрек эклампсиясында жүргізілетін ем: 1) 500 мл қан жіберу; 2) 2,5 %-25 мг аминазинді бұлшық етке 2-3 рет егу; 3) ганглиоблокаторларды егу; 4) жұлынды тесіп, сұйықтық алу.

4. Антибиотикотерапия: пенициллин, эритромицин, т.б.

5. Жедел нефрит клиникасында нефротикалық синдром (протеинурия, гипопротеинемия, ісіктер т.б.) орын алса глюкокортикостероидтар қолданылады.

Жедел нефриттің алдын алу шарасында денені шынықтыру және әр түрлі инфекция ошақтарынан (шіріген тіс, созылмалы тонзиллит, гайморит, т. б.) денені мұқият сақтандыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет