«бекітемін» Оқу-әдістемелік жұмыстар


Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен



бет2/27
Дата16.06.2020
өлшемі445 Kb.
#73655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
pedagog-psiholog-2018

Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен

міндеттері

Қабылдау емтиханының мақсаты: жинақталған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін, сонымен қатар нақты пәндер мен жалпы магистрлық бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.

Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық-психологиялық пәндердің негіздерін және алған білімдерін теориялық, қолданбалы тапсырмаларды шешуде қолдана білу қабілетін анықтау.

Магистратураға қабылдау емтиханы – тест.



2. Магистратураға қабылданушы тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу ережесі Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратураға қабылдау жөніндегі типтік ережесі негізінде анықталады. Бағдарлама 6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары және типтік оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған.

6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын талапкер өзінің кәсіби бағытталуы бойынша білуі тиіс: ҚР «Білім туралы» нормативтік құжаттарын, өз мамандықтары аясында іргелі ғылымдар негіздерін, педагогикалық әрекеттің инновациялық жүйесін, қазіргі педагогиканың әдіснамалық жағдайын, адам психикасының заңдылықтары мен механизмдерінің мәнін, жаңа психологияның негізгі жетістіктері мен бағыттарын, педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің технологиясын, кәсіби этиканың негізгі жағдайларын және оларды еңбек іс-әрекетінде қолдана алу біліктерін, өндірісте техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелерін сақтау және оларды басқалардан талап етуді, менеджмент негіздерін және персоналды басқаруды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет