Тәрбие процесінің теориялық негіздері.
Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім
қызметінің объектісі
Педагогика пәні және мұғалімнің іс-әрекет объектісі мектеп тәжірибесінде, оқу құралдарында, бағдарламаларда осы ұғымдардың дамуы.
Мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттері. Оқушы педагогикалық процестің субъектісі.
Уақыт пен кеңістіктегі тұтас педагогикалық процестің үш қызметінің (білімділік, дамытушылық, және тәрбиелік) өзара байланысы және бірлігі.
Жеке тұлғаның тұтастығы – педагогикалық процестің үш бірлігі қызметін іске асыруды түсіндірудің негізі. Жеке тұлғаның шығармашылығы. Жеке тұлғаның дарындылығы, тұтас педагогикалық процестегі оқу және оқудан тыс іс-әрекеттердің бірлігі.
Педагогикалық процестің қозғаушы күштері. Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері. Оқу-тәрбие процесінің құралдары. Іс-әрекет педагогикалық процесті іске асырудың құралы, соның ішіндегі қызметін іске асырушы. Іс-әрекеттің негізгі түрлері (еңбек, қарым-қатынас, таным, ойын), олардың мектептің оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктері. Оқушының шығармашылық іс-әрекеті.
Педагогикалық процесті басқару. Оны болжау, қазіргі жағдайын диагностикалау мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |