3. Математика негіздері
10 саны
Мақсаты: -10 санының жазбасын заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету;
-заттарды санау және ретімен санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру;
-10 санын дұрыс тануға 1 және 0 цифрларымен бейнелеуге үйрету; зейін мен ойлауды дамыту;
-есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту.
|
3. Қоршаған ортамен танысу.
Біздің өлкемізде қандай жануарлар тіршілік етеді?
Мақсаты: жабайы жануарлардың тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту;
-жануарлардың сырт келбетіндегі ерекшеліктері мен жылдың әртүрлі мезгіліндегі тіршілігі жайлы сипаттама жасау қабілеттерін қалыптастыру;
-себеп-салдар байланысын анықтау қабілеттерін дамыту.
|
3. Қазақ тілі
Ойнайық та ойлайық
-меңгерген сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдануға талпындыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету;
-ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру. Қазақ
тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру;
-бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
|
3. Қоршаған ортамен танысу
Барлық ағаштардың жапырағы түсе ме?
Мақсаты:
-күзгі табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
-балалардың табиғатқа қатысты қарапайым білімдерін күшейтіп, табиғатпен қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру;
-баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту.
|