Бекітемін Оқу жұмысы және жаңа технологиялар



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата22.04.2023
өлшемі480,48 Kb.
#175158
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
Әдебиеттануға кіріспе
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, конспект лекции а қша несие банк(каз), 1 дәріс, 26-sabak, Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет, Документ Microsoft Office Word (3), takirov adebiet (1)
 Әдістемелік нұсқауы: 
Әдебиеттегі көркем бейне туралы пікірлерді жан-жақты салыстыра отырып
зерттеу. Көркем бейненің көркем әдебиеттегі орнын айқындау. Көркем
туындылардан мысал келтіру арқылы талдау.
Пайдаланылатын әдебиет:


1 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш.- Алматы, 1992 ж.
2 Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы, 1992ж.
3 Нұрқат А. Идея және образ.- Алматы 1962ж.
4 Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру.-Алматы,1970ж.
5 Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. -Алматы, 1991ж.
Бақылау сұрақтары:
1 Образ дегеніміз не?
2 Образ қандай түрлерге бөлінеді?
3 Әдеби тип, прототип дегеніміз не?
4 А.Байтұрсынұлы образға қандай анықтама берді?
5 Образ туралы зерттеген ғалымдар кім?
Тақырып №3:
Тақырып пен идея. Сюжгт пен композиция.
Мақсаты: 
Көркем шығарманың құрылысы - мазмұн мен пішін және олардың өзара
бірлігіне; тақырып пен идея, олардың түрлеріне; сюжет пен композицияға
тоқталу. Сюжеттің бес кезеңіне байланысты көркем шығармадан талдау жасау
арқылы түсіндіру.
Жоспары:
1 Мазмұн мен пішіннің бірлігі
2 Тақырып пен идея 
3 Сюжет пен композиция
4 Сюжет пен фабула
5 Сюжеттің кезеңдері
Мазмұны: 
Мазмұн мен пішін туралы ұғым, олардың бірлігі, ғалымдар
пайымдаулары.
Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен арақатынасы.
Мазмұнның пішінге қарағанда басымдылығы. Мазмұнның көркем әдебиетте
тақырып пен идеяға негізділігі, пішіннің образдар жүйесіне қатыстылығы.
Әсемдіктің өмір мен өнердегі қызметі. Эстетика туралы түсінік. Негізгі
эстетикалық категориялар. Эстетикалық сезім мен талғам. Көркем пішіннің
ажырамас бірлігі мен бейнелілігі. Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы
және пішіннің өзгермелі қасиеті. Көркем шығармадағы мазмұн мен пігінге
қатысты қазіргі ғылыми ой-тұжырымдар. Өнер туындысының тақырыбы
туралы пайымдаулар. Көркем шығарманың тақырыбы туралы түсініктер.
Тақырып табу және шығармашылық процесс. Тақырып пен идеяның тығыз
байланысы. Шығарма тақырыбы және онда көрініс табатын шындық өмірдің
мәні мен мазмұны. Кез-келген шығарма белгілі бір идеяны үндейді. Ал қандай
идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына
негізделінеді. Көркем шығарманың идеясын айқындау тек оның мазмұнын ғана
айту емес, сол идеяны образ арқылы (адам образы) оқырманның ой-сезіміне
қалай жететіндігін ашу. Шығармадағы оқиға байланысы, дамуы, дәлелденуі,
шарықтау шегі, шешуі – жалпы құрылысы, адам образы, олардың жасалу


жолдары – бәрі шығармадағы негізгі идеяны оқырманға жеткізу үшін керек нәрсе.
Шығарманың идеясын ашу үшін ең шешуші орын алатыны – адам образы. Негізгі
идея. Оның алғышарттары мен принциптері. Авторлық идея және
шығармашылық фантазия. Обьективті идея. Оның шығу тенденциялары.
Қаламгар идеясының обьективтілік ерекшеліктері мен субьективтілік қасиеті.
Идеяның күрделілігі. Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-
қатынасы, тартыстың нақты көрінісі екендігі. Өмірдегі тартысты
қайшылықтардың өнер шығармасындағы көрініс табу ерекшеліктері.
Тартыстың көркем шығармадағы мәні мен маңызы, оның қозғаушы күш
екендігі. Оқиғаның құрылыс тәртібі. Сюжет пен фабула. Лирикалық
шығармадағы сюжет. Сюжетсіз шығармалар. Композиция – көркем шығарма
құрылысы, образдың өзара жүйелі байланысуы. Композицияның негізгі
композициялары. Көркем шығарма композициясының негізгі талабы. Көркем
шығарма композициясының жанрлық ерекшеліктері. Шығарма
композициясының уақыт пен кеңістік. Сюжет пен композицияның өзара бірлігі.
Пролог пен эпилог туралы қазіргі ой-пікірлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет