«Бекітемін» Педагогикалық институтының директоры



бет6/7
Дата09.08.2017
өлшемі1,25 Mb.
#23009
1   2   3   4   5   6   7
§ 1.1

§ 1.2
ІІ тарау

§ 2.1

§ 2.2
Қорытынды .............................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................



РЕФЕРАТТЫҢ ТИТУЛДЫҚ БЕТІНІҢ ҮЛГІСІ.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Педагогика институты.
Тарих бөлімі
ҚР тарихы кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: ---------------------------------------------------------------------------------------------

тақырып атауы



Тексерген: ------------------------------------

(оқытушының аты – жөні)





Орындаған студент: -------------------------------------------

(студенттің аты-жөні)



Орал – ж.




  1. -----------

  2. Оқитындардың оқу пәні бойынша бақылау және бағалауға арналған материалдар.

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:




«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша білім бағалау кестесі




Бағалау үлгісі

Бағалау түрі

Апта







Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Дәріс

0,6

8,4




·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

2

Жеке тапсырма

(ауызша жауап)




2,4

9,6










·







·







·




·










4

Бақылау жұмысы


7

14






















·
















·




5

Практикалық сабақтардағы белсенділігі

2

28




·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

7

Р12




60














































8

Емтихан




40














































Барлығы




100













































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.



Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Түркі халықтарының тарихы курсы нені зерттейді?

  2. Түркі халықтары тарихы курсының мақсаты?

  3. «Түркітану» ұғымына түсінік беріңіз?

  4. «Түркі» этнониміне түсінік беріңіз?

  5. Түркі елі өзі өмір сүрген 1500 жыл ішінде неше рет гүлдену-құлдырауды бастан кешірді?

  6. Түркі елінің бірінші гүлдену-өрлеу уақыты?

  7. Түркі елінің бірінші дағдарыс-құлдырау уақыты?

  8. Түркі елінің екінші гүлдену-өрлеу уақыты?

  9. Түркі елінің екінші дағдарыс-құлдырау уақыты?

  10. Түркі елінің үшінші гүлдену-өрлеу уақыты?

  11. Түркі елінің үшінші дағдарыс-құлдырау уақыты?

  12. Түркі елінің төртінші гүлдену-өрлеу уақыты?

  13. Түркі елінің төртінші дағдарыс-құлдырау уақыты?

  14. Ариліктер кімдер?

  15. «Андронов мәдениеті» ұғымына түсінік бер?

  16. Авеста не?

  17. Тарихтың атасы – Геродот сақтардың қай тобы туралы жазған?

  18. Б.з.д. 558 – 530 жылдар аралығында жылы Оңтүстік Батыс Иран үстіртінің парсы патшасы Кир иелігіне кірген төрт патшалық?

  19. Сырдарияның ежелгі аты?

  20. Амударияның ежелгі аты?

  21. Кир б.з.д. 530 ж. қай өзеннің жағалауындағы шайқаста қаза тапқан?

  22. Б.з.д. 519ж. парсы билеушісі Дарий сақтардың қай тобымен шайқасады?

  23. Сақтарға қарсы жорық жазылған - «Әскери қулықтар» еңбегінің авторы?

  24. «Сақ әйелдері ержүрек келедііі, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді»,- деп жазған кім?

  25. Бань-Гу еңбегі?

  26. «Хоу Хань-шу» (Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары) атты еңбектің авторы?

  27. Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цяньның еңбегі?

  28. Ғұндар туралы құнды дерек қалдырған 14 жыл бойы Қытайдағы діни миссияның басшысы, орыс тарихшысы?

  29. Ғұндар тарихына арналаған Л.Н.Гумилевтің еңбегі?

  30. Ғұндардың бірінші тобының мекен еткен аумақ?

  31. Ғұндардың екінші тобының мекен еткен аумағы?

  32. Ғұндардың үшінші тобының мекен еткен аумағы?

  33. Ғұндарда қандай сала жоғары дамыған?

  34. Ғұн шаньюйінің ұлы Модэ кімдерге кепілдікке берілді?

  35. Қаңлы елінің ордасы болған Битен қаласының қазіргі орнын жапон ғалымы Сиратори қай жерде деп көрсетеді?

  36. Кімнің басшылығымен жүзеге асқан археологиялық экспедициясының нәтижесінде қаңлылардың І ғасырдағы саяси орталығы Отырар деп анықталады?

  37. Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы, ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті қолбасшысы?

  38. Орхон-Енисей құлпытастарын алғаш зерттеген кім?

  39. 1889 жылы Орхон-Енисей ескерткішінің Монғолия жерінен жаңа нұсқасын тапқан орыс ғалымы?

  40. Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған кім?

  41. Кім орхондық түркілерде қолданылған жыл санау жүйесінің дұрыс пайдалану жолын көрсетті?

  42. Көне түркі жазба жәдігерліктерін зернттеп білу процесін шартты түрде неше кезеңге бөлеміз?

  43. Қарлұқтар туралы алғашқы деректер қай ғасырға жатады?

  44. Қарлұқтар тұсында Шу және Талас өзендері маңында қандай жаңа қалалар пайда болды?

  45. IXғ. мен XIғ. бас кезінде қай тайпалар Сырдариядан Еділге дейінгі аймақты иеленді?

  46. Xғ. соңында оғыздар кімдермен одақтасып Хазар қағанаты мен Еділ бұлғарларын талқандады?

  47. Оғыз қоғамында маңызды роль атқарған әскербасы қандай лауазыммен аталған?

  48. Қарахан әулетінің негізін салушы?

  49. Қарахан мемлекетінің тарихи шеңбері?

  50. Қай ертефеодалдық мемлекетте ислам діні қабылданып, мемлекеттік дін мәртебесін алды?

  51. Қарахандар мемлекетінде салық жинау құқығын иемденуші қалай аталды?

  52. Наймандар, керейттер, жалайырлардың көшпелі мал шаруашылығындағы көшу тәсілдері?

  53. Наймандар мен керейттер қашан христиан дінінің несториан тармағын қабылдады?

  54. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай атайды?

  55. Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі?

  56. Қыпшақтар жөнінде мәліметтер қалдырған араб халифатының мемлекеттік қызметшісі?

  57. IX-XIIIғғ. Қыпшақтар жөніндегі араб, парсы авторларының еңбектері қандай ғылым негізінде жазылды?

  58. Кімдер қыпшақтарды “кумандар” деп атаған?

  59. Тоғыз сан оығздардың конфедерациясына басшылық еткен тайпа?

  60. «Басымыл» ұғымы нені білдіреді?

  61. ҮІ-ХІІІ ғ.ғ. Енисейдің орта тұсын мекен еткен түркі халқы?

  62. ҮІІ ғасырдың ортасында Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде құрылған алғашқы феодалдық мемлекет?

  63. ІХ ғасырдың соңы мен Х ғасырдың ортасында Арал және Каспий теңіздері маңындағы аймақтарда құрылған мемлекет?

  64. ХІ-ХІІ ғасырларда бүкіл орта және таяу шығысты, Түркиядан Кіші Азияға дейін билік еткен держава?

  65. Хорезм туралы алғаш қай жазбаларда айтылады?

  66. Хорезм археологиялық экспедициясын кім басқарды?

  67. Әл-Фараби шығармалары?

  68. М.Қашқари еңбегі?

  69. М.Қашқаридің еңбегі қашан жазылып біткен?

  70. Ж.Баласағуни дастаны?

  71. Қожа Ахмет Иасауидың туындысы?

  72. XIІғ. ортасында Монғолдық Алтай мен Ертістің жоғарғы сағасынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, Орхон мен Керуленнің батысына қарай жылжи бастаған кандай тайпалар?

  73. Темучин барлық монғол тайпаларын қол астына біріктіру үшін қанша уақыт күрес жүргізді?

  74. Отырар апаты қашан болды?

  75. Сығанақ қорғанысы қанша уақытқа созылды?

  76. Ашнас қаласын басып алуда Монғол армиясын кім басқарды?

  77. Шығыс Еуропаны бағындыруға Батый қолы қашан аттанды және бүл армияның айтарлықтай болігін кімдер қүрады?

  78. Берке хан Алтын Орданы қай жыддары биледі?

  79. Куликово шайқасында Алтын Ордд әскерін кім басқарды?

  80. 1359-1379ж. Алтын Орда тарихында қандай кезең деп аталады?


8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Ноғай Ордасының негізін қалаған кім?

  2. Кімнің тұсында Ноғай Ордасы түпкілікті қалыптасты?

  3. Орыс мемлекеті қашан Қазан хандығын бағындырды?

  4. Орыс мемлекеті қашан Астрахань хандығын бағындырды?

  5. Ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырықстардың нәтижесінде Ноғай Ордасы қашан мемлекет болудан қалды?

  6. Қай жылы Ермак казак отрядтары Сібір хандығының астанасын басып алып, оны Ресейдің қол астына қаратты?

  7. Ермак қай жылы Көшім мен оның әскербасылары құрған торға түсіп, қаза болады?

  8. Тюмень қаласы қашан салынды?

  9. Қашан Ресей империясы Азовты басып алды?

  10. І Петр қашан Персияға жорығын бастайды?

  11. Иран шахы қашан Каспийдің батыс және оңтүстік жағалауының Ресей иелігіне өтуін мойындаған шартқа қол қойды?

  12. «Солтүстік соғыс» неше жылға созылды?

  13. 1774 жылы Түркия Ресейден жеңілген соң Ресейге қай жерлер қосылды?

  14. «Әбілқайыр ханның тарихы» деген еңбектің авторы?

  15. Әбілқайыр хандығының өмір сүрген жылдары?

  16. Моғолстан хандығының өмір сүрген жылдары?

  17. 1462-1487 ж.ж. Моғолстанды кім биледі?

  18. Аса ірі шығыстанушы В.В.Бартольдтің пікірінше, «қазақ» сөзінің төркіні?

  19. Мұхаммед Хайдар Дулатидің пацымдауынша «қазақ» сөзінің төркіні?

  20. Қазақ есімінің ІХ-Х ғасырларда болғанын әдеби, тарихи деректермен дәлелдеп берген венгер ғалымы?

  21. Қазақ халқының қалыптасу процесі қашан аяқталды?

  22. «Тарих-и Рашиди» еңбегі бойынша Қазақ хандығы қашан құрылған?

  23. Қасым хан билеген жылдар?

  24. «Қайта өрлеу дәуірі» деген кезең қай қазақ ханының билеген жылдарымен байланысты?

  25. Шығай ханның баласы Есім билік еткен жылдар?

  26. Жоңғар-қазақ қарым-қатынастары туралы жазылған көлемді еңбек?

  27. Қазақтар жоңғарларды Орбұлақ шайқасында қай жылы жеңді?

  28. Жоңғарлар Қазақстанның қанша жерін басып алды?

  29. Қай жылы Жоңғар мемлекетін Цин империясы жаулап алды?

  30. Қашан Жоңғар хандығы тарих сахынасынан жойылып кетті?

  31. Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан Петербургке К.Көбекұлы бастаған елшілікті қай жылы жіберді?

  32. Абылай қай жылдары хандық құрды?

  33. “… біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен, шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды”- деп жазған?

  34. Абылай тұсында Қазақ хандығының астанасы?

  35. Шежіре деректері бойынша қырғыздар неше тайпадан тұрған?

  36. Қырғыздар қашан ұлт болып қалыптасып, өзінің ұлттық мемлекетін құрды?

  37. Өзбек диалектісінің негізгілері?

  38. Түркімен жерінде экономикасы жақсы өркендеген облыстар?

  39. Қашан Түрікмен-Орыс байланысы дами бастады?

  40. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі не?

  41. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан революциясынан кейін қазақ зиялылары қандай мемлекет құрғысы келді?

  42. Азамат соғысы жылдарындағы Ақтөбе, Семей, Орал майдандары Қазақстан үшін қандай рөл атқарды?

  43. Түркістан Автономиялық республикасы қай жылы құрылды?

  44. Қазақ АССР-і қай жылы құрылды?


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет