«Бекітемін» Педагогикалық институтының директоры


Емтиханға дайындық сұрақтары



бет7/7
Дата09.08.2017
өлшемі1,25 Mb.
#23009
1   2   3   4   5   6   7

Емтиханға дайындық сұрақтары.

  1. Түркі халықтарының тарихы курсы нені зерттейді?

  2. Түркі халықтары тарихы курсының мақсаты?

  3. «Түркітану» ұғымына түсінік беріңіз?

  4. «Түркі» этнониміне түсінік беріңіз?

  5. Түркі елі өзі өмір сүрген 1500 жыл ішінде неше рет гүлдену-құлдырауды бастан кешірді?

  6. Түркі елінің бірінші гүлдену-өрлеу уақыты?

  7. Түркі елінің бірінші дағдарыс-құлдырау уақыты?

  8. Түркі елінің екінші гүлдену-өрлеу уақыты?

  9. Түркі елінің екінші дағдарыс-құлдырау уақыты?

  10. Түркі елінің үшінші гүлдену-өрлеу уақыты?

  11. Түркі елінің үшінші дағдарыс-құлдырау уақыты?

  12. Түркі елінің төртінші гүлдену-өрлеу уақыты?

  13. Түркі елінің төртінші дағдарыс-құлдырау уақыты?

  14. Ариліктер кімдер?

  15. «Андронов мәдениеті» ұғымына түсінік бер?

  16. Авеста не?

  17. Тарихтың атасы – Геродот сақтардың қай тобы туралы жазған?

  18. Б.з.д. 558 – 530 жылдар аралығында жылы Оңтүстік Батыс Иран үстіртінің парсы патшасы Кир иелігіне кірген төрт патшалық?

  19. Сырдарияның ежелгі аты?

  20. Амударияның ежелгі аты?

  21. Кир б.з.д. 530 ж. қай өзеннің жағалауындағы шайқаста қаза тапқан?

  22. Б.з.д. 519ж. парсы билеушісі Дарий сақтардың қай тобымен шайқасады?

  23. Сақтарға қарсы жорық жазылған - «Әскери қулықтар» еңбегінің авторы?

  24. «Сақ әйелдері ержүрек келедііі, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді»,- деп жазған кім?

  25. Бань-Гу еңбегі?

  26. «Хоу Хань-шу» (Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары) атты еңбектің авторы?

  27. Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цяньның еңбегі?

  28. Ғұндар туралы құнды дерек қалдырған 14 жыл бойы Қытайдағы діни миссияның басшысы, орыс тарихшысы?

  29. Ғұндар тарихына арналаған Л.Н.Гумилевтің еңбегі?

  30. Ғұндардың бірінші тобының мекен еткен аумақ?

  31. Ғұндардың екінші тобының мекен еткен аумағы?

  32. Ғұндардың үшінші тобының мекен еткен аумағы?

  33. Ғұндарда қандай сала жоғары дамыған?

  34. Ғұн шаньюйінің ұлы Модэ кімдерге кепілдікке берілді?

  35. Қаңлы елінің ордасы болған Битен қаласының қазіргі орнын жапон ғалымы Сиратори қай жерде деп көрсетеді?

  36. Кімнің басшылығымен жүзеге асқан археологиялық экспедициясының нәтижесінде қаңлылардың І ғасырдағы саяси орталығы Отырар деп анықталады?

  37. Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы, ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті қолбасшысы?

  38. Орхон-Енисей құлпытастарын алғаш зерттеген кім?

  39. 1889 жылы Орхон-Енисей ескерткішінің Монғолия жерінен жаңа нұсқасын тапқан орыс ғалымы?

  40. Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған кім?

  41. Кім орхондық түркілерде қолданылған жыл санау жүйесінің дұрыс пайдалану жолын көрсетті?

  42. Көне түркі жазба жәдігерліктерін зернттеп білу процесін шартты түрде неше кезеңге бөлеміз?

  43. Қарлұқтар туралы алғашқы деректер қай ғасырға жатады?

  44. Қарлұқтар тұсында Шу және Талас өзендері маңында қандай жаңа қалалар пайда болды?

  45. IXғ. мен XIғ. бас кезінде қай тайпалар Сырдариядан Еділге дейінгі аймақты иеленді?

  46. Xғ. соңында оғыздар кімдермен одақтасып Хазар қағанаты мен Еділ бұлғарларын талқандады?

  47. Оғыз қоғамында маңызды роль атқарған әскербасы қандай лауазыммен аталған?

  48. Қарахан әулетінің негізін салушы?

  49. Қарахан мемлекетінің тарихи шеңбері?

  50. Қай ертефеодалдық мемлекетте ислам діні қабылданып, мемлекеттік дін мәртебесін алды?

  51. Қарахандар мемлекетінде салық жинау құқығын иемденуші қалай аталды?

  52. Наймандар, керейттер, жалайырлардың көшпелі мал шаруашылығындағы көшу тәсілдері?

  53. Наймандар мен керейттер қашан христиан дінінің несториан тармағын қабылдады?

  54. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай атайды?

  55. Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі?

  56. Қыпшақтар жөнінде мәліметтер қалдырған араб халифатының мемлекеттік қызметшісі?

  57. IX-XIIIғғ. Қыпшақтар жөніндегі араб, парсы авторларының еңбектері қандай ғылым негізінде жазылды?

  58. Кімдер қыпшақтарды “кумандар” деп атаған?

  59. Тоғыз сан оығздардың конфедерациясына басшылық еткен тайпа?

  60. «Басымыл» ұғымы нені білдіреді?

  61. ҮІ-ХІІІ ғ.ғ. Енисейдің орта тұсын мекен еткен түркі халқы?

  62. ҮІІ ғасырдың ортасында Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде құрылған алғашқы феодалдық мемлекет?

  63. ІХ ғасырдың соңы мен Х ғасырдың ортасында Арал және Каспий теңіздері маңындағы аймақтарда құрылған мемлекет?

  64. ХІ-ХІІ ғасырларда бүкіл орта және таяу шығысты, Түркиядан Кіші Азияға дейін билік еткен держава?

  65. Хорезм туралы алғаш қай жазбаларда айтылады?

  66. Хорезм археологиялық экспедициясын кім басқарды?

  67. Әл-Фараби шығармалары?

  68. М.Қашқари еңбегі?

  69. М.Қашқаридің еңбегі қашан жазылып біткен?

  70. Ж.Баласағуни дастаны?

  71. Қожа Ахмет Иасауидың туындысы?

  72. XIІғ. ортасында Монғолдық Алтай мен Ертістің жоғарғы сағасынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, Орхон мен Керуленнің батысына қарай жылжи бастаған кандай тайпалар?

  73. Темучин барлық монғол тайпаларын қол астына біріктіру үшін қанша уақыт күрес жүргізді?

  74. Отырар апаты қашан болды?

  75. Сығанақ қорғанысы қанша уақытқа созылды?

  76. Ашнас қаласын басып алуда Монғол армиясын кім басқарды?

  77. Шығыс Еуропаны бағындыруға Батый қолы қашан аттанды және бүл армияның айтарлықтай болігін кімдер қүрады?

  78. Берке хан Алтын Орданы қай жыддары биледі?

  79. Куликово шайқасында Алтын Ордд әскерін кім басқарды?

  80. 1359-1379ж. Алтын Орда тарихында қандай кезең деп аталады?

  81. Ноғай Ордасының негізін қалаған кім?

  82. Кімнің тұсында Ноғай Ордасы түпкілікті қалыптасты?

  83. Орыс мемлекеті қашан Қазан хандығын бағындырды?

  84. Орыс мемлекеті қашан Астрахань хандығын бағындырды?

  85. Ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырықстардың нәтижесінде Ноғай Ордасы қашан мемлекет болудан қалды?

  86. Қай жылы Ермак казак отрядтары Сібір хандығының астанасын басып алып, оны Ресейдің қол астына қаратты?

  87. Ермак қай жылы Көшім мен оның әскербасылары құрған торға түсіп, қаза болады?

  88. Тюмень қаласы қашан салынды?

  89. Қашан Ресей империясы Азовты басып алды?

  90. І Петр қашан Персияға жорығын бастайды?

  91. Иран шахы қашан Каспийдің батыс және оңтүстік жағалауының Ресей иелігіне өтуін мойындаған шартқа қол қойды?

  92. «Солтүстік соғыс» неше жылға созылды?

  93. 1774 жылы Түркия Ресейден жеңілген соң Ресейге қай жерлер қосылды?

  94. «Әбілқайыр ханның тарихы» деген еңбектің авторы?

  95. Әбілқайыр хандығының өмір сүрген жылдары?

  96. Моғолстан хандығының өмір сүрген жылдары?

  97. 1462-1487 ж.ж. Моғолстанды кім биледі?

  98. Аса ірі шығыстанушы В.В.Бартольдтің пікірінше, «қазақ» сөзінің төркіні?

  99. Мұхаммед Хайдар Дулатидің пацымдауынша «қазақ» сөзінің төркіні?

  100. Қазақ есімінің ІХ-Х ғасырларда болғанын әдеби, тарихи деректермен дәлелдеп берген венгер ғалымы?

  101. Қазақ халқының қалыптасу процесі қашан аяқталды?

  102. «Тарих-и Рашиди» еңбегі бойынша Қазақ хандығы қашан құрылған?

  103. Қасым хан билеген жылдар?

  104. «Қайта өрлеу дәуірі» деген кезең қай қазақ ханының билеген жылдарымен байланысты?

  105. Шығай ханның баласы Есім билік еткен жылдар?

  106. Жоңғар-қазақ қарым-қатынастары туралы жазылған көлемді еңбек?

  107. Қазақтар жоңғарларды Орбұлақ шайқасында қай жылы жеңді?

  108. Жоңғарлар Қазақстанның қанша жерін басып алды?

  109. Қай жылы Жоңғар мемлекетін Цин империясы жаулап алды?

  110. Қашан Жоңғар хандығы тарих сахынасынан жойылып кетті?

  111. Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан Петербургке К.Көбекұлы бастаған елшілікті қай жылы жіберді?

  112. Абылай қай жылдары хандық құрды?

  113. “… біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен, шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды”- деп жазған?

  114. Абылай тұсында Қазақ хандығының астанасы?

  115. Шежіре деректері бойынша қырғыздар неше тайпадан тұрған?

  116. Қырғыздар қашан ұлт болып қалыптасып, өзінің ұлттық мемлекетін құрды?

  117. Өзбек диалектісінің негізгілері?

  118. Түркімен жерінде экономикасы жақсы өркендеген облыстар?

  119. Қашан Түрікмен-Орыс байланысы дами бастады?

  120. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі не?

  121. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан революциясынан кейін қазақ зиялылары қандай мемлекет құрғысы келді?

  122. Азамат соғысы жылдарындағы Ақтөбе, Семей, Орал майдандары Қазақстан үшін қандай рөл атқарды?

  123. Түркістан Автономиялық республикасы қай жылы құрылды?

  124. Қазақ АССР-і қай жылы құрылды?

ГЛОСАРИЙ
________________________Түркі халықтарының тарихы_____________ пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)


Ұғым

Ұғымға түсінік

1

2

Авеста

Өлең-гимн. Ол өлең күн мен айға, отқа, тауға табынушылардың діни талабымен жазылған.

Алтын хан

ІХ-Хғ.ғ.ғ. монғол тегінен шыққан қара татарлар немесе қара қытайлар(қидандар)

«Андронов мәдениеті»

Қола дәуірінің алғашқы кезеңін б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. және орта кезеңін б.з.б. ХҮ-Хғғ. түгелдей қамтыған мәдениет, алғашқы ескерткіші ашылған Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде “Андронов мәдениеті” деп аталады.

Арамей жазуы

Б.з.б. ХІҮ ғасырдан бұрын Аравия түбегін мекендеген көшпелі Семит тайпаларының бірі, осы жазуды пайдаланған. Арамейлер бұл жазуды ертедегі финикия жазуына негіздеп жасаған.

Арази –емирис-халие

Мемлекеттік қазынаға тікелей кіретін Оттоман империясындағы мемлекеттік жер бөлігі

Ариліктер

Үнді-еуропа тілінде сөйлеген, қазіргі Иран жерінен шығыс елдеріне немесе Алтай тайпаларының жеріне көшіп келген тайпалар

Ашина

Қытай тілінен аударғанда «қасқыр» деген мағынаны білдіреді

Басымыл

Грек тілінен аударғанда тегі аралас адам деген мағына білдіреді

Гуз

Оғыздарды арабтардың атауы, түркі халқында-оғыздар

Даругачи

Қытайдағы монғол империясындағы жекелеген аймақтарда дара билікке тағайындалған адам.

Диван

Алтын Орда мемлекетіндегі жоғарғы үкімет органы

Дуализм

Қос құдайға сенушілік

Жете

Қарақшылар, кезбелер

Жужань немесе жуань-жуань

«Шылаушын құрты» деген мағына білдіреді. Қытайлықтар көшпелі халықтарды кемсітіп осылай атаған.

Зороастризм

Ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні. Б.з.б. ҮІІғ. шамасында Шығыс Иранда, Орта Азияда(Хорезмде) пайда болған.

Иемденуші шаруашылық

Табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану

Ихта

Қарахан мемлекетінде хандар өз туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданнан немесе қала халқынан салық жинау құқысын сыйлады, бұған дейін бұл салықтар мемлекет пайдасына жыйналып келген болатын. Бұл артықшылық ихта деп аталды.


Ихтадар

Белгілі бір ауданнан немесе қала халқынан салық жинаушының лауазымын ихтадар деп атайды.

Керамика

Мықты қыш ыдыс

Кремация

Өртеу

Қаған

Аса үстемдік лауазымды білдіретін сөз.

«Қара шаңырақ»

«Ел», «билік», «жер» деген мағына білдіреді

Қидан

Қытай –маньчжур тегінен шыққан халықтың аты

Матриархат

Әйелдердің қоғамда жетекші орын алуы

Мемлекет

Жария өкіметтің пайда болуы мен оның іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасқан қоғам өмірін ұйымдастырудың формасы




Жаңа тас дәуірі

Неолиттік төңкеріс

Иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу

Homo

Адам

Homo habilis

Епті адам

Homo erectus

Тік жүретін адам

Homo sapiens

Саналы адам

Мезолит

Орта тас дәуірі

Моғолдар

Моғолстанның түркі тілдес көшпелі, жартылай көшпелі түркі тайпалары

Орда

Б.з.б. 230-225 ж.ж. хундардың әскери лагері мен қолбасшы орын тепкен жерді атаған

Палеолит

Ежелгі тас дәуірі

Патриархат

Қоғамда ер адамдардың үстем етуі

Рабад

Қаланың кедейлер тұратын бөлігі.

Сасанид патшалығы

Иран династиясы, ІІІ-ҮІІ ғ.ғ. Таяу Шығыстағы мирастық билік

Сефевид әулеті

1502-1736 ж.ж. Таяу және Орта Шығыстағы мемлекет билеушілер әулеті

Соғдылар

Самарқан мен Бұқара арасында орналасқан парсы тілінде сөйлеген түркілер

Сұлтан

ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Қазақстанда, Орта Азияда және Шығыс Түркістанда хан тегінен шыққан Шыңғыс хан ұрпағы ханзадаларын білдіретін атау

Сібір

Түркі сөзі, солтүстік-батыс Сібірдегі көне елді мекеннің аты

Сэму

Қытайдағы монғол империясындағы саяси және әкімшілік билікке тағайындауға лайықты халықтардың өкілдері дегенді білдіреді.

Тархан

Түркі-монғол текті ежелгі термин, ерекше көзге түскені үшін әскери, азаматтық және діни адамдарға берілетін атақ

Темучин

Татар тілінен «ұста» деген мағына білдіреді

Туран

Ертедегі иран тілдес көшпелі тайпаларды отырықшы-егінші тайпалардан ажырату үшін олардың көшіп-қонып жүрген тарихи этнографиялық даласын атаған.

Ұйғыр жазуы

Манихейліктер Вавилоннан (арабтық ирак) әкелген алфавит. Бұл ғылымға «ұйғыр жазуы» деп енген.

Ұлыс

Этникалық-саяси тұтас болып табылатын ұжым немесе «ел», «халық» деген мағынаны білдіреді.

Хорезмшах

Хорезм билеушілерінің феодалдық лауазымы

Хунну

Қытай тілінен аударғанда “еріксіз құл немесе кекшіл құл” дегенді білдіреді


Шағатайлар

Мауереннахрдың көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпалары

Цитадель

Қала әкімшілігі тұратын ішкі қала.

Энеолит

Мыс дәуірі

Яссы

Монғол дәуіріндегі заңдар жинағы



  1. --------

  2. --------


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет