Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы тартуы 0 класс өлең шумақтары.
Күй 4 класс оқушылары
«Әйтеке би ауылы»
Ауыл.Қой қоздап,мал төлдеп,адамның аузы аққа тиген,жер бусанып,көк орай шалғын шөп өсіп бәрі мерекеге дайындалу үстінде.Дастархан басында атасы мен әже отырады.
Есік алдында балалар асық ойнап жүреді.
Атасы:Әй балаларым , бері таман келіңдер. Ұлыстың ұлы күнінде дәмнен ауыз тиіңдер.Наурыз бұл жаңа күн деген сөз,яғни бұл күнді ата-бабалары-мыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдар бойы мерекелеп жатқан жыл басы мерекесі балаларым,- деп немерелерінің қолдарына тәттілерден беріп жібереді.
Немерелері: Рахмет ата,рахмет!- деп шығып кетеді.
Осы кезде сахнаға әндетіп әжелер келеді, шашу шашылады.
Айналайын ақ жүзің айдан аппақ
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ дедім ай ау
Көрген адам қасыңнан кете алмайды
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап дедім ай ау
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей ау
Текеметтің түріндей ау
Өтіп дәурен бара жатыр
Сіз бізге білінбей ау
Құлағыңа таққаның күміс сырға
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға дедім ай ау
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға дедім ай ау
Немерелерімен амандасып, көрісіп, ата-әжесінің үйіне ертіп әкеледі. Әжелер: Сәлембердік, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсақ жол болсын! Қыдыр баба әрқашан қолдап жүрсін.
Ата-әже: Әумин! Әумин!Қош келдіңіздер. Төрге шығыңыздар!!!! Дәмнен ауыз тиіңіздер!!!!
Атасы: Әй, менің немерелерім қайда кеттіңдер? Келген қонақтарға өз өнерлеріңді көрсетіңдер!
Достарыңызбен бөлісу: |