СИЫР ЖЫЛЫ ШЫҒЫП:
Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қарғалдақты» өсірдім.
Белгісі болсын көктемнің
Берекесін берсін өткеннің.
Сиыр жылы сыйлықпен,
Сендерге бүгін жеткенмін.
Сиыр жылы шығып, 12 жыл атауын түгендейді. Достарым амансыңдарма? Халдеріңіз қалай? Жылдарымы түгелсіңдер ме? Қанекей баріңді түгендеп шығайын.
Тышқан: Мен тышқанмын, тышқанмын,
Көбейгенмін , өргенмін
Кішкене қандай болсам да,
Жылды бұрын көргенмін.
Барыс: Шыңда жүрген барыспын,
Ертеден жылмен таныспын.
Қарлы тауда жүремін,
Жердегіден алыспын.
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,
Бүгін ерте ояндым.
Аппақ едім қыс бойы,
Қоңыр түске бояндым.
Ұлу: Мен ұлумын, ұлумын,
Теңізден келген сұлумын.
Қамын ойлап келген ем,
Ойын - сауық құрудың.
Жылан: Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балдырған.
Қарды түгел кетіріп,
Жердің бетін жайнатам.
Жылқы: Мен жылқымын желдім ғой
Іздеп жүріп келдім ғой.
Қолыңды соқ қарсы алып,
Жылды маған сендің ғой.
Қой: Қой едім елге ұнайтын,
Бірінен бірі сұрайтын.
Мен боламын білсеңіз,
Малдың басын құрайтын.
Мешін: Мен, Мешінмін, мешінмін,
Көптен келмей кешіктім.
Мың құбылып, түрленіп,
Жайнасын жылым, жайнасын!
Тауық: Менде құспын, тауықпын,
Көркімін ойын - сауықтың.
Күнделікті жемімді,
Шоқып жүріп тауыппын.
Ит: Ит болғанда Құмаймын,
Бір орында тұрмаймын.
Аңды алыстан көремін,
Қуып жетіп төнемін.
Доңыз: Доңызды білсең майлымын,
Халыққа сондай жайлымын.
Берекелі жыл болар,
Шаруаға сайлымын.
Тышқан жылы жыл таяғын сиыр жылына тапсырады.
Барлығы бірге:
Ендеше, сиыр жылымыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын, қайда барсақ жол болсын!
СИЫР:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Көрініс: күн мен түн ортаға шығады.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер бірақ.
Әжелер: Жақсы рахмет. Қонақжайлықтарыңыз үшін үлкен рахмет. Барлығы да керемет. Өнерлі балалар екен. Ауылымызды аралап, құттықтап, қыз қуу салтын тамашалап қайтайық.
Тоқымқағар салты көрсетіледі.
ХОР : НАУРЫЗ ДУМАН.
Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!
Жүргізуші: Наурыз тойы арайлы, Нұрға толтырып жатыр міне маңайды, Мал біткеннің бал татыған уызы, Қуат болып қанымызға тарайды.
Мұғалім: Той, тойға ұлассын,Наурызымыз құт-береке әкелсін дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!
№67 жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы:
«Наурыз-думан»
0-4 класс оқушылары
Достарыңызбен бөлісу: |