Бекітемін: Р.А.Былкаиров
Класс: 0-4класс оқушылары
Күні: 17.03.2021жыл
Тақырыбы: «Наурыз – думан»
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық салт – дәстүрді таныстыру. Қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру. Ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада, көпшілікте өзін – өзі ұстауға дағдыландыру.
Көрнекіліктері: көрпе, жастық, қамшы, ұршық, бесік, үйшік, қамыс, кілемше, шырақтар т. б.
Барысы: Сахна әсем шаңырақпен безендірілген, Р. Рымбаеваның «Наурыз – думан» әні әуелеп тұрады.
Жер ананың аластау рәсімі:
Алас, алас пәледен алас,
Алас, алас баладан алас,
Алас, алас жаманнан алас,
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Елімнен алас, жерімнен алас,
Алас, алас! Алас, алас!
(Сахнаға Қыдыр баба шығады.
Қыдыр бабаның батасы:
Уа халайық қолдасын,
Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын,
Төрт - түлік төлді болсын,
Баққандарың шөлді болсын,
Ақ көп болсын,
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Сапарларың оң болсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаныңды басырсын.
Әумин!
Жүргізуші :
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған,
Мына біз бар!
Естімеген естіңдер!
Тыңдамаған тыңдаңдар!
Наурыз тойы басталды! – демекші бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Сіздерге арналған алғашқы тартуымызды қабыл алдыңыздар! Наурыз ән-күй, би достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері адамдар біріне-бірі қошемет көрсетіп, тартын тартады. Осы Ұлыстың ұлы күнін біздің ауылда қалай тойланатынына көз жіберсек.
Достарыңызбен бөлісу: |