Бекітемін:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Е.Байғұлиев
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары колдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
Жер саулығынан – адам саулығына
Жер - біздің асыраушы анамыз. Жер саулығы – адам саулығы. Ия, бұл сөздер әрине дұрыс айтылған. Ол үшін жер саулығының маңызы зор. Жер саулығы – адам саулығы деп айтсақ та болады. Өйткені жердің саулығына кері әсерін тигізетін факторлардың саны шектеусіз.
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері ережелерін сақтау және табиғатты қорғау, қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірімен келешегі үшін үлкен роль атқарады.
Қазіргі кезде Жердің барлық: атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарының бәрі ластанаған, атмосферадағы газ баланысының өзгеруі, ластануының өсуі, оны қорғаудың, сақтаудың түрлі шаоаларын қатаң сақтауға, өндіріс орындарына жоғарғы сапалы тазартқыш қондырғылар орнатуға, өнеркәсіпте айналмалы процестер циклін қолдану және жаңашаландыра отырып қолға алуға баса көп көңіл бөлінуде. Суды уаытында қорғап, үнемді, тиімді пайдалану, оның қажеттілігі мен қолдану мүмкіншіліктерін арттырады.
Қазба байлықтары
Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Оларды тасымалдау және өңдеу, қазып шығару кезінде өте үнемді қолдану керек. Қазба байлықтарын қазу орындарында қазылған жер ландшафтарын қайта орнына келтіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінуін қадағалап отыру қажет.Топырақтың бұзылуы, эрозиясының тоқтауы және эрозияға ұшыраған топырақтың қайта қалпына келуі өте көп еңбекті, үлкен қаржыны, шығынды қажет ететіндігін үнемі есте сақтау қажет.
Өсімдіктер, соның ішінде орман – орнын толтыруға болатын табиғат ресурстарының бірі. Оларды тиімді пайдалану, өсімдіктер бірлестігінің өзгерісі мен орнына келтіру экологиялық заңдылықтарға негізделген
Ертеден қалған өсиет сөздерде «көзіңді қалдыр-бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр-жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр-бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпаққа өлмейтін мұра қалдыр, сонда ол сенің көзін ашқан бұлағың, істеген жақсы істерің-шырағың, ал өсірген жасыл орманың - құнарың болмақ» деп, халық артына өсиет қалдырған. Осыдан «Орман, тауы болмаса, жердің көркі болар ма?» деген ақиқаты мол дана сөздің де орны ерекше
Жасыл желек
Жасыл желек ну орманның адам денсаулығына әсері жетерлік. Қоршаған ортаны сауықтыруда ерекше орын орман ағаш екпелеріне тиесілі. Жасыл желекті аймақ елді мекен тұрғындарының өміріне әсер етуші қолайсыз факторларды төмендетеді. Ағаш екпелер елді мекендерді қатты желдерден, аңызақтан, шаңды дауылдардан қорғап, санитарлық-гигиеналық қызметтерді атқарады. Сонымен қатар орман дем алуға өте ыңғайлы орын болып табылады. Орман атмосфераны шаң-тозаңнан, түрлі аэрозолдардан тазартып, ауаны адамның денсаулығына аса қажет иондармен толтырады, ауадағы оттегі қорын толықтырады.
«Дені саудың-жаны сау» демекші, денің сау болса адам баласына түк те керек емес. Барлығысы осы денсаулықтың арқасында болып жатады. Ағаштардың адамға тигізер пайдасы өте зор. Мәселен, самырсын ағашының бір ғана бұтағы микробтарды 10 есе азайта алады. Алма
ағашының бүрлері мен емен, теректің діңі талай ауруларға ем екені мамандармен дәлелденді. Ал ағаштардың адамның жүйке жүйесіне тигізер әсерінің мол екені айтпай-ақ түсінікті.
Сонымен қатар Елбасы соңғы жылдары Астана қаласының айналасына отырғызылған екпе ағаштар 45 000 гектар ауданды алып жатқандығын айтты. Бұл деген астананың нағыз «өкпесі». «Жасыл аймақтың» арқасында ауа тазарады, қаланы шаң-тозаңнан қорғайтын табиғи аймағы құрылады. Қыста орман алаңқайлары қар жинақтаушының, демек жазық дала үшін ылғал жинаушының рөлін атқарады.
Қорытынды
Қорыта келгенде жер саулығы адам денсаулығы деген сөз бекер айтылмаған.
Адамның биологиялық табиғаты барлық тірі дүниеге бағытталған және өзінің көбеюіне және ұрпағын өсіру мен тәрбиелеуге, оларға максимум қауіпсіздік жасауға, өмір сүруге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл жағдайларды жүзеге асыру адамның өзін қоршап тұрған ортасымен тікелей байланысты.
Адамзатқа табиғатта, популяцияда болып жататын барлық экологиялық құбылыстар мен жағдайлар әсер етеді.Бұл адамдай популяциядағы барлық биологиялық түрлерге ұқсастығын көрсетеді.
«Т.Ізтілеуов атындағы № 29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
«Қазақстанның табиғи қорлары және оны тиімді пайдалану»
Орындаған: 9 «Ә» сынып оқушысы Икрамова Ақжан
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |