«Бекітемін» Тжкббф деканы Отыншиев М. А. 2010 ж



бет3/10
Дата07.10.2023
өлшемі146,5 Kb.
#184075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОЖБ-микроб-Емдеу-ісі-акушер-1курс-каз

3. Пәннің мазмұны
1.Бөлім. Кіріспе. Жалпы микробиология. Микробиология және вирусология ілімінің даму тарихы. Микробиологиялық зертхана. Микроскоп және микроскоптық зерттеу әдістері. Микроағзалардың жіктелуі және морфологиялық негіздері.
1.1 тақырып. Микробиология пәні және міндеттері. Жалпы және жеке микробиология. Медициналық, санитарлық, космостық, малдәрігерлік, өндірістік микробиология. Вирусология. Протозоология. Микология. Иммунология.
Микробиология ілімінің даму тарихы: эвристикалық, морфологиялық, физиологиялық, иммунологиялық, молекулярлы-генетикалық кезеңдері. Микробиология және вирусология ілімнің дамуындағы Қазақстан және Россия ғалымдарының қосқан үлестері.
Микробиологиялық және вирусологиялық зертхананы ұйымдастыру. Медициналық микробиологиялық зертхана міндеттері. Микробиологиялық зертхананы жабдықтау және жұмыс істеу ережелері. Зерттеу материалы. Зерттеу материалын жинау техникасы және зертханаға жеткізу амалдары.Бактериялық және вирустық инфекцияларының микробиологиялық нақтамалау әдістері. Микроскоп және микроскоптау амалдары. Оптикалық микроскоп.Иммерсиялық обьективпен микроскопиялау. Қараңғыланған көру алаңы арқылы микроскопиялау. Фазалы-контрасты және люминесценттік әдіспен микроскопиялау. Элентронды микроскоп.
1.2-тақырып. Микроағзалардың жіктелу негіздері. Халықаралық жіктелу және Берги номенклатурасы. Микроағзалардың түрлері, сероварианттары, морфоварианттары, биоварианттары және фаговарианттары туралы түсінік. Бактериялардың негізгі түрлері. Бактерия жасушасының құрылысы (қабықшалары, цитоплазма, нуклеойд, рибосомалар, қосындылар, қатты қабық, талшықтар,тікенектер, спора-дәншіктері) және олардың қызметі. Бактерия морфологиясының электронды микроскоптық белгілері. Спирохет, рикетсия, микоплазма, актиномицеттер, саңырауқұлақтар және вирустар сипаттамалары. Бактериоскопиялық зерттеу әдісі және оның зертханалық нақтамалауда қолданылуы.


2. Бөлім. Микроағзалардың физиологиялық қасиеттері. Микроб экологиясы, табиғатта таралуы. Сыртқы орта факторларының микробқа беретін әсері. Қоршаған орта объектілеріндегі миробтарды жою. Санитарлық микробиология.
2.1 тақырып. Микроағзалардың тіршілік қызметі-қоректенуі, тыныс алуы, өну және көбеюі.
Ассимиляция және диссимиляция процестері. Бактерияның химиялық құрамы. Бактерияның қоректенуі. Қоректену түрлері. Бактериялардың қоректену түрлеріне және қуат алу көздеріне қарай жіктелуі. Литотрофтар. Органотрофтар. Сапрофиттер. Паразиттер.Облигатты және факультативтік паразиттер. Аминоавтотрофтылар. Аминогетеротрофтылар. Өсу факторы. Қоректік заттардың тасымалдануы. Қоректік құрамдар. Бактерия дақылдануы. Қоректік құрамдарға қойылатын талаптар. Қоректік құрамдардың жіктелуі. Арнайы, элективті, дифференциалды-диогностикалық, көбейту, консервілеу құрамдары. Құрғақ құрамдар. Жасанды құрамдар. Микроағзаларды жасанды ортада өсіру үшін сутегі ионының, тотығу-тотықсыздану процестерінің маңызы. Құрам пісіру этапы. Қоректік құрамды сақтау ережелері. Дайын құрамының сапасын бақылау. Микроағзаларды дақылдау әдістері. Микро культурасы, штаммасы, колониясы туралы түсініктеме. Бактериологиялық зерттеу әдістерінің маңызы. Бактерияның тыныс алуы (биологиялық тотығу). Биологиялық тотығу процесінің негізгі түрлері-аэробы және анаэробы. Аралық тыныс түрі. Тыныс алу процесінің механизмі және мәні. Анаэробтарды дақылдау әдістері. Микроағзалар ферменттері. Микроб ферментінің зат алмасу процесіндегі ролі. Ферменттердің жіктелуі. Констутивті және адаптипті ферменттер туралы түсініктеме. Агрессия ферменттері. Зат алмасу процесін зерттеуде, ақуыздарды алуда, амин қышқылдарын алуда бактерияның биологиялық белсенділігін қолдану. Бактерияның өсуі-көбеюі. Көбею түрлері. Бактерияның бөлінуі және өсуі үшін цитоплазмалық мембрана мен жасушалық қабырғаның атқаратын ролі. Микроб культурасының өсу жылдамдығы мен өну фазалары. Микроб дақылдарының өсу және өнуін зерттеу әдістері. Бактериофагтар. Бактерия вирусының немесе бактерия фагасының дақылдану әдістері және индикациялау.
2.2 тақырып. Микробтың табиғатта таралуы. Су, ауа, топырақ микрофлорасы. Жұқпалы ауру тарататын су, ауа, топырақ рөлі. Фитопатогенді микроағзалар. Дәрілік шикізаттардың және дайын дәрілердің патогенді микроағзалармен ластануы. Адам денесінің қалыпты микрофлорасы және маңызы. Дисбактериоз. Сыртқы орта факторының (физикалық, химиялық, биологиялық) микробқа беретін әсері. Микроб көзін жою ( залалсыздандыру, зарарсыздандыру) залалсыздандыру амалдары. Микробиологиялық практикада қолданылатын негізгі залалсыздандырушы заттар. Асептика, антисептика.
Асептикалық заттар.
Санитарлық микробиология. Қоршаған орта объектілерінде тазалық көрсеткіш микроағзаларды анықтау және оның маңызы. Топырақ, су, ауа, үй тұрмыстық заттар және тамақ өнімдерінің санамаларына микробиологиялық бақылау қою. Дәрі өнімдеріне микробиологиялық бақылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет