құзыретті: (ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Білім алушыларға /оқытушыларға/ емтихан қабылдаушыларға оқу тәжірибелерін жүргізуде және жоспарлауда өз білімі мен дағдыларын көрсете біледі, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді.
Жатыр мойнының обыры алдында қатерлі емес және обыралды процестер болады. Қарапайым эктопия, эндоцервикоз, лейкоплакия, эндометриоз, жатыр мойнының тыртықты дефформациясы қатерлі емес процестерге, түрлі деңгейдегі жатыр мойнының дисплазиясы обыралды процеске жатқызылған.
Жатыр мойны обырының пайда болу себептері
темекі шегу; бей-берекет төсек қатынасы; иммундық жүйенің әлсіреуі; бұрын болған немесе ағымдағы хламидий және жыныс жолымен берілетін басқа да инфекциялар; артық салмақ; үш немесе одан да көп мерзіміне жеткен жүктілік; жүктілікке қарсы дәрі-дәрмекті ұзақ уақыт қабылдау; 17 жасқа дейін бала көтеру; ерте басталған жыныстық қатынас; әлеуметтік төмен статус; онкологиялық ауруларға, соның ішінде жатыр мойынының обырына тұқымдық бейімділік.
Жатыр мойны обырының кезеңдері. Обырдың басқа түрлері секілді жатыр мойны обырының да төрт даму кезеңі бар:
Бірінші саты – ісік жатыр мойнында орналасқан, бірақ жатырға немесе жақын орналасқан лимфалық түйіндерге қарай таралуы мүмкін; Екінші саты – обыр жатыр мойнынан тыс аумаққа, қынаптың жоғарғы жағына қарай өседі; Үшінші саты – ісік төменгі қынап, жамбас қабырғаларын зақымдап, зәр шығару жолдарын бұғаттауы мүмкін. Төртінші саты – обыр тік ішекке немесе қуыққа және алыс орналасқан органдарға жетеді.
5.4
Жаңа тақырыпты пысықтау
Сүт безі қатерлі ісігінің белгілері
Емізікті тарту; Емізіктен ағынды пайда болу; Сүт безіндегі немесе емізік аймағындағы ауырсыну; Сүт безі аймағында терінің инфильтрациясы (апельсин қабығына ұқсас тері); Қолтық аймағында тығыз түйіндердің пайда болуы; Сүт безі аймағында терінің жаралануы; Бүкіл сүт безінің немесе оның бір бөлігінің ісінуі (кесек айқын сезілмесе де); Түсініксіз салмақ жоғалту; Әлсіздік; Емізік немесе сүт безі терісінің қызаруы, қабыршақтануы немесе қалыңдауы.
Сүт безінің қабыну процестерімен (маститпен) немесе емшек сүтімен байланысты емес белгілер пайда болған кезде маммологпен кеңесу керек. Дәрігер сізбен мазасыз симптомдарды талқылайды, бірқатар мәселелерді (отбасылық бейімділік, гинекологиялық тарих) нақтылайды, сүт бездері мен перифериялық лимфа түйіндерін тексереді. Қажет болған жағдайда қосымша тексеруге жібереді.