Бекітілген қазақ тілі



бет11/12
Дата15.12.2016
өлшемі2,35 Mb.
#3853
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


Бейнелеу өнері

Авторлары: Қ.О.Жеделов,С.К.Шапкина,Н.А.Королькова

(Алматыкітап 2009)

І ТҮСІНІК ХАТ

Бұл бағдарлама мектептің бастауыш білім беру деңгейіндегі «Өнер» білім саласына енетін «Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды рәсімдейтін Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.

Мектептің бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Бейнелеу өнері» оқу пәні Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің типтік оқу жоспарының инвариантты бөлімінде аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі беріліп, «Өнер» білімдік аймағына кіреді.



Бастауыш білім беру деңгейінде бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды-құндылықтәжірибелерін терендетіп, байыту болып табылады. Негізгі оқу – тәрбие міндеттері:

– оқушылардың көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін, ой ұшқырлығы мен бейнелі көрермеңік зейінін, заттар мен қоршаған ортаға деген эстетикалық құндылық қатынасын дамыту, шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру;

– композициялық зандылықтар, түстану, натураға қарап,еске түсіру және көз алдына елестету бойынша сурет салу негіздеріне үйрету;

– салынған суреттегі форма, тепе-теңдік, көлем, перспектива, жарық пен көлеңке, композицияға ерекше назар аударуға үйрету;



– кеңістік ұғымдарын, болмысты көркем-бейнелі қабылдауын қалыптастыру, оның әсемдігі мен түс байлығының үйлесімділігін түсіне отырып, түстүйсігін дамыту;

– отандық және әлемдік өнер және мәдени мұралар құндылықтарды бағалай білу біліктіліктеріне баулу.

Бағдарламаны құрудың негізгі ұстанымына пәндік интеграциялау ұстанымы, тәрбиелей отырып үйрету ұстанымы, оқытып, үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері және шығармашылық-әрекеттік ұстанымдар жатады.

Пәнаралық байланыс, кіріктіре оқыту ұстанымы – бейнелеу өнеріндегі сурет салу, еңбекке баулудағы құрастыру, безендіру элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын пәндердің ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады.

Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.

Шығармашылық іс-әрекеттер ұстанымы - оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.

Жас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Бастауыш білім беру деңгейінің негізі сурет салу, бояумен жұмыс, аппликация, мүсіндеу, көлемді заттарды жапсырмалау және сәндік-безендіру іс-әрекеттері жатады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.

Қоршаған орта болмысын зерделеу және бақылаумен байланысты затқа, натураға қарап сурет салу сабақтың маңызды формасы және бағдарламаны жақсы меңгерудің негізгі шарты болып табылады. «Бейнелеу өнері» оқу пәні өнердегі көркемдік мәнерлеу құралдарын (түс, сызық, дақ, силуэт, композиция, пішін мен тепе-теңдік, ырғақ, көлем, құрылым, кеңістіктік, жарық, сәуле, көлеңке) тану арқылы оқушыларды көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерге баулиды.



«Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасының білім берудің жаңа тұжырымдамасына бағытталғандығы – оқушылардың әртүрлі өнер түрлеріндегі көркемдік-шығармашылық әрекеттерін меңгеру, өнегелі, көркемдік-эстетикалық құндылықтарды ажырату, өнер туындылары мен мәдениет шығармаларының ерекшеліктерін бағалау біліктілігін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі айқындау, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдайда жол табу қабілеттіліктерінің дамуын қалыптастыратын көркемдік-эстетикалық әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.

Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.

Бағдарлама пән бойынша базалық білім мазмұнын сипаттаудан, сыныптар бойынша жіктелген оқу жүктемесінен, бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың дайындық деңгейіне оқу үрдісінің межелік кезеңінде (4 сынып) қойылатын талаптардан тұрады.



Сабақ түрлеріне қарай уақытты бөлу төмендегідей қарастырылады және мұғалімнің қойылған міндеттерді шешудегі шығармашылық шешімін шектемейді.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі

Бастауыш білім беру деңгейі

( Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)



Оқу материалы

2 сынып

Кесіндеме

12

Графика

6

Сәндік қолданбалы өнер

12

Мүсін өнері

4

Сәулет өнері

-

Барлығы

34

Бағдарлама өзара бір-бірімен байланысты екі бөлімді зерделеуді ескереді: біріншіден, отандық және шетел өнер шеберлерінің (әр түрлі техникада орындалған) бейнелеу өнері; екіншіден, өзіндік көркем шығармашылық іс-әрекеттер.

Оқу бағдарламасында:

  • бейнелеу өнері түрлері: графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қол өнер, сәулет өнері.

  • әр түрлі жанрлар: портрет, табиғат, натюрморт, тарихи, анималистік; бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары: сурет, түс, композиция, перспектива;

  • бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары: сурет, түс, жарық, композиция, перспектива және т.б. қарастырылған.

Типтік оқу жоспарында бағдарламаның өзегі ретінде оқушының ата-анасының белсенді қатысуымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны мектеп қабырғасында, мектептен тыс іске асыруға септігін тигізетін практикалық жұмыстар, сұхбат, саяхат, көрмелік есеп беру, пленэр (фр. сөзінен en plein air «ашық ауада» деген мағынаны береді) және т.б. мәдени іс-шаралар қолданылады.

ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

«Бейнелеу өнері» оқу пәні жайлы ұғым. Көркемдік сауаттылық негіздері. Бейнелеу, сәндеу және құрылымдық формадағы іс-әрекеттер жайлы ұғым негіздері. Бейнелеу өнері түрлерінің негіздерімен, суретшілер мен халық шеберлерінің шығарма туындыларымен таныстыру. Адам өміріндегі пластикалық өнер түрлерінің алатын орны жайлы түсініктер негізі.

Көркемдік мәнерлеу құралдары (жарық пен көлеңке, түс, тон, көлем, пропорция, кеңістік, ырғақ, силуэт, фактура, контур, дақ, сызық, штрих, симметрия, симметрия, контраст, нюанс, тепе-теңдік) бейнелеу, безендіру, сәндеу, құрылымдау өнеріндегі композициялық шешім ретінде.

Қазақстаннның алдыңғы қатарлы көркемдік мұражайлары (Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан республикасының президенттік мәдениет орталығы, Мемлекеттік Третьяков галереясы, Орыс мұражайы, Эрмитаж, Пушкин атындағы бейнелеу өнері мұражайы, Лувр, Дрезден, Прадо галереясы және т.б.)

Кескіндеме.

Жанрлар: табиғат, натюрморт, портрет, анималистік, тұрмыстық және тарихи жанрлар. Көркемдік материалдар: акварель, гуашь, майлы бояулы борлар, түсті қарындаштар, гель массасымен толтырылған қаламсаптар және т.б.



Графика. Графика бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде. Сурет және бейнені баспа графикалаудың әртүрлі түрлері (сурет, акварель, гравюра, литография, монотипия, аппликация және т.б.). Тушьпен және қаламмен салынған суреттер. Натураға қарап сурет салу. Қоршаған орта құбылыстарын салу. Еске түсіре отырып сурет салу. Графика өнері жайлы әңгіме сабақ. Графикалық суреттер салуға қажетті көркемдік материалдар. «Графика» курсы әр түрлі формадағы бұйымдар мен қоршаған орта құбылыстарын натураға қарап, еске түсіре отырып және көз алдына елестету арқылы сурет салуға бағыттайды; бейнелеу өнері жайлы әңгіме, пікір алысулар мен көркем шығарма туындыларын талдау.

Әр түрлі көркем графикалық материалдармен таныстыру. Олармен жұмыс жасау техникасы. Графикаға қатысты көркемдік мәнерлеу құралдары (сызық, нүкте, өң, штрих және т.б.).

Түстану. Негізгі, қосымша және аралас түстер. Реңк түрлері. Колорит. Өң (тон). Перспектива. Жарық пен көлеңке. Сызықтық бейнелеу. Композицияның негізгі заңцары.

Кескіндеме бойынша жұмысты жоспарлауда мұғалім көркем білімнің негізін құрайтын басты үш құрушының үйлесімділігіне көңіл бөлгені лазым: бейнелеу өнері шығармалары мен нақты объектілерді эмоционалды-эстетикалық қабылдау; кескіндеме сауаты теориясы бойынша білімді меңгеру; реалистік кескіндеме саласындағы көркем практикалық әрекеттер (білім, білік, дағдылар).

Оқу бағдарламасында табиғат аясына шығып сурет салу (пленэр), табиғат бояуларының өзгеруіне көңіл бөлу, әр түрлі көркем материалдарды техникалық орындау тәсілдерін меңгеру қарастырылады.

Бейнелеу өнерінде композиция ерекше орын алады. Композиция зандылықтарымен танысу және оларды қолдану бейнелеу өнерінің барлық түрінде болуы тиіс.

Сәндік қолданбалы өнер

Халықтық сәндік қолданбалы өнер. Ою-өрнектер. Киім-кешек. Сәндік натюрморт, сәндік суреттер. Дизайн. Материалдар: гуашь, түрлі-түсті қағаздар, мата, тері, ағашқа өрнектер салу және т.б. Майда пластика. Рельеф. Барельеф. Материалдар: мата қалдықтары, түрлі түсті пластик (косметикалық және с.с. босаған ыдыстар, қорапшалар) ермексаз, сазбалшық және т.б.

Оқушының тұлға ретіңде дамып, ұлттық рухта кемелденуі үшін дәстүрлі халық өнері негізімен, оның бай мұраларымен, құндылығымен таныстыру. Сәулет өнері.

Сәулет өнерінің түрлері, материалдары, бейнелеу-мәнерлеу құралдары. Әлемдік сәулет ескерткіштері. Қазақстан сәулет өнері ескерткіштері. Қазіргі заман сәулет өнері.

Суретші мамандығы

Отандық және шетел суретшілерінің шығармалары. Дизайн. Көркем онер туындыларының мұражайларына, кормелеріне бару, суретшілермен кездесулер, оқушылар жұмысының байқауын өткізу, белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілер мен халықтық өнер шеберлерінің шығармашылық мұраларына арналған викторина, кештер ұйымдастыру.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары. Тарихта ізі қалған көне ескерткіштер: археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттар. Монументалды өнер және сәулет өнері. Мәдени құндылықтар: өнегелі және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері. Өнегелі құндылықтар.

Табиғат аясында сурет салу (пленэр). Әртүрлі көркемдік материалдармен орындау техникасы.

Композиция, композициялық шешімнің бейнелеу өнерінде алатын орны. Композиция заңдылықтарымен танысу. Бейнелеу өнерінің әртүрлі түрінде композициялық шешімді қолдану тәсілдері.

2 сынып (аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат)

Кескіндеме (12 сағат)

Қондырғылы кескіндеме. Кескіндеменің көркемдік материалдарымен танысу (акварель, гуашь, темпера).



Түстану (2 сағат). Негізгі түстер. Қосымша түстер. Аралас түстерді өз бетімен құрастыру. Ассоциативті ойлауға композиция құрастыру. Колорит. Көкжиек сызығы. Композициялық орталық. Салқын түстер басым болатын «Жабырқаңқы көңіл» колоритиндегі тақырыпқа ассоциациялар («Аяз», «Жаңбырлы күн» және т.б. тақырыптары). Жылы түстер басым болатын «Қуаныш» тақырыбына ассоциациялар «Қуанышты күн», «Мереке» және т.б. тақырыптар.

Көркемдеуші материалы - акварелъ (2 сагат). Ылғал қағаз бетінде сурет салу техникасы, а ля прима. Тақырыптық ком-позицияларды орындау: «Хайуанаттар паркінде». Лессировкалау техникасы. Сәндік тақырыптық композицияға сурет салу «Қысқы орман ертегілері», «Көктем көріністері», «Құстар әлемі», «Жаз бояулары» және т.б. «Колорит» тақырыбын қайталау.

Көркемдеуші материал - гуашь (4 сагат). Пастозды техника тәсілімен сурет салуды орындау. Композициялық орталық. Композицияда қосалқының басты нәрсеге бағы-нуы. Ертегі кейіпкерлерінің портреттерін қағаз бетіне сурет салудың өр түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы орындау. «Алдар көсе», «Сараң бай», «Алпамыс», «Күн астындағы Күнекей қыз» және т.б.

Көркемдеуші материалдары - темпера немесе майлы бояу (4 сагат).

Пазтозды кескіндеме техникасы. Қала пейзажы жанрымен танысу. Сызықтық және ауа перспективасы. Көкжиек сызығы. Жыл мезгілдерінің әр түрлі кезеңдерінде табиғатты бақылау және бейнелеу. Суретші-кескіндемешілер шығармаларымен танысу: И.Левитан, О.Таңсықбаев және т.б.



Графика (6 сағат)

Көркемдеуші материалдары – түрлі-түсті қарындаштар (2 сагат). Орындаудың бейнелеу мәнерлеу құралдары -туштау. Көкжиек сызығы. Жер беті көрінісін қабылдау. Қозғалыс. Композициядағы ең басты нәрсе. Түрлі түстерді көрсету. Жануарлар бейнесінің қозғалыстағы қалпы («Жайылым» және т.б. тақырыптар).

Көркемдеуші материалдар - майлы тусті борлар (2 сагат). Орындаудың бейнелеу-мәнерлеу құралдары - туштау. Аралас түстерді алу. Композициялық орталық. Типтік жобаға келтіру. Калорит. «Мереке» тақырыптарына вариация жасау («Ту-ған күн», «Мереке қарсаңында» және т.б. тақырыптар).

Көркемдеуші материалдар - гель сиялы немесе қара пасталы қаламсаптар (2 сагат). Орындау техникасының бей-нелеу- мәнерлеу құралдары - сызық, штрих, дақ. Композициялық орталық. Типтік жобаға келтіру. Фактура. Үй жануарларын бейнелейтін көп фигуралы композиция құрастыру («Менің қошақаным» және т.б. тақырыптар).

Көркемдік материалдар қара фломастер (2 сагат). Бейнелеу - мәнерлеу құралдарымен орындау - сызықтық сурет. Портрет жанры. Қосарланған портрет. Компановка. Типизациялау. Бейне. Суретші мен көрермен арасындағы қатынасты ашатын композиция құрастыру («Мен және менің мамам», «Менің құрбым» және т.б.). Суретші-графиктер шығармаларымен танысу.

Сәндік-қолданбалы өнер (12 сағат)

Көркемдеуші материалдар - турлі-тусті қарындаштар (4 сагат). Орындаудың бейнелеу-мәнерлеу құралы - туштау. Стилизациялау. Өрнектік композиция. Өрнек құрасты-ру және олардың түрлері. Шеңбер ішіндегі қазақ ұлттық өрнектері. Таяу шетел халықтарының салт-дәстүрлерімен, ұлттық киімдері үлгілерімен танысу. Композициялық орталық. Тұтастық заңы. Адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты ашатын композициялық құрылым құрастыру («Бәріміз бірге ән шырқаймыз», «Менің достарым» және т.б. тақырыптар).

Көркемдеуші материалдар - гуашь (4 сагат). Орындау техникасы - пастозды кескіндеме, шашырату, монотипия. Ұлттық калоритте орындалған натюрморт. Орналастыру (компановка). Натюрморттағы композициялық орталық. Колорит. Табиғат көрінісін сәндік сурет түрінде салу («Дала», «Ертегілер елінде» және т.б. тақырыптар). Түрлі түсті реңктер үйлесімділігі. Шырын», «Ащы дәм» және т.б. тақы-рыптарға ойды байланыстыра отырып сәндік композиция-лық сурет салу. Басу арқылы түскен таңбаның (оттиск) қара-пайым түрімен танысу. Монотипия.

Көркемдеуші материалдар - турлі-тусті қагаздар (4 сагат). Орындау техникасы - жапсырмалау (аппликация). Пішіңдерді түрлендіру. Мотив. Композициялық орталық. Түс пен форманың үйлесімділігі. Жыл мезгілдері жайлы тақы-рыптарға композиция құрастыру. «Күз симфониясы», «Қыс өрнектері» және т.б. Стилизациялау. Ойды байланыстыру (ассоциация). Бейне. Әлем халықтарында тәжіктерде, өзбектерде, түркімендерде шеңбер ай белгісінде кездеседі. Лотос гүлі — египеттіктердің жолақты өрнектерінде кездеседі. «Тіршілік ағашы» - әлем халықтарының өнеріндегі мәңгілік бейне. Бұталарына құстар қонып отырған ағаш көрінісі. Гүлді, жемісті ағаш. Гүлдеп тұрған ағаш. Өрнектік композиция құру. Өрнектегі симметрия. Жолақты өрнек.

Мүсіндеу (4 сағат)

Жұмыр және рельефті мүсіңдермен (майда пластикамен) танысу.

Көркемдік материалдар сазбалшық (2 сагат). Рельеф. Плинт. Натюрморт жанры. Сазбалшықпен жұмыс. Көркем материал ретінде сазбалшық, пластилин жайлы, пайдаланылатын құрал-саймандар (стека, тақтайша, су құятын ыдыс, мүсіндік жұмыстарды әрлеуге қажетті басылымдар- сазбал-шықтан жасалған жұмыстарды сәндеу) жайлы мәлімет беру.

Көркемдеуші материалдар сазбалшық немесе ермексаз (2 сагат). Бос майда пластикалық денелерді орындау техникасы: иірілген, есілген жіпшелер немесе сазбалшықтан жасалған пластинкалар. Стилизациялау. Форма үйлесімділігі. Дизайн. Халық шеберлері (көзеші, ағаш шебері, зергерлер) шығармаларымен танысу. Шеберлер жасаған кіші формадағы мүсіншелердің орыңдау техникасымен танысу: сазбалшықты цилиңдр формасыңда дайындау; ойыншық фигураларды (ат, қозы, ит және т.б.) созу, ию, жұмырлау әдісімен жасау; мүсіндеу жұмыстарын жеке бөліктерді (дене, бас, құлақ, құйрық) жапсырмалау әдісімен аяқтау. Суретші-мүсіншілер шығармаларымен танысу.

Бейнелеу өнері



Барлығы 34 сағат

Аптасына 1 сағат

Кескіндеме 12 сағат

Тарау стандарты

Оқушы білуі тиіс

Оқушы қолдана алуы тиіс

  • негізгі түстер.;

  • қосымша түстер;

-ылғал қағаз бетінде сурет салу техникасы, а ля прима

-орындау техникасының бейнелеу, мәнерлеу құралдары - сызық, штрих, дақ.



- аралас түстерді өз бетімен құрастыру.

- ассоциативті ойлауға композиция құрастыру;

-колорит; көкжиек сызығы;

- композициялық орталық.

-типтік жобаға келтіру; фактура;

- үй жануарларын бейнелейтін көп фигуралы композиция құрастыру



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет