Бекітілген қазақ тілі


Математика 2-сыныпта аптасына - 4 сағат



бет7/12
Дата15.12.2016
өлшемі2,35 Mb.
#3853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Математика

2-сыныпта аптасына - 4 сағат

Жылына барлығы - 136 сағат

Авторлары: Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова

(Алматыкітап 2009)

I. ТҮСІНІК ХАТ

Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартына сәйкес «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика» білім беру саласының мазмұнына енеді.

Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.



Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты::

  • мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту;

  • «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мөдени мүраларымен үндестіру арқылы баланы түлға ретінде қалыптастыру;

  • оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

  • мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

  • математиканың өмірде болып жатқан нақты қүбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

  • оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.

Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп («Математика» 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің ретімен дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.

Қолжетерлік ұстанымы баланың жас ерекшелігін ескеруді және психологиялық жағдай туғызуды, жетістікке жетуді, тілектес болуды көздейді, бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек береді.

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивтерін қалыптастыратын өздік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды көздейді, тиімді оқыту технологияларын және оларды бейімдеу деңгейін іріктеуге, әр түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді «ашуды», практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындауды көздейді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 1-4 сыныптардағы «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2 сынып - аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат.

«Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Бастауыш сыныптардағы математиканың вариативті мектептік компоненті пәнді тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді тереңдете оқыту математиканың бастауыш курсының негізгі математикалық мазмұнын кеңейту арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес және қызықты есептерді, қиындығы жоғары есептерді шешу; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігі; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері және т.б.

Вариативті оқушылық компоненті стандарт деңгейінде бағдарлама мазмұнын меңгеру барысын түзетуді көздейді.

ІІ. БІЛІМНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

2 сынып

(аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат)

Жүз көлеміндегі сандар (104 сағат)

Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту (12 сағат); Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту (24 сағат); Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту (20 сағат).

Кестелік қосу және азайту (28 сағат);

Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту (20 сағат);

Бірліктермен және ондықтармен санау. 0-ден 100-ге дейінгі сандардың аталуы, peri және жазылуы. Екі таңбалы сандар. Екі таңбалы сандарды салыстыру. Екі таңбалы сан­дардың ондық құрамы және олардың сәйкес жіктелуь



Амаддарды орындаудың рет тәрттбі. Жақшалар. Екі амалдан (қосу және азайту) тұратын санды өрнек құру, жазу, оқу, мәнін табу. Өрнектерді салыстыру. Қосу және азайту. Өзара кepi амалдар. Қосудың қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік).

100 көлеміндегі сандарды және сәйкес шамаларды ауыз­ша және жазбаша қосумен азайту. Қосуды және азайтуды тексеру. Есептеу тәсілідерк санды беліктері бойынша қосу және азайту; сандардың ондық құрамы жайындағы білімге негізделген қосу және азайту; санның бip таңбалы Екі санның қосындысы түріндегі құрамы жайындағы білімге негізделген қосужәне азайту; қосудың сәйкес жағдайы жай­ындағы білімге негізделген азайту; сандардың разряд бірліктері бойынша қосу және азайту.

20 көлеміндегі сандарды қосу кестесі және азайтудың сәйкес жағдайлары. Бір таңбалы санды немесе ондықтарды және екі таңбалы санды қосужәне азайту. Ондықтан аттамайтын және аттайтын жағдайлардағы ауызша және жазба­ша қосу мен азайту.



Қосу мен азайтуға берілген жай есептерді құру және шығару (бұрыннан белгілі негізгі түрлері және белгісіз қосылғышты, азайғышты және азайткышты табуды қосындыны және қалдықты табу есептеріне кepi есептер ретінде қарастыру). өзара кepi жай есептер құру және шығару. Олардың шешулерін салыстыру. Екі амалмен (қосу және азайту) шығарылатын есептер. Екі амалмен шығарылатын есептерді са­лыстыру және түрлендіру.

Бір әріпі бар құрылысы күрделірек өрнек және оның мәнін табу. Осындай өрнектерді салыстыру. Теңдеу. Қарапайым тендеулер құру және шешу.



Геометриялық фигуралар (тік сүйір және доғал бұрыштар, көпбұрыш, тік төртбұрыш (шаршы), сынык сызык тұйықталған және түйықталмаған сынык сызыктар) және оларды салу. Көпбұрыштың периметрі.

Тк төртбұрышты (шаршыны) геометриялық ұғым ретіңде анықтау және оның қасиеттері.

Уақыт аралығы туралы қарапайым түсінік. Минут, са­ғат, тәуілік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр және олардың арақатынасы.

Сыйымдылық туралы түсінік. Литр.



Масса туралы түсінік. Килограмм.

Ұзындықты өлшеу. Метр, оның дециметрмен және сантиметрмен арақатынасы.

Қарапайым шамаларды (масса, ұзындық сыйымдылық) салыстыру.

Мың көлеміндегі сандар (24 сағат)

Сандарды оқу, жазу және салыстыру (12 сағат); Қосужәне азайту (12 сағат).

Жүздікті шығарып алу. Жүздіктердіің санаудың жаңа бірлігі екендігіжайында түсінік. Жүздіктермен санау. Толық жүздіктердің атаулары, peri, окылуы және жазылуы. Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау. Үш таңбалы сан және оның ондық құрамы. Үштаңбалы сандар­ды салыстыру. 1000 көлеміндегі сандарды оқу және жазу.

Үш таңбалы сандарды және сәйкес шамаларды қосумен азайту. Қосу және азайту өзара кepi амалдар. Қосуды, азай­туды тексеру.

Есептеу тәсілдері: 100 көлеміндегі сандармен орындалатын амалдарға келтіру аркылы қосужәне азайту; кестелік жағдайларға келтіру аркылы қосужәне азайту; разряд бірліктері бойынша қосу және азайту; сандардың ондық құрамы жайындағы білімге негізделген қосу және азайту.

Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру (өлшем бірліктері: уақыт секунд, ұзындык километр, масса грамм, центнер, тонна); бip ғана шаманың өлшем бірліктерінің ара қатынасы.

Тендеу. Қарапайым тендеулер құру және оларды туратендіктердің, озара Kepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу.

Көбейту және бөлу амалдарын енгізуге дайындык (бірдей қосылғыштардың қосындысын табумен, тиісінше және теңдей бөлумен байланысты практикалық жұмыстар).

Қайталау (8 сағат)

Сандарды оқу, жазу, салыстыру және жжтеу; шамалар және оларды салыстыру, өлшеу; кестелік қосу және азайту; кестеден тыс қосу және азайту; есеп және оны шығару тәсілдері; алгебраның және геометрияның элементтері; оқушылардың білім денгейін анықтау.



Математика

Барлығы 136 сағат

Аптасына 4сағат



Сабақтың мақсаты.

Негізгі

түсініктер

Оқулық беті

Сағат саны

Күні

қорытынды

Ж.б.

нақты




1 тоқсан 36 сағат




Бөлімнің тақырыбы: 1 сыныпта өткенді қайталау - 12 сағат

100 көлеміндегі сандар - 104 сағат

Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту – 12 сағат




Оқушылар білуі тиіс

Оқушылар қолдана алуы тиіс




-бірліктермен және ондықтармен санау;

- 0-ден 100-ге дейінгі сандардың аталуы, peтi және жазылуы.




-екі таңбалы сандар;

-екі таңбалы сандарды салыстыру;



-екі таңбалы сан­дардың ондық құрамы және олардың сәйкес жіктелуі.

1

0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар. Жүз.




Бет 4

1










2

Теңдік, теңсіздік, теңдеу.




Бет 6

1










3

Есептер шығару.




Бет 8

1










4

11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрылуы, оқылуы, жазылуы. Сандарды салыстыру

Сандардың құрылуы, оқылуы, жазылуы.

Бет 9

1










5

11-ден 20-ға дейінгі сандардың оңдық құрамы.

Сандардың оңдық құрамы.

Бет 12

1










6

Алғашқы бақылау үзігі







1










7

Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту

Ондық құрамы негізінде қосу және азайту

Бет 14

1










8

Сандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту

Ондық құрамы негізінде қосу және азайту

Бет 15

1










9-10

Пысықтау. Ондық құрамы негізінде қосу және азайту.

Ондық құрамы негізінде қосу және азайту

Бет 16

2










11

Разрядтан аттап қосу тәсілдерін енгізуге дайындық және азайтудың сәйкес жағдайлары (өрнектің екі амалмен орындалатын түрі: 8+2+4,16-6-2).

Разрядтан аттап қосу тәсілдері

Бет 19

1










12

Өзіндік жұмысы. Ондық құрамы негізінде қосу және азайту







1













Барлығы :12 сағат

Тарау: Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту – 24 сағат





Оқушылар білуі тиіс

Оқушылар қолдана алуы тиіс




-амалдарды орындаудың рет тәртібі;

-жақшалар;

-екі амалдан (қосу және азайту) тұратын санды өрнек құру, жазу, оқу, мәнін табу.


-өрнектерді салыстыру;

-қосу және азайту;

-өзара кepi амалдар:

-қосудың қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік).

1

Ондықтан аттау қосу және азайту тәсілдерін енгізуге дайындық

Ондықтан аттау қосу және азайту

Бет 18

1










2

Бақылау жұмысы.







1










3

Қатемен жұмыс. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі

Бір таңбалы сан-дарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі




1










4

Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы азайту тәсілі. Қосу және азайтуды тексеру.

Ондықтан аттау арқылы азайту тәсілі

Бет 21

1










5

11 санының құрамы

11 санының құрамы

Бет 24

1










6


12 санының құрамы

12 санының құрамы

Бет 27

1










7

13 санының құрамы

13 санының құрамы

Бет 30

1










8

Фигураларды белгілеу.

Фигураларды белгілеу.

Бет 32

1










9

Белгісіз азайғышты табуға берілген есептер

Белгісіз азайғышты табу

Бет 34

1










10

14 санының құрамы

14 санының құрамы

Бет 37

1










11

Бақылау жұмысы







1










12

Қатемен жұмыс. 15,16 сандарының құрамы.

15,16 сандарының құрамы.

Бет 40

1










13

17,18 сандарының құрамы

17,18 сандарының құрамы

Бет 44

1










14

Ондықтан аттау арқылы қосу және азайтуды тексеруді бекіту

Ондықтан аттау арқылы қосу және азайту

Бет 48

1










15

Жақшалы өрнектер

Жақшалы өрнектер

Бет 50

1










16

Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер.

Белгісіз азайтқышты табу

Бет 52

1










17

Өздік жұмысы. Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер.

Белгісіз азайтқышты табуғ

Бет 54

1










18-19

Сыйымдылық. Литр.

Сыйымдылық. Литр.

Бет 55

2










20-21

Баға. Құн. Теңге.

Баға. Құн. Теңге

Бет 59

2










22

Бақылау жұмысы.







1










23-24

Қатемен жұмыс. Ондықтан аттау арқылы қосу және азайтуды тексеруді бекіту

Ондықтан аттау арқылы қосу және азайту

Бет 61

2










Барлығы: 24 сағат

ІІ-тоқсан. (28 сағат)

Ондықтан аттау арқылы жазбаша қосу және азайту - 20 сағат.




Оқушылар білуі тиіс

Оқушылар қолдана алуы тиіс




-100 көлеміндегі сандарды және сәйкес шамаларды ауыз­ша және жазбаша қосумен азайту;

-қосуды және азайтуды тексеру.



-сандардың ондық құрамы жайындағы білімге негізделген қосу және азайту; санның бip таңбалы;

-екі санның қосындысы түріндегі құрамы жайындағы білімге негізделген қосу және азайту;



-қосудың сәйкес жағдайы жай­ындағы білімге негізделген азайту; сандардың разряд бірліктері бойынша қосу және азайту.

1

21-ден 100-ге дейінгі сандар

21-ден 100-ге дейінгі сандар

Бет 67

1










2

Метр – ұзындықтың өлшем бірлігі. Метр, дециметр, сантиметрдің өзара қатынасы.

Ұзындықтың өлшем бірлігі

Бет 71

1







3

Екі таңбалы сандардың ондық құрамы.

Екі таңбалы сандардың ондық құрамы.

Бет 73

1







4

Бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал). Көпбұрыштың элементтері (төбелері, бұрыштары, қабырғалары)

Бұрыштардың түрлері

Бет 75

1










5

Тіктөрбұрыш пен шаршының қасиеттері

Тіктөрбұрыш пен шаршының қасиеттері

Бет 77

1










6

Көпбұрыштың периметрі

Көпбұрыштың периметрі

Бет 79

1










7

Өзіндік жұмысы. Фигуралардың периметрін табу

Фигуралардың периметрін табу

Бет 82

1










8

Құрама есептер

Құрама есептер

Бет 84

1










9

Құрама есептерді шығару

Құрама есептер

Бет 86

1











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет