«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» ауатты денсаулық фестивалі Өтетін орны: Мектеп спорт алаңы



Дата08.02.2022
өлшемі14,77 Kb.
#123747
Байланысты:
Денсаулык фестиваль2021


«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!»
ауатты денсаулық фестивалі

Өтетін орны: Мектеп спорт алаңы


Өтетін уақыты: 6 қыркүйек 2021 жыл, сағат 12.00-де


І – жүргізуші
Денсаулықтың кепілі.
Жаттығу мен шынығу.
Әрбір жастың үлесі,
Жастайынан шынығу.


І – жүргізуші
Армысыздар спорт сүйер қауым! Бүгінгі «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» атты денсаулық фестиваліне қош келдіңіздер!


ІІ-Жүргізуші
Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз.


І-Жүргізуші
Ия, бұл ретте тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел спортына ерекше ықыласпен қарайтынын айтпасқа болмайды. Еліміздің барша мектептерінде
1-6 қыркүйек аралығында «Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр!» ұранымен Денсаулық фестивалі өткізілуде. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – денсаулықты сақтау мен нығайту, қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.


ІІ-Жүргізуші
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі. – деп денсаулық фестиваліне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!
ГИМН орындалады


І-Жүргізуші
Спорт деген денсаулықтың кемесі,
Спорт деген асар шыңның белесі.
Спорт деген біле білсең достарым,
Жан мен тәннің, сұлулықтың төресі


І-Жүргізуші
Сөз дене тәрбиесі бірлестігінің жетекшісі ................................................................................................. беріледі!
ІІ-Жүргізуші
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.


І-Жүргізуші
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену, жалықпау – деп құрметті жарысқа қатысушы достар сендерді сайыс алаңына шақырамыз!


ІІ-Жүргізуші
Кезек мектебіміздің дене тәрбиесі бірлестігіне!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет