32
науқасқа психологиялық әсер беріп,
оның жауабына байла-
нысты келесі ойын жеткізеді. Нәтижесінде, әңгіменің бары-
сын белсенді түрде өз қолына алады. Сонымен қатар, медици-
налық
қызметкердің сөз сөйлеу мәнері, өз-өзіне сенімділігі,
күш қүдіреті сөздерінің тиімділігі де өте маңызды болады.
Науқасқа нұсқау бергенде оны қатаң түрде санасына жеткізе,
күмән тумайтындай, толық орындайтындай сөйлейді. Кейбір
адамға мұндай сөз мәнері ұнамайды,
сондықтан нәтиже де
әкелмейді. Бұйрық немесе директивті түрде диалог жүргізгені
көбінесе тиімсіз келеді.
Медициналық қызметкердің айтылған сөзі, нұсқауы іске
асырылып, орындалу үшін,
оның дауысы жайлы, үнамды
болуы керек. Науқасқа тез, асыга, қатал және жоғары дауыста
сөйлеуге болмайды. Сөз мәнерін жоғары дәрежеде жүргізу
әрбір медициналық қызметкерлерінің міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: