Бердалы мырзаханов


Тақырып 5.3 Психологиялық ерекшсліктсрі бар және



Pdf көрінісі
бет72/128
Дата19.06.2022
өлшемі4,54 Mb.
#146808
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   128
Байланысты:
f616416553eca5 (2)

Тақырып 5.3 Психологиялық ерекшсліктсрі бар және 
психикалық бузушылықтары бар науқастармен қарым-
қатынас жасау 
Науқаспен сұхбаттасқанда медициналық қызметкер оның 
психикалық статусына, көңіл-күйіне, ойлау қабілетіне назар 
аударғаны жөн болады. Неврозбен сырқаттанған науқас-
тардың қоғамда адаптациясы төмен болады. Мұндай науқас-
тар өзінің диагнозы, симптомдары, қабылдаған препараттары 
жөнінде ашық ақпарат береді. Деменциямен сырқаттанған 
науқастарда ойлау қабілеті бұзылады. Жедел аурумен сыр-
қаттанған науқастарда қозғыштық реакция көрініс беруі 
мүмкін. Мұндай аурулармен ауырған науқастардан қажетті 
мәлімет алу қиынға соғады. Олар қойылған сұрақтарды 
жеткіліксіз тыңдап, нақты жауап бермейді, өз сиптомдарын, 
не болғаны жөнінде Дұрыс айта алмайды. Кейде науқастар 
есте сақтау қабілетінің нашарлағанын жасыру мақсатында
жалған мәлімет беріп, ойдан шығарған көп жағдайларды 
баяндайды. 


 
 
115 
Егер медицина қызметкері 
деменция 
(жүре пайда болған 
ақыл ойдың аздығы) белгілерін анықтаған жағдайда, науқас-
тардан терең мәлімет алуға уақыт жібермегені жөн. Меди-
циналық қызметкер науқастың психикалық статусына, ес-
санасының жағдайына, есте сақтау қабілетіне аса назар ау-
даруы тиіс. Сұхбат барысында науқасқа мынадай сұрақтар 
қоюға болады: «Соңғы рет сіз дәрігерде қашан болдыңыз? 
Қашан болғаныңызды кәне көрейік? Емханалық құжаттан 
қарап, тексеруге болады», «Сіз қазір мына мекен - жайда...... 
тұрып жатырсыз ба? Сіздің телефоныңыздың нөмірі қан-
дай?». Осындай қойылған сұрақтарға науқастың жауабын 
ауру тарихынан, кужаттардан қарап, тексеруге болады (егер 
жазылған болса). 
Интеллекті шектелген науқастар. 
Интеллекті шектелген 
науқастар медициналық қызметкеріне қажетті мәліметтерді 
бере алмайды және медицина қызметкерінің айтқандарын 
түсіне алмайды. Медициналық қызметкері оның түсінбегенін 
байқамай, науқасқа түсініксіз (күрделі) инструкцияларды 
беруі мүмкін. Егер, медицина қызметкері науқастың интел-
лектінің бұзылуын байқаса, науқастың мектепте оқыған үлге-
ріміне назар аударуы тиіс. Медициналық қызметкер науқас-
тың мектепке бару ұзақтығын, неге мектепті тастағанын
қалай оқығандығын, қандай курстарға барғаны жөніндегі 
сұрақтарға жауап іздейді. 
Медициналық қызметкер науқастың психикалық статусын, 
санау қабілетін, сөз құрамын, абстракты ойлау қабілетін 
бағалай білуі керек. 
Егер науқастың интеллекті тым кешеуілдеп қалған болса, 
науқастың құжаттарын туыстары мен ата-анасының көмегі-
мен толтырады. Медициналық қызметкерлер науқасқа барын-
ша назар аударып, жылы сұхбаттасып, жақсы қарым-қатынас 
орнатуы керек. Науқаспен сұхбаттасқанда медициналық қыз-
меткер өзінің интеллектілігінің аса жоғары екендігін көрсет-
пей, аффекті сөйлеуден бас тартуы тиіс, себебі науқас 
түсінбеуі, не туысқандары мүны байқап қалуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет