Кіріспе
Еліміздегі күрделі құрылыстың қарқыны құрылыс индустриясының тез дамып технологиялық жетілуін талап етіп отыр. Осыған орай алдыңғы міндетті шешуде құрылыстарда темірбетонға зор міндет артады. Оларды зауыт жағдайында бейімделіп бір орталықта дайындау бұйымдарды құрылыс алаңдарында дайындаумен салыстырғанда әлде қайда тиімді. Соңғы жағдайда құрылыстың салынатын уақыты мен
еңбек сыйымдылық өнімділігі, сондай-ақ ғимараттарды тұрғызуда орындалатын күрделі жұмыстың саны қысқарады.
Зауыт жағдайында орындалатын темірбетонды бұйымның қазіргі технологиясы процестерді үлкен шенге дейін механикаландыруға негізделген және құрылыс конструкциялары мен бұйымдардың өз құндылығын арзандатады.
Қазіргі кезде осы бағытта орындалған ғылыми-зерттеу, жобалық, өндірістік жұмыстардың қорытындысында біраз технологиялық процестерге қол жетіп және темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының зауыт жағдайында толығымен дайындау деңгейі өсті,
сапасы жақсарды, өз құндылығы төмендеді. Осының салдарынан құрастырмалы темірбетон шығаратын өндірістің жаңа осы заманғы саласы құрылды. Мұның өзі құрылыста жаңа конструкция мен бұйымдардың дамуындағы техникалық прогрестің басты бағыттарына жол ашты. Жалпы құрылыс материалдарының бұйымдар мен конструкцияларының ішінде ұзақ уақыт мүлтіксіз жұмыс істейтін және олардағы металл сыйымдылығын, өз құндылығын құрылыстағы еңбек ысырабын азайтуды қамтамасыз ететін құрастырмалы темірбетонды бұйымдар мен конструкциялардың даму бағыты қарқынды өсті. Оның ішінде бетон құрамын жақсарту мен өндіріске ендіру бағыттарына көп көңіл бөлінді. Құрылыстың инновациялы индустриялы қоры жасақталды.
Құрастырмалы темірбетонның алдағы уақытта дамуы төменгі бағыттарда орын алмақшы:
- Майда, ұсақ зауыттар мен полигондарды жою және шығару орнына орташа және ірі қуаттылығы бар және алдыңғы қатарлы технологиямен жұмыс істейтін зауыттарды жобалау.
- Темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттарды, нақтылы бұйымның түрін прогрессивті етіп мамандандыру. Мекемені мамандандырудың өзі әртүрлі көптеген бұйым түрлерін
шығаруға тыйым салып, бұйымның тек бірнешеуін ғана өндіруге бағытталған. Тек осындай жағдайда ғана өндірістік техноло-гиялық процесті жоғары шекке дейін бірыңғайландыруға (унифицировать) бағытталған.
Қазақстан құрылыстарының үлкен жетістігі сол, олар ғылым мен техниканың көптеген жаңалықтарын табысты және білімді пайдалана отырып, азаматтық құрылысмен
өндірістік ғимараттардың, әсіресе, ірі панельді үй құрылысында құрастырмалы темірбетонды орынды және ұқыпты қолдана білді. Қазіргі кездегі кооперативтік және жеке меншікті үйлердің 50 % ірі панельді әдіспен темірбетон бұйымдарынан салынады.
Республикадағы экономикалық бағыттағы жұмыс істейтін мекемелердің функцияларына түзетулер енгізіп, агрокешенді құрылысқа кететін жұмыстың қарқынды әдістерін құрылыс практикасына жиі-жиі ендіріп, еңбек өнімділігінің өсуін, өндіріс көлемінің өсуімен қатар қол еңбегін жоғарғы дәрежеде механикаландыру мен өндірістік қуаттылық пен негізгі
қорлары толығынан пайдалану, шикізат пен материалдар ысырабын үнемдеу, отын мен энергетикалық көздерді тиімді ысыраптау, қаражаттың айналымдық қабілетін өсіру сияқты шараларды іске асырып жатыр.
Құрастырмалы темірбетон конструкциялар өндірісін қарқындатуға бағытталған шаралардың табысты орындалуы, сапасы
жоғары бұйымдар өндіруге, зауыт жағдайындағы бұйымның дайындық дәрежесін өсіріп және техника-экономикалық көрсеткіштері өте аз мөлшердегі бұйымдар мен конструкцияларды өндіруге септігін тигізеді.
Темірбетон бұйымдардың сапасы көп мөлшерде бетон араластырғыш цехтың үйлесімді және жоғары жұмыс істеуіне байланысты, өйткені, біртекті қарылған арнаулы қасиеттер берілген бетон массасы бетон араластырғыш цехтарда дайындалады.