Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К



Pdf көрінісі
бет39/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

 
Құрал – жабдықтар: 
Залалсыздандырылған Петри табақшалары
пробиркалар, тамшуырлар, 100-500 мл-лік флакондар немесе ыдыстар, 
термотөзімді шыны стаканчикстер, 150-250 мл флакондар, шыны таяшалар, 
пинцеттер, бактериологиялық тұзақ, фильтр қағазы, мақта, микроскоп, 
заттық шынылар мен жабындық шынылар, Эндо ортасы, Кесслер ортасы 
немесе КОДА, ЕПА, Олькеницкий ортасы, физиологиялық ерітінді, майсыз 
сүт, тауық жұмыртқасы, қоянның қан сарысуы, Грам бойынша бояу 


реактивтері, дезинфекциялау ерітіндісі. 
Зертханалық жұмыстың орындалу жоспары: 
1 сабақ. 
Топырақтағы ІТТБ титрациялық әдіспен анықтау мақсатында 
тәжірибе қою.
 
2 сабақ.
Лайлану мен газ түзілген Кесслер ортасы бар пробиркалардан 
Эндо ортасы бетіне егу жүргізу.
3 сабақ.
Эндо ортасында өсіп шыққан колонияларға сараптама жасау. 
Теріс оксидазалық тест көрсететін және грамтеріс таяқшалар болатын 
колонияларды олардың түрлік белгісін анықтау мақсатында диагностикалық 
орталарға егіп шығу. 
4 сабақ.
Зерттелеген микроорганизмдердің түрлік белгілерін анықтау 
мақсатында ТИМАЦ жүйесі бойынша олардың диагностикасын жасау. 
5 сабақ. 
Седиментациялық әдіспен ЕПА қоректік ортасына ауадан екпе 
жасау.
6 сабақ. 
Омелянский формуласымен ауаның микробтық санын анықтау. 
Ауаның 
санитарлық-көрсеткіштік 
микроорганизмдері 
ретінде 
ЕПА 
ортасында өсіп шыққан стафилакокктардың санын анықтау және олардың 
дифференциациясы үшін диагностикалық орталарға (СТА мен СТА) 
қарапайым колонияларын егіп шығу.
7 сабақ.
Алынған нәтижелерді кестеге енгізіп, стафилококктардың 
түріне анықтама беру. Есебін дайындау. 
Бақылау сұрақтары
1. Топырақтың өзін-өзі тазарту үрдісінде микроорганизмдер рөлі қандай? 
2. Топырақ үлгілерінің микробиологиялық сараптамасын қалай жүргізеді? 
3. Топырақ үлгілерін алу ережелерін атап беріңіз.
4. топырақтағы ІТТБ қандай әдіспен анықтайды? Титрациялық (ашыту) 
әдіс деген не? Оны қалай жүргізеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет