Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К


микроорганизмдердің антагонисттік белсенділігінің индексі мен



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

микроорганизмдердің антагонисттік белсенділігінің индексі мен 
биосәйкестілігін анықтау
 
33 
4 тақырып: Өсімдіктердің өсуіне топырақ микроорганизмдерінің әсері
 
36 
1 зертханалық жұмыс. Топырақ микроорганизмдерінің өсуді 
ынталандыру белсенділігін анықтау
 
37 
2 зертханалық жұмыс. Микроорганизмдердің дақыл сұйықтығының 
әртүрлі концентрацияларының өсуді ынталандыру белсенділігі 
 
 
38 
5 тақырып. Табиғи биотоптардың микрофлорасы
 
40 
1 зертханалық жұмыс. Титрациялық әдіспен топырақтағы ішек 
таяқшалары тобындағы бактерияларды анықтау
 
41 
2 зертханалық жұмыс. ТИМАЦ жүйесімен энтеробактериялар 
дифференциациясы
 
44 
3 зертханалық жұмыс. Ауаның жай-күйін санитарлық-
бактериологиялық бағалау
 
48 
4 зертханалық жұмыс.
Ауаның санитарлық-көрсеткіштік 
микроорганизмдері ретінде стафилококктардың сипаттамасы мен 
санын анықтау 
 
50 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
53 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
54 
 
 
 
 


АЛҒЫ СӨЗ 
 
Микроорганизмдер физиологиясы микробиологияда негізгі орындардың 
бірін иеленеді. Ол микроб клеткасы мен қоршаған ортада жүріп жатқан 
қызметтер мен биохимиялық үрдістерді зерттейді. Аталған пән нақты 
алғанда микроорганизм клеткасының қоректенуін, тыныс алуын, көбеюін, 
қозғалуын, спора түзуі мен зат алмасуын қарастырады. Дегенмен 
микробтардағы бұл үрдістер бірқатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. 
Олар: 
қоректік 
зат 
ретінде 
органикалық 
қосылыстармен 
қатар 
бейорганикалық қосылыстарды пайдалана алуы;аэробты және анаэробты 
жағдайларда тіршілік етіп, көбеюге қабілеттілігі; спораларының көмегімен 
ұзақ уақыт сақталуы; қоршаған ортаның өзгеріп отыратын факторларына 
ерекше түрде бейімделуі.
Физиологиясын меңгеріп білу микроорганизмдердің тіршілігін 
басқаруға, оларды өндірісте және ауылшаруашылығындағы тәжірибелік 
мақсаттарда тиімді пайдалануға, сондай-ақ қажет болғанда олармен күресу 
құралдарын жасауға мүмкіндік береді.
Сол себептен, микроорганизмдердің қасиеттерін терең әрі үздіксіз 
зерттеуді қажет ететін мәселелер шеңбері едәуір кеңейген, ал 
микробиологияның түрлі салалары бойынша жылдам білім жинақтау 
студенттерге арналған оқу-құралдарын үнемі жаңарту қажеттілігін көрсетеді. 
Әдістемелік нұсқау микроорганизмдерді табиғи мекен ету ортасынан 
бөліп 
алуға, 
таза және жинақтаушы 
дақылдарды 
алуға 
және 
микроорганизмдерге физико-химиялық факторлардың әсерін зерттеуге 
арналған бөлімдерден тұрады.
Олардың ішінде микроорганизмдердің тәжірибеде қолданылуы мен істің 
биотехнологиялық көрінісі және микроорганизмдер дақылдарымен жұмыс 
істеудің көпшілік мақұлдаған әдістері қарастырылады. Микроорганизмдер 
араларындағы қарым-қатынас пен олардың биологиялық белсенділігін 
анықтауға үлкен назар аударылады. Бөлек таксономиялық топтардың 
өкілдерін бөліп алу мен диагностикалау әдістері берілген.
Әдістемелік нұсқау «Физиология негіздері» пәнінің үлгілік оқыту 
бағдарламасы мен ГОСО-ға сәйкес ҚР ЖОО-ның биология факультеттерінің 
«5В0070100-Биотехнология» мамандығы бойынша білім алып жатқан 
студенттерге арналған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет