Бержанова Р. Ж., Игнатова Л. В., Мұқашева Т. Д., Сыдықбекова Р. К


 тақырып. Микроорганизмдердің жинақтаушы дақылдарын алу



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата21.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#187275
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
пособиефизиологияМО

1 тақырып. Микроорганизмдердің жинақтаушы дақылдарын алу
 
 
Мақсаты: 
қоршаған ортаның түрлі объектілерінен микроорганизмдерді 
бөліп алудың қағидалары туралы түсінік беру; микроорганизмдердің түрлі 
физиологиялық топтарының жинақтаушы дақылдарын алу. 
 
 
Жинақтаушы немесе элективті дақыл деп – бір физиологиялық топтың 
өкілдері немесе микроорганизмдердің бір ғана түрі басымырақ болатын 
дақылдарды атайды.
Жинақтаушы дақылдар әдісін микробиологиялық зерттеу тәжірибесіне 
С.Н. Виноградский мен М. Бейерник енгізген. Барлық микробтар қарапайым 
қоректік орталарда өсе бермейді. Аралас популяциядан тек қажетті белгілі 
бір 
түрдің 
микроорганизмдерін 
(зерттеушіге 
қажет) 
немесе 
микроорганизмдер тобын өсіруге арналған қоректік орталарды элективті 
немесе таңдаулы деп атайды. Бірақ бұл орта басқаларының дамуы үшін аз 
қажет болады немесе мүлдем қажет болмайды.
Элективті ортаны жасау үшін бөліп алынатын микроорганизмнің қажет 
деген ерекшеліктерін немесе физиологиясын білу қажет. Микроорганизмдер 
өсіп, дамуы үшін қоректену көзі ретінде түрлі талаптарды қажет ететіндіктен
элективті жағдайларды жасау барысында көбінесе сәйкес келетін орталар 
таңдап алынады. Мысалы, молеклалық азотты фиксациялауға қабілетті 
микроорганизмдер құрамынан азоттың байланысқан формалары алынып 
тасталған орталарда ғана өсе алады. Егер осындай ортаға топырақ енгізсе
онда оның ішінде болатын алуантүрлі микроорганизмдерден ең алдымен 
азотфиксаторлар 
өсіп 
шағады. 
Автотрофты 
микроорганизмдердің 
жинақтаушы дақылын жалғыз көміртек көзі ретінде көмірқышқылы болатын 
ортада бөліп алады. Ортада көміртектің басқа қосылыстарының болмауы 
гетеротрофтардың өсуін тежейді. Қажет болған микроорганизмдердің бір 
тобының ғана қажеттіліктерін өтеуге қабілетті осындай арнайы қоректік 
орталар элективті орта атауына ие болады.
Элективті жағдайларды жасау барысында аэрацияға, температураға, орта 
қышқылдығына, 
жарыққа 
және 
т.б. 
факторларға 
әртүрлі 
микроорганизмдердің түрліше мұқтаж болатындығын ескеру керек. 
Сондықтан, аэробты микроорганизмдердің жинақтаушы дақылдарын алу 
кезінде қоректік ортаның ауамен байланысуы үшін көлемді бетпен 
қамтамасыз етеді, ал ортаны аэробты микроорганизмдермен байыту үшін 
белгілі бір әдістермен анаэробты жағдайларды жасайды. Жоғары 
температурада культивирлеу (50
о
С және одан жоғары) мезофильді 
микроорганизмдердің 
өсуін 
тоқтатып, 
термофильділердің 
өсуін 
ынталандырады. Аталған температурада әртүрлі микроорганизмдердің өсу 
жылдамдығының ұқсамауы да селективті факторлар болуы мүмкін. Мысалы, 
35
о
С температура мен жарық болған кезде минералды қоректік ортада өсу 
температурасының оптимальдылығының айырмашылығынан кей кезде 
жасыл 
балдырлардың 
өсуін 
мүмкіндігінше 
толығымен 
тежеп, 
цианобактериялармен байытылған дақылдарды алуға болады.


Жинақтаушы дақылды алу барысында микроорганизмдердің эндоспора 
түзу қабілеті секілді ерекшеліктерін де ескеру қажет. Спора түзетін 
бактерияларды жинақтау үшін қоректік ортаны жоғары температурада аз 
уақытта қыздыру арқылы (10 мин., 80
0
C) субстратпен инокулдейді. 
Осылайша спора түзбейтін бактериялардың өсуін жартылай немесе толық 
тоқтатып тастауға болады.
Бөліп алатын микроорганизмдердің өсуі үшін элективті жағдайлар 
әрдайым қолайлы бола бермейтінін айта кету керек. Дегенмен, 
микроорганизмдер оларды жанама факторларға қарағанда жақсы 
қабылдайды.
Кейде пигменттелумен бірге жүретін ортаның лайлануы, бетіне қабыршақ 
пайда болуы, тұнба түзілуі, газ бөліну сияқты бөліп алатын 
микроорганизмдердің өсуіне тән белгілердің пайда болуынан жинақтаушы 
дақылдың өсуін біле аламыз. Көзбен шолып байқаудан басқа жинақтаушы 
дақылды микроскоптау арқылы қажет формаларының болуын анықтайды. 
Кейде бөліп алған микроорганизмдерден бөлінуге тән зат алмасу өнімдерін 
анықтауды да қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет