Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың 1920-2001 жылдары. Оның дамуы өзіндік сипаттармен ерекшеленеді. Біріншісі, жалпы қарастырғанда, тарихи білімнің теориялық-методологиялық мәселеріне байланысты үрдістер 1920 жылғы Қазақ АКСР-ның құрылуына қатысты болса, екіншісі – тарихи білімнің теориялық ғылым ретіндегі негізі осы жылдары қалыптасты. Келесі сипат, егер 1920-жылдары Қазақстанның әлеуметтік өміріне ұлт зиялылары ат салысып, тарихи білімдік ой-санадағы демократиялық бағыттың қалыптасуы байқалса, 30-жылдары керісінше, тоталитарлық идеологияның белең алған, 1940-1970 жылдары өрістеген, 80-жылдары оның орныққан кезеңдері ішінде, Қазақстан тарихы ғылыми пән ретінде қалыптасып, дамығанымен, ол объективті және жүйелі оқытылмады.
Дегенмен ХX ғасырдың 1920-2001 – жылдары біздің еліміздегі тарихи білімнің сапалық жағынан дамуында түбегейлі өзгерістер басталды: 1920-жылдан бастап, жаңа пайда болған КСРО тарихы пәнінің аясындағы Одақтас Республикалардың тарихын оқытудың жолдары қарастырылса, КСРО тарихы 1934-жылдан бастап өз алдына жеке пән ретінде оқытылуға еркіндік алған тұста, Қазақстан тарихын осы пәнмен бірге оқытудың жолдары қарастырылып, С.Ж. Асфендияровтың басшылығымен Қазақстан тарихының очеркі мен Қазақстан тарихын оқытуға арналған тұңғыш бағдарлама дүниеге келді; 1941-1949 жж. аралығында Қазақстан тарихын тұтастай қамтыған жүйелі тарихтың томдар жинағын жазу басталды; ал 1958 жылдан бастап, Одақтас Республикалар тарихын жан-жақты оқытуға еркіндік берілген тұста, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашыла бастады да, орта мектептерде оны оқытуға арналған сағат жүктемелері бөлінді; 1960-жылдардың басынан бастап, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнінің оқулықтары мен бағдарламалары жазылса, 1977-1981 жж. Қазақстан тарихының кеп томдығы жарыққа шығып, олар Қазақстанның оқу орындарының бәрінде 1991-жылға дейін пайдаланылды.
1991-жылдан бері Қазақстандағы тарихи білімдік ой-сана мүлде жаңа бағытта дамуға бет алды да, 2001 жылы Қазақстан тарихы пәнін Тәуелсіздік жағдайында оқытудың алғашқы 10 жылдығы аяқталған тұста, республика мектертерінің 5-11 сыныптарға арналған Қазақастан тарихының жаңа оқулықтары түгелдей шығып үлгерді. Жалпы алғанда, 1920-2001 жылдар Қазақстаның тек әлеуметтік-саяси жағдайында ғана емес, рухани-тарихи саласында да болған түбегейлі өзгерістермен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |