Бес асық ойын ережесі



бет2/2
Дата18.09.2023
өлшемі48 Kb.
#181383
1   2
Байланысты:
БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ
ref -dene-shynyqtyru-zhane-belsendi-qozgalys, Реферат «Дене шыны тыруж не спорта», Айналмалы тоқ және трансформатор, Айналмалы тоқ және трансформатор, 23-сабақ. Д.Исабеков «Әпке» драмасы (1), sabaq-kz attachment mzh.-aza-kinosy-men-dulat-isabekov-pke-dramasy, 3-сабақ. 3 практикалық жұмыс Сұйытылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу реакциясы. Көмірқышқыл газына сапалық реакция, 11 сабақ Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу, Кибербуллиинф для школьников, тест (2), Кибербуллинг туралы мұғалімдерге, Сабаққа қатысу парағы, 11-сабақ. ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебит пен өнердің дамуы
10. «Сарт-сұрт». Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде, асықтар бір- біріне тиіп, оның соқтыққан сарт – сұрт дыбысы естілуі тиіс.
11. «Қаршу». Асықтар шашылады. Хан жоғарыға лақтырылады. Кілем үстінде шашылып жатқан асықтардың біреуін көтеріп, түсіп келе жатқан ханды үстінен қаршып қағу керек.Сонда қолда екі асық болады. Көтерілген асықты бөлек жинаймыз. Ханды лақтырып, қалған асықтарды бір-бірлеп теріп, түсіп келе жатқан ханды қаршып қағып отыру керек.
12. «Нәби». Ойыншы сол қолының бас бармағы және ортаңғы саусағының көмегімен «дарбаза» құрады, оң қолмен құрылған «дарбазаның» үстінен асыра алдыңғы жаққа асықтарды шашады. Хан жоғарыға лақтырылады, ал қалған асықтарды бір- бірден сыдыртып «дарбазаның» астымен қолдың арғы жағына өткізіп барып лақтырылған ханды құлатпай қағу керек, Осылайша, «дарбазаға» барлық асықтар кезекпен енгізіледі. Бұл әрекетте ереже бар: ойыншы тағы бір асық таңдайды – «ағалық» («нәби»). Бұл ең жақыны немесе алыс асық болуы мүмкін, ол туралы ойынның бас кезінде келісіледі. Ол «дарбазаға» ең соңғы болып кіргізіледі. Бұл асықты қарсыласы таңдайды.
Ұпайларды санау.
Алдыңғы әрекеттерді аяқтаған соң, ойыншы ұпайларды жинайды.
1. Жоғарыға 5 асық лақтырып, оларды алақанның сыртымен ұстап алады. Қайта жоғарыға лақтырып, оларды үстінен қаршып ұстайды. Әр асық 10 ұпаймен есептеледі. Егер ойыншы барлық 5 асықты ұстап алса, онда 50 ұпай жинайды. Егер ұпай алар кездеойыншы 0 яғни еш ұпай ала алмаса келесі ойнын бірліктен бастайда. Ұпай алуға екінші мүмкіндік берілмейді.
Ойыншылар кілемнен асықтарды алған кезде, басқа асықтарға қолдары тимеуі керек. Егер ойын ережесі бұзылса, ойынды келесі ойыншы жалғастырады.
Ойын әрқашан бұзылған жерінен жалғастырылады.
ЖЕҢІСТІҢ БЕРІЛУ ШАРТЫ: Қай ойыншы бұрын 150 ұпайға қол жеткізсе, бірінші орынды иеленеді. Бірақ кезек алған бірінші ойыншы ойынды басынан аяғына дейін тоқтамастан ойнап 150 ұпайды толық алып кетсе, екінші ойыншыға бір мүмкіндік беріледі. Екінші ойыншы өз шеберлігін көрсетуге құқылы. Егер ол да бірінші ойыншы сияқты өз ойнын тоқтамастан ойнап, 150 ұпай жинаса тең дәрежелі ойын деп есептеліп, жеңіс асық иіру арқылы анықталады. Ересектер-150 ұпай, жас өспірімдер – 100 ұпай.
ЕСКЕРУ: Бес асық ойны уақытқа ойналады. Ересектерге жалпы 10 минут, жас өспірімдерге 15минут уақыт беріледі. Әр ойыншы ойын барысында 1 минуттық үзіліс алуға құқылы.
Төреші ойын барысын толық өз бақылауында ұстайды. Ойын ережелерін, тәртібін, тыныштығын бұзған ойыншыға 1-рет ауызша ескерту жасалады, 2- рет сары кәртішке көрсетіледі, ескертулерге құлақ аспаса 3-рет қызыл кәртішке көрсетіліп ойыннан босатылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет