«Бесік жыры» тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыда дамуының алғашқы қадамы Жетекші



бет10/10
Дата13.01.2022
өлшемі473,36 Kb.
#111702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ғылыми жоба
ФО Математика 5 кл каз (1), Ғылыми жоба, 7-8сын Қолдан курс ФИЗИКА МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ 7-8cын, есеп, Баяндама Адалдық сағаты
Қорытынды
Қазақтың бесігі жайлы тек қана жақсы дүниелерді айтуға болады.

Мәселен, оның көшпелілер өміріндегі пайдасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Басы иілген, төрт аяғы, астында төсегі, арқалығы бар бесіктер үстіне қанша жапқыш жапқанмен сәбидің жатуына жайлы болған.

Бала ешқашан тұншықпаған, ауасы кең болып тұрған. Қазақтың бесігі баланың өміріне өте лайықты ойластырылып, шебер дайындалған.

Тағы бір айта кетері, қазақ бесігінің аяғы еденге, топыраққа тиіп тұрған. Бұл дегеніміз, ішінде жатқан бала әлеммен тікелей байланыс жасайды деген сөз.Бала бесікке қарын шашы, тырнағы алынып, қырық қасық суға шомылдырғаннан кейін ғана, яғни рәсім орындалғаннан соң жататын болған. Сол рәсімге орай бесік тойы жасалған. Бесікте жатқан балаға анасы бесік жырын айтқан.

Әлди әлди ақ бөпем

Ақ бесікке жат бопем

Жылама бөпем жылама

Жілік шағып бериін

Құрсақтан анасының дауысын естіп үйренген нәресте бесік жырына елітіп, тыңдайтын болған. Бесік жыры - тәрбиелік мәні зор тәлімді ән саналған.

«Бесік- киелі мүлік» атты ғылыми – зерттеу жұмысын 6 сынып оқушысы Ахатова Жания орындады. Ол зерттеу жұмысы кезінде мектеп кітапханасына барып, түрлі оқулықтардан, баспасөз материалдарынан жинақтап бесік туралы зерттеді. Ұлттық құндылығымызды танып-білуге деген ізденісі, ынтасының артуы, белсенділігі қуантарлықтай болды. Болашақта өз елінің тарихын, мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңіріп өсетін ұрпақ болады деп кәміл сенемін. Осы тақырыпта зерттеу жұмысын орындаған кездегі байқағаным, Жания бойында еліне, жеріне деген патриоттық сезімі анық байқалады. Ол осы жұмыс барысында өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Мені, Жанияның пысықтығы, талпынысы, еңбекқорлығы қатты қуантты. Оқушыма болашақта тек сәттілік, табандылық, шығармашылық тілеймін.

Менің ұсынысым:

1. «Бесік жыры» өлеңдері кітапша ретінде шығарылып, аналарға тегін таратылса;

2. Әр шаңырақта «Бесік жырының» үнемі айтылуы дәстүрге енсе;
3. Өз сыныптастарымды «Бесік жырын» жатқа айтуға шақырамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ғаламтор жүйесі

2.Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері – Алматы, Қазақстан,

3.Көкшеева З. Бесік жырлары – эстетикалық мәдениетті қалыптастыруы

4.Өмешұлы Ә. Бесіккее бөлеу зиян ба? Парасат, №7



5.«Қазақстан»  ұлттықэнциклопедиясы  (2-том)

6. Зейнеп Ахметованың жазбаларынан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет