3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Осы бағдарлама бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, пәннің тақырыптық жоспары,
оқыту әдістері, оқу нәтижелерін бағалау критерийлері, пәналды (пререквизит) және пәннен
кейінгі (постреквизит) оқытылатын пәндерге шолу жасаумен басталады.
8. Пәннің оқу жоспары, оның ішінде пәннің мазмұны, семинар тақырыбы (практикалық) және
студенттердің өзіндік жұмысы осы бағдарламаға қосымшада берілген. Тақырып мазмұны
салалардан, тақырыптардан, тақырыпшалардан және қарым-қатынастың типтік
жағдаяттарынан тұратын танымдық-лингвомәдени кешендер түрінде ұсынылған.
9. Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:
1) оқытушы мен студенттер тарапынан рефлексивті оқыту тәсіліне негізделген студенттерді
шоғырландыра оқыту,
2) интерактивті практикалық сабақ (проблемалық тақырыптар, пікірталас алаңы, «Пресс-
конференция», «Сұрақтар-жауаптар-талқылау»);
3) интерактивті дөңгелек үстел, семинар, рөлдік ойындар;
4) кейс-стади (нақты жағдаяттарды талдау);
5) жобалау әдісі (өз тәжірибесі мен құзыреттілігін толықтыру және өзгерту).
10. Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені мыналарды қамтиды:
1) силлабус (жұмыс оқу жоспары);
2) тәлімгерлердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру, оны жүзеге асыру кестесі және оларға
әдістемелік нұсқаулар;
3) қысқа тақырыптық мазмұны;
4) семинарларлық (практикалық), зертханалық сабақтарға арналған оқу материалдары;
5) пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы;
6) пән бойынша қорытынды емтихан бағдарламасы.
11. Студенттердің құзыреттерін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
бағдарлама мәтінінде тілдік материалды түсіну, терминологияны меңгеру, алынған білімді
пайдалану.
Минималды-жеткілікті деңгей – (біліктіліктің жалпыеуропалық шкаласы бойынша А2
деңгейіне сәйкес).
11.1. Минималды-жеткілікті деңгейде қалыптасатын біліктіліктер когнитивтік, әлеуметтік
мәдени және коммуникативтік біліктіліктер болып табылады.
11.2. Минималды-жеткілікті деңгейде сөйлеу тілінің формалары мен сөйлеу түрлерінің
түрлері: этикет сипатындағы диалог; диалог-сұрақ.
Ауызша және жазбаша коммуникация түрлері: ой - пікір элементтері бар сипаттама,
хабарлама.
Жазбаша сөйлеу туындылары түрлері: хат, жеке хат, құттықтау хаты, сауалнама, формуляр,
кеден декларациясы, баяндама жоспары.
11.3. Минималды жеткілікті деңгей дескрипторлары:
- коммуникацияның ауызша және жазбаша түрлері бойынша:
- мәлімет беруге дайындық және қабілет, ақпарат беру; ақпарат сұрау, сұрақтар қою,
сұрастырып білу; кеңес беру, ұсыныс жасау; сендіру, сақтандыру; бағалауыш
сөйлесімдердің, тұжырымдардың көмегімен сипаттау; мейірім білдіру және жақтырмау,
қызығушылық-немқұрайдылық, үмітті, сезімді білдіру.
- диалог барысында қайталауларды, перифраздарды және тағы басқа құралдарды қолдана
отырып, дайын сөздер негізінде қарапайым әңгіме жүргізу, әңгімені жалғастыру үшін қысқа
сөз оралымдарымен ой бөлісу, күнделікті өмірге және сөйлеу тақырыптарына (отбасы, бос
уақыт және т.б.) қатысты таныс тақырыптар бойынша әңгіме жүргізу, диалогты бастау,
жалғастыру және аяқтау үшін сөйлеу әдебі сөздерін қолдану.
- Монолог барысында:
Өз отбасын, оқуын, тұратын орнын, курстастарын, күн тәртібін, ауа райын, жыл мезгілдерін
және т.б. қарапайым фразалармен сипаттау, өзі, өзінің сабақтары мен қызығушылықтары
туралы қысқаша хабарлама жасау.
Жазбаша коммуникация барысында: туған-туысқандарды, өзінің айналасындағыларды,
олардың іс-әрекеттері, үй (пәтер) және т.б. сөйлеу тақырыптары бойынша қарапайым
фразалармен сипаттау, рәсімдеудің нормативтік талаптарын сақтай отырып,
коммуникативтік ниеттерді жеткізу.
Тыңдап түсіну барысында:
оқытушының және өзінің курстастарының сөзін, нұсқауларын түсіну;
күнделікті тұрмыста қолданылатын күнделікті қарапайым сөйлесімдерді қабылдау және
түсіну;
оқытушының жақсы құрастырылған және баяу айтылған сұрақтарын, нұсқауларын,
ережелерін немесе қарапайым қысқа бұйрықтарын түсіну;
хабарламаның тақырыбы туралы фрагментті (сөз, сөз тіркестері және қарапайым фразалар
деңгейінде) болжап білу;
Оқу барысында келесі іскерліктер қалыптасады:
ұсынылған мәтіндердегі таныс атауларды, сөздерді, қарапайым фразаларды оқып бөліп
көрсету;
тілін оқып жатқан елдегі адамдардың күнделікті өмірлерін реттеуіш прагматикалық
мәтіндерді оқу: мәзір және ілінген хабарламалар, бағыттар мен жол карталары, әр алуан
нұсқаулықтар мен ескертулер, кестелер және хабарламалар – жаңа әлеуметтік мәдени
ортада іс-әрекетке бағдар беретін, негіз болатын ақпараттарды оқу;
Минималды жеткілікті деңгейде біліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері:
Бағалау деңгейлері: үйлесімді, жоғары, орташа, төмен.
Бағалау деңгейлері өлшемдерінің мазмұны:
Басқа тілдегі мәтінді ұйымдастырудың ережелерін сақтау. Жазбаша мәтіннің мазмұны мен
көлемі (берілетін ақпараттың дәлдігі, нормативтік талаптарға сәйкестігі). Лексикалық
қанықтығы,грамматикалық безендірілуі (этикет сөздердің дұрыстығы,орфография мен емле
ережелерін сақтау).
Үйлесімді деңгей:
серіктесінің осы деңгейдегі коммуникативтік ниетін ым, ишара арқылы түсіну;
осы деңгейдегі өз коммуникативтік ниетін сөздік қоры жетпей қалған жағдайда
көрнекіліктерді пайдалана отырып білдіру;
осы деңгейдегі сөйлеу/коммуникация формаларының авербалды және визуалды түрлерін
таңдап алу;
коммуникативтік ниетін фото немесе суретте бейнеленген нақты деректерді пайдалана
отырып баяндау;
Жоғары деңгей:
серіктесінің коммуникативтік ниетін дәлелдерді пайдалана отырып жалпы түсіну;
өз коммуникативтік ниетін оқып жатқан тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларына сәйкес дұрыс
білдіре алуы;
сөйлеудің логикалық құрылымының жеткіліксіз түрінің сөйлеу/коммуникация формаларын
таңдау;
кейбір деректер мен сілтемелерді пайдалануда коммуникативтік ниетін білдірудің толық
еместігі;
Орташа деңгей:
серіктесінің коммуникативтік ниетін тек жорамалдай түсінуі;
өз коммуникативтік ниетін шектеулі лексикалық бірліктерді пайдалана отырып жеткілікті
түрде барабар білдіруі;
сөйлеу/коммуникация түрлері мен формаларын таңдау коммуникативтік ойға үнемі сәйкес
келе бермейді;
кейбір деректерді пайдалануда интерференция салдарынан коммуникативтік ниетін
білдірудің толық еместігі;
талап етілген деңгейде талқыға түсуге қабілетсіздігі. Сөйлеу мінез-құлқы коммуникативтік
және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.
11.4. Жеткілікті деңгей: (біліктіліктің жалпыеуропалық шкаласы бойынша А2 деңгейіне
сәйкес):
Жеткілікті деңгейде қалыптасатын біліктіліктер когнитивтік, әлеуметтік мәдени және
коммуникативтік біліктіліктер болып табылады.
Жеткілікті деңгейде жиі қолданылатын сөйлеу формалары мен қатысым түрлері :
- әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларында ақпарат алмасу
жөніндегі диалог;
- іс-әрекетте түрткі болатын диалог.
Ауызша және жазбаша коммуникация түрлері: ой - пікір элементтері бар сипаттама,
хабарлама.
Жазбаша сөйлеу туындылары түрлері: толық хат, жеке хат, құттықтау хаты, сауалнама,
формуляр, кеден декларациясы, ой-пікір элементтері бар баяндама жоспары.
Жеткілікті деңгей дескрипторлары:
- Коммуникацияның ауызша және жазбаша формалары саласында:
- б а ғ д а р л а м а д а к ө з д е л г е н қ а р ы м - қ а т ы н а с т ы ң е ң к е ң т а р а л ғ а н с т а н д а р т т ы қ
жағдаяттарындағы нақты коммуникативтік міндеттерді шешуге сүйене отырып, тілдік
материалды өзгерту, құбылту және байланыстыру қабілеті мен даярлығы;
- Диалог барысында:
- оқытушымен, курстастарымен және басқа да адамдармен қарым-қатынаста күнделікті
қарапайым жағдаяттарда ешқандай ерекше күш-жігер жұмсамай –ақ әңгімелесуді жүзеге
асыра алады;
- әлеуметтік - тұрмыстық, әлеуметтік - мәдени және оқу - кәсіби салаларында ақпарат
алмасу үшін қарапайым фразалар мен сөйлемдерді диалогта қолданады;
- айтылған ұсынысқа жауап беру және өз бастамашылық көрсету және әңгімелесушінің
әрекет етуіне ұйытқы болу, серіктеспен келіспеу немесе келісу.
- Монолог барысында:
- бірқатар фразалар мен сөйлесімдерді қолдана отырып, өз достарын, тұрғылықты орын
жағдайларын, тамаққа қатысты қалауларын, өзінің бос уақытын, қаладағы бағыт-
бағдарларды, отбасылық және ұттық мейрамдарды және т.б. толығырақ сипаттау;
- сюжеттік суретті өз бетінше сипаттау;
- оқыған мәтіннің мазмұнын өз ұстанымын білдіре отырып элементарлы деңгейде қысқаша
баяндау;
- өткен тақырыпқа қатысты 10-15 фраза көлемі бойынша шағын хабарлама жасау.
Жазбаша коммуникация барысында:
қарапайым қысқа хат, қысқа жеке хат жазу, рәсімдеудің нормативтік талаптарын сақтай
отырып формулярды толтыру, өзінің күн тәртібін құрастыру және жазу, өзінің қалауларын,
өмірбаянын, ағымдағы оқиғаларды қарапайым түрде сипаттау;
оқыған мәтінге жоспар және мәтін, тақырып бойынша өзінің сөйлейтін сөзінің қысқаша
тезисін құрыстыру және жазу.
Тыңдап түсіну барысында:
таныс тақырыпта сөз болған жағдайда, тікелей қарым-қатынаста өзге адамның айтқан
сөзінің жалпы мазмұнын түсіну;
фондық әлеуметтік мәдени білімдерге, оқыған лексикалық және грамматикалық материалға,
сонымен қатар мағыналық контекстік болжамға сүйену;
өзінің жеке қарым-қатынас салаларына тікелей байланысты, мысалы жеке тұлғалық және
отбасылық деректерге, дүкенде сауда жасау, атқаратын іс қатысты жиі қолданылатын
лексика мен фразаларды түсіну;
қысқа, анық және қарапайым хабарламалар мен хабарландырулардағы негізгі ақпаратты
түсіну.
Оқу барысында:
өткен тақырыптар шеңберінде әрекеттік күрделіліктің жоғары емес деңгейінің міндеттерін
орындау бойынша нұсқауларды қамтитын мәтіндерді оқу;
қос тілді сөздіктермен және басқа да анықтамалармен жұмыс істеу, оларда жұмыста дұрыс
бағыт-бағдар таба білу;
өзінің оқу тәжірибесіне, соның ішінде ана тілінде оқу тәжірибесіне сүйену;
тілдік және мағыналық болжамды дамыту;
өз бетінше оқу дағдыларын дамыту.
Жеткілікті деңгейде (А2) біліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері:
Бағалау деңгейлері: үйлесімді, жоғары, орташа.
Баға деңгейлері өлшемдерінің мазмұны:
Үйлесімді деңгей:
-мәтін авторларының, серіктесінің коммуникативтік ниетін түсіну;
- өз коммуникативтік ниетін түсінікті түрде білдіре алуы;
- сөйлеу/коммуникация формаларын сөйлеудің логикалық құрылымына барабартаңдай
алуы;
- коммуникативтік ниетін нақты деректер мен сілтемелерді пайдалана отырып жеткілікті
түрде толық баяндауы;
Жоғары деңгей:
-серіктесінің коммуникативтік ниетін дәлелдерді пайдалана отырып жалпы түсінуі;
-өз коммуникативтік ниетін оқып жатқан тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларына сәйкес
дұрыс білдіре алуы;
-сөйлеудің логикалық құрылымының жеткіліксіз түрінің сөйлеу/коммуникация формаларын
таңдау;
-кейбір деректер мен сілтемелерді пайдалануда коммуникативтік ниетін білдірудің толық
еместігі;
Орташа деңгей:
-серіктесінің коммуникативтік ниетін тек жорамалдай түсінуі;
-өз коммуникативтік ниетін шектеулі лексикалық бірліктерді пайдалана отырып жеткілікті
түрде барабар білдіруі;
-сөйлеу/коммуникация түрлері мен формаларын таңдау коммуникативтік ойға үнемі сәйкес
келе бермейді;
-кейбір деректерді пайдалануда интерференция салдарынан коммуникативтік ниетін
білдірудің толық еместігі;
-талап етілген деңгейде талқыға түсуге қабілетсіздігі. Сөйлеу мінез-құлқы коммуникативтік
және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.
11.5. Базалық жеткілікті деңгей - (біліктіліктің жалпыеуропалық шкаласы бойынша В1
деңгейіне сәйкес):
Базалық жеткілікті деңгейде қалыптасатын біліктіліктер құрамы лингво-когнитивтік,
әлеуметтік мәдени, когнитивтік және коммуникативтік біліктіліктер болып табылады.
Базалық жеткілікті деңгейде жиі қолданылатын сөйлеу формалары мен коммуникация
түрлері : диалог-сұрастыру, ой бөлісу диалогы; диалог - әңгіме;
Ауызша және жазбаша коммуникация түрлері: сипаттама, хабарлама, ой-пікір, ой - пікір
элементтері бар хабарлама, түсіндіру, анықтау, бағалау.
Жазбаша сөйлеу туындылары түрлері: жеке тұлғалық сипаттағы электронды хат, мәтін,
хабарлама, мазмұндама, өмірбаян, түйіндеме.
Базалық жеткілікті деңгей дескрипторлары:
- тіл жүйесін және оны мәдениаралық-коммуникативтік әрекетте қолдану тәсілдерін білу;
- сөйлеу және коммуникация жүйесін меңгеру төмендегі коммуникативтік актілерді жүзеге
асыруға дайындық пен қабілеттілік ретінде:
- оқып үйренген қызметтер мен тақырыптар шеңберінде баяндау, сендіру, дәлелді түрде
ақпаратты жеткізу, өнер және мәдениет (театрлар, фильмдер, кітаптар, әуендер және т.б.)
мәселелері бойынша өз көзқарасын білдіру;
- өзінің қабылдау тәжірибесі, бағалау жүйесі елегінен өткізу және талқылау арқылы оқу
тақырыбы бойынша өз көзқарасын білдіру (әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік мәдени
салалар);
- әңгімені немесе пікірталасқа белсенді қатысу (нақты жағдаятта таныс тақырып төңірегінде
өрбіген әңгімеге еш дайындықсыз қатысу, әңгіме барысын түсініп тыңдау және өзіне
қаратылып, анық айтылған сөзді түсіну, қажет болған жағдайда, қайтадан сұрау, өзінің жеке
эмоцияларын білдіру және оларға жауап беру (ашу, қайғы, қызығушылық, қызықпаушылық).
- Коммуникацияның ауызша және жазбаша формалары саласында:
- әңгімелесушіге мәлімет беру, ақпарат беру, қызығушылық білдіру, ақпарат сұрау,
сұрастыру, кеңес беру, ұсыныс жасау, сендіру, сақтандыру, бағалау сөздерінің көмегімен
сипаттау, мейірім білдіру және жақтырмау, қызығу және қызықпау, үміттену, жанын
түсінушілікті білдіру қабілеті мен даярлығы.
- Диалог барысында: серіктестік назарын өзіне аударып, ұстай білу, қызығушылық білдіру,
сөздік қоры жетпей қалғант кезде мағыналас сөздермен ауыстыру, ым-ишаралар,дене
қимылдары арқылы шеше білу, қате айтқан кезде өзін өзі түзету, анық және баяу айта білу,
қажет болған жағдайда, айтылғанды қайталау, жалғаулықтардың көмегімен сөздердің
қарапайым топтарын тіркестіру арқылы фразалар құрастыру іскерлігі;
- Монолог барысында:
- өзінің жеке тәжірибесіне сүйене отырып, қарым-қатынастың әлеуметтік - тұрмыстық,
әлеуметтік - мәдени және оқу-кәсіби салаларының базалық тақырыптары шеңберінде
жағдаяттарды немесе оқиғаларды бірізді тұжырымдар түрінде сипаттау;
- кітаптың немесе фильмнің сюжетін баяндау және өз көзқарасын дәлелдей отырып, ол
туралы өз пікірін білдіру;
- берілген тақырып бойынша алдын ала даярланған, күрделі емес баяндама жасау.
Жазбаша коммуникация барысында:
-қарапайым байланысқан мәтін жазу;
-немесе шынайы оқиғаларды сипаттау;
-қызықтыратын тақырыптарға қысқа оңай эссе жазу;
-күнделікті деректі ақпараттар мен қажетті әрекеттерді түсіндіре отырып, формасы мен
мазмұны онша күрделі емес қысқа баяндамалар жазу;
Тыңдап түсіну барысында мыналардытүсіне алады:
-кәсіби өмір тақырыптарына қатысты қарапайым ақпараттық хабарламаларды ;
-анық нормативті айтылу жағдайында оқып үйренген тақырып бойынша әңгімені ;
-әңгімелесушінің айтып отырған сөзін;
-анық нормативті айтылу жағдайында жазылған радио және телебағдарлама ақпараттарын;
-радиодан берілген жаңалықтар жиынтығының негізгі тұстарын және таныс тақырыптағы
таспада жазылған, баяу айтылатын қарапайым мәтіндерді түсіну;
-қызықтыратын тақырыптағы теледидар бағдарламаларының (сұхбат, қысқаша дәрістер,
репортаждар) көп бөлігін түсіну;
Оқу барысында:
-мәтіндерді электронды және қағаз жазбалардан қарау және қажетті ақпаратты табу;
-күнделікті материалдардан (хат, брошюралар, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпаратты
табу және түсіну;
-егжей-тегжейлі нақтылаусыз мәтін тақырыбы бойынша ой-пікір білдіру;
-таныс тақырыптағы қарапайым газет мақаласының негізгі қағидаларын анықтау;
-қызықтыратын тақырыптағы деректі ақпараты бар қарапайым мәтіндерді оқып түсіну;
-күрделі емес тілмен баяндалған техникалық ережелерді түсіну (қауіпсіздік ережелері);
-буклеттерден, каталогтардан, аңдатпалардан, мәзірлерден, кестелерден қажетті ақпаратты
іздеп табу және оларды қолдана білу немесе мәлімет алу.
Базалық жеткілікті деңгейде (В1) біліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері:
1) Коммуникативтік ойды жүзеге асыру;
2) Логика-құрылымдық тұтастық;
3) Сөйлеудің пәндік мазмұнын игеру;
4) Тіл иелерінің лингвомәдени нормаларына сәйкестік;
5) Сөйлеудің лингвистикалық дұрыстығы; метатілді білу.
Бағалау деңгейлері: үйлесімді, жоғары, орташа, төмен.
Баға деңгейлері өлшемдерінің мазмұны:
Үйлесімді деңгей:
-берілген деңгейде мәтін авторларының, серіктестің коммуникативтік ниетін толық түсіну;
-оқып жатқан тілдің әлеуметтік мәдени нормаларына сәйкестігін ескере отырып, тілдік
құралдарды дұрыс таңдау және оларды орынды қолдану арқылы өзінің коммуникативтік
ниетін барабар түрде жеткізу қабілеті;
-логикалық құрылымды коммуникативтік ниетке сәйкес сөйлеу түрімен бірге
коммуникация/сөйлеу формасы мен түрін таңдау;
-коммуникативтік ниеттің максималды жеткілікті деңгейде толық баяндалуы, беделді
көзқарастарға сүйене отырып шынайы деректерді, сілтемелерді берілген деңгей үшін
жеткілікті дәрежеде қолдану және т.б., сөз әрекеті коммуникативтік және когнитивтік
тұрғыдан дәйектелген;
-коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын сауатты меңгеру;
-сөйлеуде тілдік құралдарды сауатты қолдану, 75% қатесіз сөйлеу барысында жіберген
қателерді өз бетінше уақтылы түзету қабілеті; сөзді дұрыс екпінмен айту, деңгейдің сөйлеу
тақырыбы шеңберіндегі лексикалық бай сөздік қоры және грамматикалық сауаттылық;
Жоғары деңгей:
-анықтау үшін қарсы сұрақтарды қоя отырып, серіктестің коммуникативтік ниеттерін
жеткілікті толық түсінбеу;
-оқып жатқан тілдің әлеуметтік мәдени нормаларына жеткілікті деңгейде сәйкестігін
ескергеннің өзінде, тілдік құралдарды дұрыс таңдау және оларды кей жағдайда орынсыз
қолдану арқылы өзінің коммуникативтік ниеттерін бейімді түрде жеткізу қабілеті;
-коммуникативтік ниетке сәйкес келетін логикалық құрылымды сөйлеу түрлерін
коммуникацияның/сөйлеу формасы мен түріне жеткіліксіз таңдау;
-берілген деңгей үшін жекелеген фактілерді, көзқарастарға сілтемелерді жеткілікті дәрежеде
қолданғанымен, коммуникативтік ниеттің максималды жеткілісіз деңгейде толық емес
баяндалуы;
-коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын дұрыс меңгеру;
-сөйлеуде тілдік құралдарды сауатты қолдану, 50% қатесіз айтылымдар барысында
жіберген қателерді өз бетінше уақытылы түзету қабілеті; сөзді дұрыс екпінмен айту,
деңгейдің сөйлеу тақырыбы шеңберіндегі лексикалық бай сөздік қоры және грамматикалық
сауаттылық;
Орташа деңгей:
-анықтау үшін қарсы сұрақтарды үнемі қолдана отырып, серіктестің коммуникативтік
ниеттерін тек жалпы түрде ғана түсіну;
-қарапайым құрылымдарды және лексикалық бірліктердің айтарлықтай шектеулі мөлшерін
қолдану арқылы өзінің коммуникативтік ниеттерін жеткілікті дәрежеде үйлесімді жеткізу;
-сөйлеу формасы мен түрі коммуникативтік ойға үнемі сәйкес келе бермейді;
-коммуникативтік ниетті білдіруде жекелеген деректерді қолдана отырып, жоғары дәрежедегі
дәлелдерді толық емес баяндау;
-коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын жеткіліксіз дәрежеде меңгеру;
-25 % қатесіз сөйлеу барысында жеткіліксіз дәрежедегі тілдік құралдарды сауатты қолдану;
сөз екпіні және сөйлеудің лексика-грамматикалық құралдарының жеткіліксіздігі;
Төмен деңгей:
Талап етілетін деңгейде пікірталасқа қатысуға қабілетсіздік. Сөйлеу әрекеті коммуникативтік
және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.
11.6. Базалық стандарттық деңгей - біліктіліктің жалпы еуропалық шкаласы бойынша В2
деңгейіне сәйкес:
Базалық стандарттық деңгейде қалыптастырылатын біліктіліктер құрамы лингво-когнитивтік,
әлеуметтік-мәдени, когнитивтік және коммуникативтік біліктіліктер болып табылады.
Базалық стандарттық деңгейде үлгілендірілетін сөйлеу формалары мен коммуникация
сөйлеуі түрлері : әңгіме, сұхбат, пікірталас болып табылады.
Ауызша және жазбаша коммуникация түрлері: сипаттама, хабарлама, ой-пікір, хабарлама.
Сөйлеу айтылымдарының түрлері: түсіндірме, анықтама, бағалау, қысқаша мазмұндама,
интерпретация, комментарий.
Жазбаша сөз туындыларының түрлері: түйіндеме, телефакс, ресми хат, баяндама тезисі,
эссе.
Базалық стандарттық деңгей дескрипторлары төмендегілер болып табылады:
- тіл жүйесін және оны мәдениетаралық-коммуникативтік әрекетте қолдану тәсілдерін білу;
- сөйлеу және коммуникация жүйесін меңгеру төмендегі коммуникативтік актілерді жүзеге
асыруға дайындық пен қабілеттілік ретінде:
- әр алуан тақырыптарға: жалпы, оқу-кәсіби, сонымен қатар бос уақытқа қатысты
тақырыптарға мүдірмей әңгіме жүргізу;
- еш дайындықсыз, грамматикалық қателер жасамай, сөйлеу стилдеріне шектеусіз қарым-
қатынас жасау;
- диалогты айтарлықтай жылдам және дайындықсыз жүргізу;
- қандай да бір іске өзінің қызығушылығын атап айту, қажетті дәлелдердің көмегімен өзінің
кзқарасын түсіндіру және нақтылау;
- әңгімеге эмоциялық сипат беру.
- коммуникацияның ауызша және жазбаша формалары саласында студенттер төмендегі
дайындық пен қабілеттіліктерді көрсетеді:
- оқып үйреніп жатқан салалар мен сөйлеу тақырыптары шеңберінде естіген және оқыған
хабарламаны қабылдау және түсіну;
- айқындау, дәлірек анықтау;
- әңгімелесушінің айтқанын толықтыру;
- пікірталас тудыратын тезисті, ұсынысты алға тарту;
- түсіндіру, хабарлы екендікті білдіру;
- әрекетке ұйтқы болу және серіктеске мақтау айту;
- көмек көрсетуді ұсыну және оған жауап беру;
- серіктестің араласуына рұқсат беру;
- түзету, ескерту, нұсқау айту;
- сөйлеушінің сөзін бөлу;
қарсы қойылған сұрақтарға жауап беру;
- бірге ойлауға (индивидуалды әрекетке) түрткі болу;
- өз пікірін дәлелдеу; әр түрлі көзқарасқа қарсы тұру; қорытынды жасау;
- көңіл ортақтығын, өкінішті, қанағаттануды/қанағаттанбауды білдіру;
- қуанышты, көңілі қалуды білдіру;
- күдігін, өкпесін, ашуын білдіру;
- қорқыныш, шошу, мазалану;
- өзінің тұжырымының қате екендігін мойындау;
- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стилдерін сақтай отырып, әңгіме бастау
және оны ары қарай жалғастыру;
- әңгімеге араласу және оны әрі қарай дамыту;
- түсінбегендігін білдіру, айтылғанды қайталап айтуын сұрау; әңгіме тақырыбын өзгерту;
әңгімелесуді аяқтау;
- өзін қызықтыратын мәселелерге кең көлемде анық сипаттама беру;
- өз көзқарасын жеткілікті дәрежеде анық, толық қосымша тұжырымдармен және
мысалдармен дамыту және нақтылау;
- ұсынылып отырған ұстанымның жағымды және жағымсыз тұстарын атап көрсете отырып,
өзекті мәселе бойынша өз көзқарасын түсіндіру;
- ең жалпы сұрақтар бойынша дайындықсыз, анық нақты хабарламалар жасау;
- маңызды тұстарын атап көрсетіп, белгілі бір көзқарасты қолдайтын және қолдамайтын
дәлелдерді келтіріп, әр түрлі варианттардың жағымды және жағымсыз жақтарын баяндай
отырып, анық, қисынды құрылған баяндама жасау.
- рәсімдеудің нормативтік талаптарын сақтай отырып, коммуникативтік ниетті жеткізу (ресми
хат, эссе);
оқығанның, тыңдағанның және көргеннің (мәтіннің, суреттің және видеофильмнің)
фактілерін, оқиғаларын жүйелі түрде жазбаша баяндау, сонымен қатар әрекет етуші
адамдардың іс-әрекеттеріне, суреттелген фактілергі және оқиғаларға қатысты өз көзқарасын
білдіру;
- белгілі көзқарасты қолдайтын және қолдамайтын дәлелдер келтіре отырып және шешім
варианттарының жағымды және жағымсыз жақтарын түсіндіре отырып, қандай да бір
ұстанымды дамыту үшін эссе немесе баяндама жазу;
айналада айтылып жатқандардың басым блігін түсіну және пікірталасқа қатысу;
- дәрістердің, әңгімелердің, баяндамалардың және де білім және кәсіби әрекеттерге қатысты
тақырыптық және лингвистикалық тұрғыда айтарлықтай дәрежеде күрделі сөйлеген
сөздердің басқа да түрлерінің негізгі қағидаларын түсіну;
- бір қалыпты жылдамдықпен айтылған, нақты тақырыптарға қатысты хабарландырулар мен
хабарламаларды түсіну;
- таспада жазылған, кедергілері бар шетел тіліндегі ақпаратты түсіну;
- магнитофонға жазылған сөйлеген сөзді түсіну;
- сөйлеушінің, көзқарасын, оның бір нәрсеге қатынасын анықтау және сөйлеген сөзінде бар
ақпаратты анықтап табу;
- радиодан немесе таспадан дыбысталған документалды радиобағдарламаларды және
басқа материалдарды түсіну;
- теледидар жаңалықтарын және ағымдағы оқиғалар туралы бағдарламаларды түсіну;
- документалды фильмдердің және басқалардың мазмүнын түсіну;
маңызды тұстарын анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді тез қарап шығу;
- мақаланың мазмұнын жылдам түсіну және бағдарламалық тақырыптарға қатысты
жаңалықтардың, мақалалардың немесе хабарламалардың өзектілігін анықтау;
- қажетті анықтамалық материалдарды қолданып, мәтіндерді өз бетінше оқып түсіну (сирек
кездесетін идиомалық тіркестер қиындық туғызуы мүмкін);
- газет және журнал мақалаларындағы ең маңызды фактілер мен оқиғаларды анықтап
көрсету;
- негізгі идеяны, ойды анықтап көрсету;
- мәтіннің мазмұнын максималды дәл және нақты түсіну;
- таныс емес сөздердің мағынасын контекст және сөздің құрылымы бойынша анықтау
(контекстуалды және тілдік болжап табу);
- мәтіннен семантиканың ұлттық мәдени компоненттері бар реалийлер мен сөздерді табу;
- мәдени маңызды ақпаратты іріктеу;
- алынған ақпаратқа сын көзбен қарау, деректер мен оқиғаларды бағалау;
- болып жатқан оқиғаларға, кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру;
- қажетті ақпаратты іздеу мақсатында шағын мәтіндерге көз жүгіртіп шығу;
- прагматикалық сипаттағы материалдан (жарнама, аңдатпалар, бағдарламалар,
анықтамалық үндеухаттар, кітапшалар) қажетті ақпаратты тауып алу;
- қызықтыратын мәселелерге қатысты хат-хабарларды оқу және еш қиындықсыз негізгі ойды
түсіну.
Базалық стандартты деңгейде біліктіліктердің қалыптасуын бағалау өлшемдері:
1) Коммуникативтік ойды жүзеге асыру;
2) Логика-құрылымдық тұтастық;
3) Сөйлеудің пәндік мазмұнын игеру;
4) Сол тілде сөйлеушінің лингвомәдени нормаларына сәйкестік;
5) Сөйлеудің лингвистикалық дұрыстығы; метатілді білу.
Бағалау деңгейлері: үйлесімді, жоғары, орташа, төмен.
Баға деңгейлері өлшемдерінің мазмұны:
Үйлесімді деңгей:
берілген деңгейде мәтін авторларының, серіктестің коммуникативтік ниетін толық түсіну;
оқып жатқан тілдің әлеуметтік мәдени нормаларына сәйкестігін ескере отырып, тілдік
құралдарды дұрыс таңдау және оларды орынды қолдану арқылы өзінің коммуникативтік
ниетін сол тілге барабар түрде жеткізу қабілеті;
к о м м у н и к а т и в т і к н и е т к е с ә й к е с л о г и к а л ы қ қ ұ р ы л ғ а н с ө й л е у т ү р і н е б а р а б а р
коммуникация/сөйлеу формасы мен түрін таңдау;
коммуникативтік ниеттің жоғары жеткілікті деңгейде толық баяндалуы, берілген деңгей үшін
шынайы деректерді, беделді көзқарастарға сүйенген сілтемелерді жеткілікті түрде дәлелдер
арқылы қолдану және т.б., сөйлеу әрекеті коммуникативтік және когнитивтік тұрғыдан
дәйектелген;
коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын сауатты меңгеру;
сөйлеуде тілдік құралдарды сауатты қолдану, 75% қатесіз сөйлеу барысында жіберген
қателерді өз бетінше уақытылы түзету қабілеті; сөзді дұрыс екпінмен айту, деңгейдің сйлеу
тақырыбы шеңберіндегі лексикалық бай сөздік қоры және грамматикалық сауаттылық;
Жоғары деңгей:
анықтау үшін қарсы сұрақтарды қолдана отырып, серіктестің коммуникативтік ниетін онша
толық түсінбеу;
оқып жатқан тілдің әлеуметтік мәдени нормаларына жеткілікті деңгейде сәйкестігін
ескергеннің өзінде, тілдік құралдарды дұрыс таңдау және оларды кей жағдайда орынды
қолданғанның өзінде коммуникативтік ниеттерін барабар түрде онша толық жеткізе алмауы;
логикалық құрылған коммуникативтік ниетке сәйкес сөйлеу түріне коммуникация/сөйлеу
формасы мен түрін таңдау;
жекелеген фактілер мен сілтемелерді пайдаланудың жоғары деңгейінде коммуникативтік
ниеттің жеткіліксіз түрде толық емес баяндалуы;
коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын дұрыс меңгеру;
сөйлеуде тілдік құралдарды сауатты қолдану, 50% қатесіз айтылымдар барысында
жіберілген қателіктерді өз бетінше уақытылы түзету қабілеті; сөзді дұрыс екпінмен айту,
деңгейдің сөйлеу тақырыбы шеңберіндегі лексикалық сөз байлығы және грамматикалық
сауаттылық;
Орташа деңгей:
анықтау үшін қарсы сұрақтарды үнемі қолдана отырып, серіктестің коммуникативтік
ниеттерін тек жалпы түрде ғана түсіну;
қарапайым құрылымдарды және лексикалық бірліктердің айтарлықтай шектеулі мөлшерін
қолдану арқылы өзінің коммуникативтік ниеттерін жеткілікті дәрежеде үйлесімді жеткізу;
сөйлеу формасы мен түрі коммуникативтік ойға үнемі сәйкес келе бермейді;
жекелеген деректерді қолдана отырып, жоғары дәрежелі дәлелдер арқылы коммуникативтік
ниетті жөнді білдіре алмау;
коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын жеткіліксіз дәрежеде меңгеру;
25 % қатесіз сөйлеу барысында тілдік құралдарды онша дұрыс қолдана білмеу; сөз екпінінің
және лексика-грамматикалық тілдік қолданыстың дұрыс болмауы;
Төмен деңгей:
Талап етілетін деңгейде пікірталасқа қатысуға қабілетсіздік. Сөйлеу әрекеті коммуникативтік
және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.
Тілдік деңгейді меңгеруге қойылатын талаптар
А1 деңгейі
Мәдениаралық коммуникативтік қатынастағы тіл жүйесі мен пайдалану тәсілдерін меңгеру.
Фонетикалық материал:
- жаңа тілдік материалға қатысты есту-айту дағдыларын әрі қарай жетілдіру.
Лексикалық материал:
- кең ауқымды мамандандыруды бейнелейтін жиі қолданылатын лексиканы бекіту;
- 600-800 лексикалық бірліктерді меңгеру арқылы сөздік қорды кеңейту;
- сөздердің тіркесуі: еркін сөз тіркестері, морфологиялық-синтаксистік және лексикалық-
фразеологиялық байланысқан сөз тіркестері;
- фразеологиялық және комбинаторлық сөздіктермен танысу.
Грамматикалық материал:
Ағылшын тілі:
- Articles: zero article, definite article, indefinite article;
- Pronouns (Relative, Possessive, Reflexive);
- Present simple, or continuous;
- Adverbs of frequency;
- Gerund or infinitive?;
- Present continuous (future), invitations;
- Future forms: will/going to;
- Past simple (regular/irregular);
- Comparative/Superlative Adjectives;
- Phrasal verbs (verb+preposition, verb+particle, verb + particle + preposition);
- Modals verb;
Неміс тілі:
-Aussagesatz Wort – und Satzfrage Imperativ «Sie» Konjugation Präsens;
-Artikel Negation Possessivartikel;
-Akkusativ Verben mit Vokalwechsel Modalverb «möchten»;
-Trennbare Verben Modalverben «Können», «müssen», «dürfen». Uhrzeit;
-Demonstrativpronomen. Indefinitpronomen. Ortsangaben;
-Possessivartikel. Modalverb «sollen». Imperativ 2;
-Person Singular und Plural. Perfekt: Struktur und Beispiele;
-Perfekt: alle Verben. Richtungsangaben. Personalpronomen im Akkusativ;
-Wechselpräpositionen;
-Dativ. Komparativ und Superlativ (prädikativ);
-Demonstrativpronomen im Akkusativ;
-Genitiv;
-Artikel + Adjektiv + Nomen. Artikelwörter «dieser», «mancher», «jeder»/«alle»;
-Reflexive Verben mit Präpositionalergänzung. Fragewörter und Pronomen «wofür?», «dafür».
Konjunktiv II;
-Steigerung und Vergleich Passiv.
Француз тілі:
-L’article determiné et indeterminé;
-L’ordre des mots;
-la mise en relief;
-le présent des verbes réguliers et irréguliers;
-la négation;
-l’interrogation (qui, que, quand, où);
-les pronoms et ses types;
-les adjectifs et ses types;
-les formes et les sens de la conjugaison pronominale;
-le présent progressif – le future proche – le passé récent.
Тілдік деңгейді меңгеруге қойылатын талаптар
А2 деңгейі
Мәдениаралық-коммуникативтік қатынастағы тіл жүйесі мен пайдалану тәсілдерін меңгеру.
Фонетикалық материал:
- жаңа тілдік материалға қатысты есту-айту дағдыларын әрі қарай жетілдіру.
Лексикалық материал:
- кең ауқымды мамандандыруды бейнелейтін жиі қолданылатын лексиканы бекіту;
- 800-1000 лексикалық бірліктерді меңгеру арқылы сөздік қорды кеңейту;
- сөздердің тіркесуі: еркін сөз тіркестері, морфологиялық-синтаксистік және лексикалық-
фразеологиялық байланысқан сөз тіркестері;
- фразеологиялық және комбинаторлық сөздіктермен танысу.
Грамматикалық материал:
Ағылшын тілі:
- Articles: zero article, definite article, indefinite article;
- Pronouns (Relative, Possessive, Reflexive);
- Present simple, or continuous;
- Look or look like?;
- Adverbs of frequency;
- Gerund or infinitive?;
- Present continuous (future), invitations;
- Future forms: will / going to;
- Past simple (regular / irregular);
- Comparative/Superlative Adjectives;
- Phrasal verbs (verb+preposition, verb+particle, verb + particle + preposition);
- Modals verb;
- Zero & First Conditionals;
Неміс тілі:
-Aussagesatz Wort – und Satzfrage Imperativ «Sie» Konjugation Präsens;
-Artikel Negation Possessivartikel;
-Akkusativ Verben mit Vokalwechsel Modalverb «möchten;
-Trennbare Verben Modalverben «Können», «müssen», «dürfen». Uhrzeit;
-Demonstrativpronomen. Indefinitpronomen. Ortsangaben;
-Possessivartikel. Modalverb «sollen». Imperativ 2;
-Person Singular und Plural. Perfekt: Struktur und Beispiele;
-Perfekt: alle Verben. Richtungsangaben. Personalpronomen im Akkusativ;
-Wechselpräpositionen;
-Dativ. Komparativ und Superlativ (prädikativ);
-Demonstrativpronomen im Akkusativ;
-Genitiv;
-Artikel + Adjektiv + Nomen. Artikelwörter «dieser», «mancher», «jeder»/«alle»;
-Reflexive Verben mit Präpositionalergänzung. Fragewörter und Pronomen «wofür?», «dafür».
Konjunktiv II
-Steigerung und Vergleich Passiv
Француз тілі:
-le présent des verbes réguliers et irréguliers;
-l’impératif;
-le complément;
-les adverbes et ses types;
-les pronoms et ses types;
-le participe présent;
-le participe passé;
-le passé composé;
-l’imparfait;
-le futur simple;
-les adjectifs et ses types;
-les formes et les sens de la conjugaison pronominale;
-les articles partitifs;
-les mots exprimant la quantité (assez-trop);
-le présent progressif – le future proche – le passé récent;
-le discours direct et indirect;
-les verbes à l’infinitif;
-l’adjectif;
-les comparatifs et les superlatifs;
-le subjonctif présent.
Тілдік деңгейін меңгеруге қойылатын талаптар
В1 деңгейі
Фонетикалық материал:
Фонетикалық құбылыстар: палатализация, ассимиляция, латерал дыбыс, мұрын жолды
дыбыс, дыбыстың жоғалуы, редукция.
Лексикалық материал:
Сөйлеу стилінің бейтарап, сондай-ақ күнделікті-ауызекі және публицистикалық түрінде өте
жиі қолданылатын, сөздермен көп тіркесе алатын 1200 лексикалық бірлік. Көрсетілген
қолданыс аясы мен сөйлеу тақырыптары шеңберінде тілдік әрекеттің барлық түрлерінде
қолданылатын баламасыз және аялық лексикаға ерекше көңіл бөлінеді.
Грамматикалық материал:
Ағылшын тілі:
-Articles: zero article, definite article, indefinite article;
- Pronouns (Relative, Possessive, Reflexive.);
- Present Simple, Future Simple, Past Simple;
- Modal verbs;
- Gerund;
- Active& Passive Voice;
- Reported speech;
- Conditionals (Zero, First, Second and Third) ;
- Quantitative and ordinal numerals, fractions;
- Present perfect + yet/already/just;
- Present perfect or past simple?;
- Participle I;
- Participle II.
Неміс тілі:
-Genitiv der Nomen;
-Präteritum der Modalverben;
-Passiv mit Modalverben;
-Infinitivsatz: Infinitiv mit «zu» Präteritum;
-Konstruktion mit «es»;
-Nebensatz: Relativsatz. Relativpronomen;
-Präpositionalpronomen;
-«lassen» + Infinitiv;
-Indirekter Fragesatz . Infinitiv mit «um zu». Nebensatz mit «damit»;
-Präpositionen «außer» und «wegen». Ausdrücke mit Präpositionen
- Reflexive Verben Unbetonte Akkusativ – und Dativergänzungen. Reziprokpronomen;
-Verben mit Präpositionen und Pronominaladverbien;
-Temporalsätze (als, wenn);
-Die Position von nicht;
- Konjunktiv II: irreale Wünsche und Bedingungen;
Француз тілі:
-Le temps plus-que-parfait;
-le conditionnel présent;
-Concordance des temps: l’antériorité – la postériorité – la simultanéité;
-l’expression du futur et de projet (futur proche);
-l’expression de la comparaison;
-les expression de l’identité, de la ressemblance et de la différence;
-la voix active et la voix passive;
-la forme pronominale аu sens passif;
-la forme impersonnelle;
-les constructions adverbials;
-le gérondif;
-les propositions participiales;
-les propositions compliquées;
-les propositions subordonnées;
Тілдік деңгейін меңгеруге қойылатын талаптар
В2 деңгейі
Фонетикалық материал:
Фонетикалық құбылыстар: палатализация, ассимиляция, латерал дыбыс, мұрын жолды
дыбыс, дыбыстың жоғалуы, редукция.
Лексикалық материал:
Сөйлеу стилінің бейтарап, сондай-ақ күнделікті-ауызекі және публицистикалық түрінде өте
жиі қолданылатын, сөздермен көп тіркесе алатын 1500 лексикалық бірлік. Көрсетілген
қолданыс аясы мен сөйлеу тақырыптары шеңберінде тілдік әрекеттің барлық түрлерінде
қолданылатын баламасыз және аялық лексикаға ерекше көңіл бөлінеді.
Грамматикалық материал:
Ағылшын тілі:
- Articles: zero article, definite article, indefinite article;
- Pronouns Relative, Possessive, Reflexive) ;
- Present simple, or continuous;
- Gerund or infinitive?;
- Present continuous (future), invitations: Would you like to …?;
- Future forms: will / going to, present continuous might / may + inf;
- Past simple (regular / irregular) ;
- Comparatives and superlatives as … as;
- Connectors: although, however/ something / anything / nothing;
- Present perfect + yet / already / just;
- Present perfect or past simple? ;
- Phrasal verbs (verb+preposition, verb+particle, verb + particle + preposition);
- Passive voice;
- Modals verb: might, could, must, can’t, ought to /Should / shouldn’t;
- Zero, First, Second and Third Conditionals;
- Clauses;
- Reported speech: statements and questions; imperative and requests;
Неміс тілі:
-Genitiv der Nomen;
-Präteritum der Modalverben;
-Passiv mit Modalverben;
-Infinitivsatz: Infinitiv mit «zu»· Präteritum.
-Konstruktion mit «es»;
-Nebensatz: Relativsatz. Relativpronomen;
-Präpositionalpronomen;
-«lassen» + Infinitiv;
-Indirekter Fragesatz. Infinitiv mit «um zu». Nebensatz mit «damit»;
-Präpositionen «außer» und «wegen». Ausdrücke mit Präpositionen;
-Reflexive Verben. Unbetonte Akkusativ – und Dativergänzungen. Reziprokpronomen;
-Verben mit Präpositionen und Pronominaladverbien
-Temporalsätze (als, wenn);
-Die Position von nicht;
-Konjunktiv II: irreale Wünsche und Bedingungen;
Француз тілі:
-le conditionnel passé;
-cohérence du texte: nominalisations – pronoms personnels et indéfinis;
-l’expression du but, de la condition et de la restriction;
-l’expression de l’hypothèse;
-l’expression de la cause;
-l’expression de la consequence;
-l’expression de l’opposition et de la concession;
-les expression de l’identité, de la ressemblance et de la différence;
-la forme pronominale аu sens passif;
-la forme impersonnelle;
-les constructions adverbiales;
-les propositions participiales;
-les propositions subordonnées relatives;
Достарыңызбен бөлісу: |