2) мәдениаралық коммуникация субъектісі болып табылатын жеке тұлғаның мәдениаралық
қарым-қатынасқа қабілеттілігін көрсететін, мәдениаралық құзыреттілігін қалыптастыру.
3) шетел тілінде дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру және тілі оқытылатын елдің тілдік
және мәдени ерекшеліктерін түсіну.
6. Оқу бағдарламасын меңгеру қорытындылары барысында
студенттер келесідей оқу
нәтижелеріне қол жеткізеді:
1) серіктесінің және осы деңгейдегі мәтіндердің авторларының коммуникативтік мақсаттарын
түсінудің тұжырымдамалық негізін жүйелейді;
2) коммуникативтік мақсатқа сәйкес сөйлеу формалары мен түрлерін салыстырады және
таңдап алады / логикалық құрастырылған сөйлеу түріне барабар қарым-қатынас
(коммуникация);
3) зерттелетін тілдің әлеуметтік-мәдени нормаларына сәйкестігін ескере отырып, тиісті тілдік
құралдарды дұрыс таңдау және тиісті түрде қолдану арқылы өз коммуникативтік ниеттерін
қажет
деңгейде көрсете алады;
4) нақты фактілерді, беделді пікірге сілтемелерді және т.б.,
ауызша мінез-құлқының
коммуникативтік және когнитивті негізделген әдістерін пайдалану деңгейлерін сыныптайды;
5) стилистикалық ерекшеліктерді
зерттеуге назар аудара отырып, шет тілінің даму
заңдылықтарын
анықтайды;
6) ғылыми және әлеуметтік сипаттағы мәтiндердегi оқиғалардың себептерi мен салдарын
лингвистикалық сипаттайды және талдайды;
7) негізделген ақпаратты (мәліметтерді)
пайдалана отырып, қазіргі заманғы
проблемалардың ықтимал шешімдерін
шет тілінде айта алады;
8) осы деңгейдегі жеткілікті негізделген тілдік құралдармен тілдік материалдарды дәлелді
қолданады; 75% қатесіз сөйлеумен қатар, рұқсат етілген қателерді дер кезінде және өз
бетінше түзетеді;
9) коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын иеленіп, тілдік тақырыптар
шеңберінде және сөздерді грамматикалық дұрыс құрастыру арқылы,
лексикалық
жеткіліктіліктілікке сүйене отырып, дұрыс интонациямен сөйлей алады.
Достарыңызбен бөлісу: