Жедел іріңді периодонтиттің клиникасы экссудациялық (жалқықтық) кезеңнің патологиялық анатомиясынан күрделі өзгерістерді көруге болады. Қабыну ошағының тіндерінде ацидоз туындап, олар ісінеді, қан тамыр қабырғаларының өткізгіштігі артып, қанның жасушалық элементтері сыртқа шығады, тіндердің ыдырауынан ұсақ іріңдіктер қалыптасады. Периодонт саңылауында жинақталған жалқықтың қысымынан ауырусыну сезімі пайда болып, тіс қозғалмалы бола бастайды. Кейін лизосомалық ферменттер түзілуінен остеокласт жасушаларының қызметі артып, мононуклеарлық лимфациттердің және макрофагтардың саны көбейеді. Осының нәтижесінде тіс түбірінің цементі және периодонт тіндері ыдырап, сүйектің микроқұрылымы бұзылады. Периодонтиттің экссудативті кезеңінде қабыну процесінің патоморфологиялық көрнісі айқындалып, инфекциялық ошақта ұсақ абсцестер қалыптасады.

Объективті: бет көрінісі шаршаған (тіске тигізгенде ауру сезімінен қорқу). Тіс айналасындағы қызыл иек ісінген және біраз қызарған, альвеолярлы өсінді тегістелген, жақайналасындағы тін қалыпты немесе сәл ісінген. Шеткері лимфатүйіндері ұлғайған және сәл аурушаң. Тіс солқылдап үнемі ауырады. Ауырсыну сезімі тек тік перкуссиядан ғана емес, сондай-ақ көлденең бағытта перкуссиялағанда да үдей түседі. Тістің патологиялық қозғалысы артады. Жедел периодонтиттің рентгенологиялық көрнісінен тіс түбір аймағында патологиялық өзгерістер байқалмайды. Кейде жалқықтың жинақталуынан периодонт саңылауы кеңеюі мүмкін. Қанында лейкоцитоз анықталады сегметядерлі және таяқшаядерлі нейтрофильдердің СОЭ біраз ұлғайған (20-30 мм 1 сағатта). Эритроциттердің максимальді резистентілігі 0,30 дейін жоғарлайды қалпында максимальді резистентілгі (0,36). Дене температурасы әдетте жоғарламайды, бірақ кейде субфебрильді болады. Дене температурасының дәрежесі және қан құрамы науқастың индивидуальді жағдайын байланысты.