Бет жақсүйек аймағының жедел одонтогенді қабыну аурулары



бет8/12
Дата07.02.2022
өлшемі445,43 Kb.
#88089
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Созылмалы периодонтит

  • Әдетте олар түбір өзегінен үздіксіз және ұзақ периодонтты микрофлорамен инфицирлендіргенде дамиды. Кейде созылмалы периодонтит жедел периодонтиттің нәтижесінде дамиды. Қоздырғышы стрептококктар, көбінесе стафилококк, кейде – әртүрлі аралас флора.
  • Егер жедел периодонтит уақытылы емделмесе немесе жүргізілген ем нәтиже бермесе, қабыну процесі әрі қарай жалғасып, созылмалы ағымына ауысады. Қабыну процесінің ағымына, патологиялық анатомиясына қарай созылмалы периодонтит белсенді және тұрақталған түрлеріне бөлінеді. Созылмалы периодонтиттің белсенді түрі грануляциялық тіндердің, жыланкөздердің, гранулеманың, жақсүйектері айналасының жұмсақ тіндерінде іріңдіктердің қалыптасуымен сипатталады. Периодонтиттің тұрақталған түрінде тіс түбір айналасының тіндерінде фиброзды өзгерістері басым өтеді.
  • Созылмалы фиброзды периодонтит созылмалы периодонтиттің бұл түрінде айқын клиникалық белгілері байқалмауы мүмкін. Науқастың ауруы анамнезінен себепші тістің бұрын ауырғандығын немесе емделіп тісіне бітек салынғанын немесе тістің мүлдем емделмегенін анықтап білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет