Созылмалы гранулемалы периодонтит - периодонтиттің бұл түрінде тіс түбір ұшы аймағындағы инфекциялық ошақ және грануляциялық тіндер дәнекер тінді қабпен қоршалуына байланысты қабыну процесінің таралуына мүмкіндік болмайды. Әдетте науқастардың шағымы жоқ. Ауру анамнезінен себепші тістің ертеде жиі ауырғандығы кейінгі кездері сирек болса да тіс науқасты мазалайтындығы анықталады.

Объективті ауыз қуысын тексергенде, «себепші» тістің сауыты толық немесе жартылай бұзылғанын, немесе емделгеннен кейін бітек қойылғанын көруге болады. Тістің айналасындағы жұмсақ тіндерден нақтылы патологиялық өзгерістер байқалмайды. Кейде тіс түбір ұшы деңгейінен жыланкөзін көруге болады, өзегінен аздап ірің бөлінуі мұмкін. Нақтылы диагнозы рентгенологиялық зерттеу нәтижесіне сүйеніп қойылады. Рентгенологиялық көрінісінен тіс түбір аймағынан өлшемі әркелкі, шеттері айқын, дөңгелек немесе сопақ пішінді сүйектің деструкциялық өзгерістерін көруге болады. Деструкциялық өзгерістің өлшемі орта шамамен 0,5 см, айналасындағы компактілі сүйек табақшасы бұзылған