Периодонтиттің созылмалы түрлерінің ажыратпалы диагностикасы.
Периодонтиттің созылмалы түрлерімен созылмалы гангренозды пульпитпен жалпы белгілері бар: тіс жегі қуысының болуы, тіс қуысымен жалғасады, және тіс қуысын беткей сүңгілегенде ауру сезімінің болмауы.
Ажыратпалы белгілері: созылмалы гангренозды пульпитте тіс қуысынің түбін және оның түбірлерін сүгілегенде ауырады; температуралық тітіркендірілулер баяу өтетін ауру реакциясын шақырады; ұлпаның ЭОД 60-80 мкА дейін төмендеген. Периодонтиттің созылмалы түрлерінде тіс қуысын бүкіл тереңдігі бойымен және түбір өзегін сүңгілеу ауру сезімін тудырмайды, температуралық тітіркендірулер ауру реакциясын шақырмайды. Кейбір жағдайларда жыланкөздер болады.
ЭОД ауру сезімі 200 мкА пайда болады. Рентгенологиялық зерттеуде периодонтиттің созылмалы түрлерінің көрініс сипатты.