«Одонтогенді қабыну ауру» термині жинақты болып келеді. Ол аурудың клиникалық жағынан айқын көрсетілген бір топ ауруды қосады (периодонтит, периостит, остеомиелит, абсцесс және флегмона, лимфаденит, одонтогенді гайморит), оларды одонтогенді инфекциялы процесстің әртүрлі динамикада өтетін ауру деп санауға болады. Периодонтит деп периодонттың инфекциялы-қабыну процессі деп санауға болады. Жедел периодонтиттің бастапқы кезеңдерінде периодонттың ісінуімен, қызаруымен және сірлі экссудациямен сипатталады, олар кейіннен іріңді түрге ауысады. Периодонттың лейкоцитарлы инфильтрация ортасындағы аймақта іріңдеп еріген өліеттенген тін ошақтары кездеседі. Кейіннен осындай аймақтардың айналасында грануляциялық тін білікшесі түзіледі, өйткені микроабсцесс түзіледі.