Беттің -ші беті Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Дәріс 8 Проекцияларды түрлендіру тәсілдері



бет7/21
Дата12.10.2020
өлшемі289,5 Kb.
#68285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Дәріс 8 Проекцияларды түрлендіру тәсілдері
Дәрістің мазмұны

1. Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілі

2. Кескінделетін заттың проекция жазықтығына параллель бағытта орнын ауыстыру тәсілі

3. Бұру тәсілі


Егер геометриялық фигуралар проекция жазықтығына қарағанда ерекше жағдайда (жалпы жағдайда емес) орналасса, онда олар туралы есептерді шешу едәуір жеңілдейді. Бірақ техникалық практикада проекцияланатын объектіні ерекше жағдайда орналастыру әрдайым мүмкін бола бермейді. Сондықтан кейбір есептерді шешу үшін бізге қолайсыз болып табылатын жалпы жағдайдағы элементтерді ерекше жағдайға орын аустырып, олардың проекцияларын түрлендіруге тура келеді. Проекицяларды түрлендіру төмендегі екі тәсілмен орындалады.

Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілі

Мұнда кескінделетін объектіні кеңістікте берілген күйінде өзгертпей қалдырады да, проекция жазықтықтарының біреуін немесе екеуін де бізге қолайлы болып табылатын басқа жазықтықтармен алмастырып, объектінің проекцияларын қайта құрады.



Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілінің негіздері

Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілінің негізі және Н жазықтықтарының біреуі жаңадан алынған проекция жазықтығымен алмасатындығында. Жаңадан алынған проекция жазықтығы алмастырылмай қалған проекция жазықтығына перпендикуляр етіп құрылады.



Бұру тәсілі

Мұндай берілген проекция жазықтықтарының системасы өзгертілмей қалдырылады, ал берілген объектіні кеністікте тандап алынған осьтер төңірегінде бұру арқылы бір орынан екінші орынға ауыстырады, яғни бізге керек болып отырған түзулер мен жазықтықтар жалпы жағдайдан ерекше жағдайға келтіріледі. Бұдан соң олардың проекциялары қайта құрылады.


Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

1. Проекцияларды түрлендіру тәсілдерін атап өтініз ?

2. Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілі деген не?

3. Проекция жазықтығына параллель бағытта орнын ауыстыру тәсілі

деген не?

Ұсынылатын әдебиет:

1. Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия есептері.– Алматы.: 1995, 272 б.

2. Акпанбетов Ғ. Сызба геометрия.- Алматы, 150 б.

3. Начертательная геометрия. / Под ред. Крылова Н.Н.-М.:1990, 240 с.

4. Левицкий В.С. Машиностроительное черчение. – М.: 1988.- 351 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет